2 Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болғанынан бастап ел экономикасына шетелдік инвестициялар тартуға қолайлы жағдайлар жасауда. 1993 жылғы “Шеврон” корпарациясының келуі мен онымен Теңіз орналасымында келісімге келу өзге трансұлттық корпорацияларға өзіндік белгі болды. Бұл кезеңнен бастап қазақ нарығының мұнай-газ саласына инвесторлардың келуі басталды, әлемнің “Эксон мобил”, “Шелл”, “Эни”, “Шеврон Тексако”, “Тоталь”, “Бритиш петролеум” “Лукойл”, “Китайская национальная нефтяная корпорация” сияқты ірі мұнай компаниялары өздерінің инвестицияларын тарта бастады.
Бұл жылдары өнеркәсіптің дамуында шикізаттық сәйкессіздіктер бекітіле бастады. Өнеркәсіп өндіретін жоғары және тез өсімді капитал сиымдылығы құралдардың жетіспеушілігі жағдайында оның өмір сүру қабілеттілігін қолдау қажеттілігі шикізат салаларының пайдасына капитал салымдарының ары қарайғы құрылымдық өзгеруіне алып келді. Шешуші өлшемде инвестициялық құлдыраудың тереңдігі 1996 жылы кейінгі 1999 жылы 18,5%-ке төмендеген инвестициялық сұраныстың 40% ғана қаржыландырған мемлекеттік сектордағы кәсіпорындардың төмен инвестициялық белсенділігімен анықталды.
Мемлекеттік емес секторлар үлесі керісінше жылдан жылға көбейді. Дегенмен, экономикалық дағдарысты жеңу мәселесінде, сонымен бірге ұлт экономикасының ірі құрылымдық кәсіпорындарын қаржыландырудың тұрақсыз жағдайын ескере Қазақстанның инвестициялық стратегиясы шетелдік капиталдарды тартудың үлкен бағытында дами бастады.
Экономика құрылымының өзгеруі, оның құрылымдық қайта қалыптасу қажеттілігі, көптеген өндірістердің шамадан тыс ұлғайтылған монополизациясы олардың мобильділігін, шығарылушы өнім сапасына, өндіріс нәтижелілігі мен оның рентабельділігіне кері әсер етуде болды.
Ішкі инвестициялық ресурстарды бірден қысқарту кәсіпорындарға толық инвестициялық әрекетпен айналысуға мүмкіндік бермеді. Сонымен қатар, өңдеуші секторлардағы инвестициялардың деңгейі жеткіліксіз күйінде қалып отырды. Және инвестордың (шетелдік сияқты отандық та) инвестициялық мақсаттары мен экономиканың шынайы қажеттілігінің арасында сәйкессіздік байқалды. Кәсіпорындарда бос қаржылық орындардың болуы жағдайында олар аралық өндіріс талаптарын шешуге бағытталып отырды. Коммерциялық банктер бірқатар себептер бойынша шынайы сектордың әлі де негізгі инвесторлары бола алмады.
Инвестициялық әрекет ісінің жоғарылауының белгілері 1998 жылдың аяғында көріне бастады. 1999 жылдың төртінші ширегінен бастап инвестиция тарту өсімінің қарқыны ел экономикасы өсуінің басты факторы ретінде танылды.
2001 жылы тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) көлемі өзінің рекордтық деңгейіне 1,4 трлн. долл. қол жеткізді. 2002 жылы өткен жылмен салыстырғанда 9% төмендеп кетеді. Істің мұндай жағдайының негізгі себебі болып барлық елдер басынан кешірген даму үстінде болған әлемдік экономикалық дағдарыс табылды. Егер АҚШ пен Ұлыбританияда экономикалық өсу қарқынының төмендеуінің циклдік сипаты көрінсе, ЕО көптеген елдері мен Жапония әлемдік экономикада капитал қозғалысын тұтас тежеген тұрақты өсімнің траекториясына шыға алмады. Бұған қарамастан Қазақстан бұрынғыдай субаймақта ТШИ-дің ірі алушысы болып қала берді.
Қазақстан экономикасында ТШИ-дің қайта өсімі 2003 жылы басталды. Негізгі реципиент-елдер аралығындағы қатал бәсекеге қарамастан өз экономикасына инвестициялық ресурстарды тартуда Қазақстан соңғы кезеңге дейін бұл бәсеке күресінде шетелдік инвестиция көлемін тарта отырып Ресейден кейінгі биік орында болды.
Бұл белгілі бір дәрежеде көптеген ТМД елдерінің, оның ішінде Қазақстанның дамуында күрделі кезең болды: әлемдік нарық туғызған қолайлы коньюктура арқасында салыстырмалы экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді. Инфляция мен жұмыссыздықтың салыстырмалы өлшемдегі деңгейі жағдайында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсімін көрсетті: ЖІӨ, негізгі капиталға арналған инвестициялар, сыртқы сауда айналымы, т.б.
Соңғы жылдар ағымында негізгі капиталға арналған инвестициялардың өсу қарқыны ТМД елдерінің көбінде олардың ЖІӨ өсу қарқынынан озып отырды. Осыған ұқсас тенденция ЖІӨ өсу қарқынынан негізгі капиталға арналған инвестицияның тұрақты өсу қарқыны көрінген Қазақстанда да байқалды. Сонымен, 2000ж. ЖІӨ өсу қарқыны 109,8% құрады, ал инвестиция - 148,5%, 2002 жылы – 109,8% және 111%, 2003 жылы - 109,2% және 111%, 2004 жылы - 9,4% және 110,6% болды. Сонымен қатар, ұлттық экономикадағы ішкі қаржыландыру көздеріне оң тенденция байқалды. 1998-2005 жж. негізгі капиталға инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көзі болып 2005 жылы негізгі капиталдағы инвестицияның жалпы көлемінен 65,2% құраған кәсіпорынның өзіндік құралдары танылды. 2005ж. 22,6% құраған шетелдік инвестициялардан отандық кәсіпорындардың үлкен тәуелділігін көрсететін шетелдік инвестициялар үлесі маңызды болып қалды.
Кесте 5- Қаржыландыру көзіне байланысты негізгі капиталға салынған инвестициялар
(%)
|
1998
|
1999
|
2000
|
2001
|
2002
|
2003
|
2004
|
2005
|
Негізгі капиталға салынған инвестициялар-барлығы
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
Соның ішінде қаржыландыруға байланысты:
|
республикалық бюджеттен
|
8,1
|
4,8
|
2,0
|
2,9
|
3,9
|
4,4
|
7,7
|
9,2
|
жергілікті бюджеттен
|
1,5
|
2,2
|
4,3
|
5,1
|
5,1
|
5,1
|
4,7
|
3,0
|
өнеркәсіптің өз қаржысынан
|
66,8
|
63,1
|
68,8
|
63,0
|
62,9
|
62,2
|
65,9
|
65,2
|
шетел инвестицияларынан
|
23,6
|
29,9
|
24,9
|
29,0
|
28,1
|
28,3
|
21,7
|
22,6
|
Дереккөз: ҚР Статистика агенттігі
Ұлттық экономика тұрақтылығында көрініс беретін қолайлы инвестициялық орта Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тартудың негізгі факторы болды. Бұл жерде мемлекеттің барлық деңгейлердегі шаруашылық әрекеттерге арналған құқықтық кеңістіктің транспаренттілігімен қамтасыз етудегі саясаты, капитал салымдары тәуекелін төмендету, инвесторлар құқығын қорғау саясаты елеулі рөл ойнады. Бұлардың тұтас жиынтығы әлемдегі бірден бір қолайлы инвестициялық климатты қалыптастырды. Қазақстан шетелдік инвестицияларды тарту көлемі бойынша ТМД мемлекеттері ішінде даусыз лидер болды. 1993-2005 жж. ішінде республика экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар 34 млрд. АҚШ долл. аса сомада тартылған, оның ішінде 2005-2005 жылдар аралығында - 24.5 млрд. долл.
Жыл сайынғы тікелей шетелдік инвестицияның жиынтық көлемі ЖІӨ-нен орта деңгейде 8% сақталды. Республикадағы инвестициялық климаттың жылынуы арқасында жаңадан барлық мемлекеттер Қазақстан үшін несиелік жолдарды ашуда.
Әлемдегі ТШИ түсімінің өзгеру динамикасы 1995-2003 жж. елдер топтамасы бойынша және Қазақстандағы көрсеткіші 9,10 кестеде көрсетілген.
Дегенмен, Қазақстанның шетелдік инвестицияларды тартудағы көшбасшылық бағытына қарамастан қолда бар түсімнің экономиканың негізгі салаларын дамытуда жеткіліксіз болатыны анық. Егер Қазақстан мен Ресейге тартылатын шетелдік инвестициялардың жалпы көлемін салыстырсақ, онда Қазақстан экономикасына қарағанда ресейлік экономикаға тартылған шетелдік инвестициялардың абсолютті көлемі көп болған. Бірақ, Ресейдің ЖІӨ көлемі Қазақстанның ЖІӨ-нен 10 есе көп деуге болатынын ескерсек, онда Қазақстан өз экономикасына қатыстылықта инвестицияның жоғары көлемін тартып отырған.
Кесте 6- Әлемдегі шетел инвестицияларын тартудың деңгейінің өзгеруі, елдер топтамасына байланысты және Қазақстанда
1999-2005 ж.ж, %
Аймақ/ ел
|
1999
|
2000
|
2001
|
2002
|
2003
|
2004
|
2005
|
Бүкіл әлем
Дамыған елдер
Дамушы елдер
ОртаАзия
Қазақстан
ОШЕ
Ресей
|
100
100
100
100
100
100
100
|
116,4
106,9
136,5
156,5
170,1
95,0
127,9
|
144,1
130,3
170,7
232,3
214,1
134,0
241,3
|
181,1
229,7
173,4
182,1
125,3
170,4
137,0
|
327,5
402,7
207,3
151,7
188,2
185,9
164,1
|
418,3
538,7
225,6
114,2
282,6
192,8
134,6
|
168,6
178,2
153,8
367,0
476,5
147,0
56,7
|
Дереккөз: «World Investment report. Gross-brder mergers and Development»- Un, NY and Geneva, 2003.p.283-287; «World Investment report. FDI Policies for Development National and International Perspectives».- Un, NY and Geneva, 2006.p.249-252, ҚР төлем балансы.
Сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстан соңғы жылдары Орталық Азия елдерінің тартатын барлық шетелдік инвестициясының 80% аса бөлігін алады. Әлемдік банк Қазақстанды әлемнің шетелдік инвестицияның көптеген бөлігін тартатын алғашқы 20 ел қатарына қосады. Қазақстан Шығыс Еуропа мен ТМД елдері аралығында жалпы халық санына бөлінген инвестиция көлемі бойынша Венгриядан соңғы бесінші орынды алады. Осылайша, Қазақстан әлемнің жылына орташа 1млрд. долл. инвестиция алатын 50 ел (200ден дерлік) санатында бекіді.
Кесте 7- Шетел инвестицияларыныңТМД елдеріндегі
жан басына шаққандағы нетто - түсімі
1 қаңтар2006г.,млн. долл.
Қыргыз-
стан
|
Украина
|
Беларусь
|
Молдова
|
Ресей
|
Арме-ния
|
Әзірбайжан
|
Қазақстан
|
89,1
|
101,4
|
160,8
|
164,8
|
169,5
|
228,5
|
661
|
5000
|
Достарыңызбен бөлісу: |