Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «9-сынып оқушыларына функционалды стильдерді игеруде тілдік портфельді ұтымды пайдалану жолдары» 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


жеке, функционалды-стилистикалық нормаға



Pdf көрінісі
бет15/44
Дата11.04.2022
өлшемі1,15 Mb.
#138810
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44
Байланысты:
Ғымынбек Ғ дипломдық жұмыс (1)

жеке, функционалды-стилистикалық нормаға 
ажыратылады. 
Жалпы 
норма 
тұтастай әдеби тілге тән, оның барлық функционалды-стильдік 
тармақтарына ортақ. Ол стильдерді, стилішілік тармақтарды бір бүтін әдеби 
тіл жүйесіне біріктіреді. 
Жалпы норма тілдік деңгейлердің барлық қабатын тұтастай қамтиды. 
Мысалы, морфологияны тұтастай, сөзжасамның көптеген үлгілерін, 


23 
сөйлемнің негізгі құрылымдық кестелерін, лексикадағы стилистикалық 
бейтарап сөздерді қамтиды. 
Жеке норма, 
негізінен, стилистикалық бояуға ие тілдік құралдарды 
қамтиды.Стилистикалық 
нормада 
жалпыға 
ортақ 
міндеттілік, 
шекараларының айқын болуы жалпы нормадағыдай емес, аздау мөлшерде 
болады. Әр функционалды стильдің нормасы әр түрлі болып келеді. Біреуіне 
тән норма екіншісіне тән болмайды, не аз мөлшерде деректі болады. 
Мысалы, ғылыми стиль мен ауызекі тұрмыстық сөйлеу стилінің нормалары 
бір-біріне қарама-қарсы, ал ғылыми стиль мен ресми стильдің нормалары 
бір-біріне жақындау болады. 
Әр стильдің нормасына қысқаша сипаттама берейік. 
Ғылыми стильде 
сөйлемнің синтаксистік құрылымы толық, сөйлемдер 
шұбалаңқы, ұзын болады. Сөйлемдегі сөздердің орны логикалық қатаң 
тәртіпке бағынады. Мағынасы жалпылама – дерексіз сөздер басым 
қолданылады. Ғылыми стильдің дайындалу, көріну жағдайы да ерекшелікке 
ие: ол алдын-ала мұқият дайындалады және мұнда қарым-қатынас тікелей 
емес, жанама түрде орнатылады, көп жағдайда жазбаша көрініс табады. 
Ресми стильдің 
ғылыми стильге синтаксистік деңгейде біршама ұқсас 
жақтары бар (сөйлемдер ұзын, орын тәртібі тұрақты, бір мағыналы сөздер 
қолданылады), алайда одан мәнді айырмашылықтарға ие болып келеді. 
Сөйлемдер дайын үлгіге құрылып, бір қалыптан шыққандай, тілдік 
құралдары да шектеулі болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет