Зерттеудің негізгі кезеңдері. Бірінші кезең: зерттеу проблемасы бойынша материалдар жиналып, жүйеге келтірілді, мектеп құжаттары зерделенді, рухани-адамгершілік құндылықтар тәрбиесіне байланысты педагогикалық, психологиялық тәжірибелер жинақталып, сараланды.
Екінші кезең: оқу жоспарлары, бағдарламалар, оқу пәндері және әдістемелік әдебиеттер талданып, рухани–адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға арналған оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді түрлері айқындалды, қажетті дидактикалық тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар жасалды.
Үшінші кезең: рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға байланысты экперимент жұмыстары бойынша педагогикалық ой-пікірлер жүйеге келтірілді, әдістеменің тиімділігі тексеріліп, нәтижелері дипломдық жұмыстың мазмұнына енгізілді және тұжырымдар жасалынып, қорытындыланды.
Зерттеу базасы: Эксперимент Ақтөбе қаласындағы №33 мектепке өткізілді. Экспериментке 56 оқушы, оның ішінде 28 эксперимент тобында, 28 бақылау тобында өтті.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық пәні:
Білім беру үрдісінде рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындадық.
«Рухани-адамгершілік құндылықтар», ұғымдарының мәні мен мазмұны анықталды.
Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың теориялық моделі жасалды.
Қазіргі кезеңде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың тиімділігін тәжірибе жүзінде зерттедік.
Зерттеудің практикалық мәні:
Жоғары класс оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру тиімділігі тәжірибие-эксперимент жұмысында сынақтан өтті.
«Өмір тәжірибесі туралы ойлау» тесті алынды;
«Мақал-мәтел» тест әдістемесі өткізілді;
Зерттеу нәтежелерін жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие процесінде пайдалануға болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, ғылыми әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты, мақсаты, объектісі, пәні, міндеті, болжамы, әдіснамалық негіздері, зерттеудің кезеңдері, зерттеудің ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі, зерттеу базасы қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |