Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «Қазіргі кезеңде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру»


Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру моделі



бет7/13
Дата17.04.2023
өлшемі318,37 Kb.
#174679
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
адамгершилик
КеңесбаевТБН, дана мерей, Мінездеме1
Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру моделі

Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру

мақсаты





Өзінің қадір-қасиетін сақтау, адал болу, ержүрек болу, өзін-өзі бірқалыпты ұстау, ұқыптылық, сергектік, көрегендік, тән және жан сұлулыңғын қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіну



Принциптері, қағидалары





ҚР «Білім туралы» заңы, ҚР Конституциясы, ҚР «Қазақстан - 2030» даму стратегиясы, «Этномәдени» білім беру тұжырымдамасы

Нормативтік негіздері







Мазмұны

Құндылықтар жүйесі

Жалпыадамзаттық


Ұлттық

Рухани-адамгершілік

Әлеуметтік-мәдени



Оқу үрдісінде

Сыныптан тыс жұмыстар

Отбасындағы құндылықтар




әдеп

«Бабалар өсиеті ұрпаққа мұра»

Тыйым сөздер




әдебиет

«Атамекен» бағдарламасы, «Шежіре көне дәуірдің көзі»

Мақал-мәтелдер




Тарих

«Мың бір мақал», «Мүшел жас»

әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер




Тәрбие сағаты

«Үлкеннен – ұлағат, кішіден - ілтипат»

Отбасы тәрбиесі




Ранжирлеу әдісі, тест, сауалнама, тренинг, бақылау, әңгіме т.б.



әдістері



Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, таным-наным және т.б.

құралдары





- орталықтар жұмысы - ата салты, әке өнегесі арқылы
- ұлттық мейрамдар - ана жолы
- халықтық мейрамдар - жігіт салты, қыз-келін ибасы т.б.

Түрлері, формалары





Рухани-адамгершілік құндылықтары қалыптасқан адам

Нәтижесі

Осы модельдің өмірдегі жүзеге асыру жолдарын анықтағанда, біз оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде қалыптастыруда педагогикалық эксперимент жүйесін жасаудың маңызын алғышарт ретінде қарастырдық. Бұл төмендегідей өлшемдер, көрсіткіштер мен деңгейлер бірлігін құрайды:



  • Эмоциялық-сезімдер қасиеттері – оқушылардың дағдыларын рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде қалыптастыруда басты орын алатын қажеттілік, қызығушылық, сезім, белсенділік сияқты қасиеттердің маңыздылығын, адам өміріндегі орнын түсіну;

  • өзіндік санасы – оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда саналы көзқарастық қатынасының болуы, рухани адамгершілікке тәрбиелеуде әлеуметтік ортаның маңызын білуі;

  • сенім мұраттары – оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда ұлттық құндылықтарға баға бере отырып, адамгершілік қасиеттердегі құндылықтардың мүмкіндіктерін бағалайды;

  • іс-әрекетінің сипаты – оқушылардың рухани адамгершілік құндылықтар негізінде қалыптасқан Адами мүмкіндігі айқындалады.

Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде оқушылардың рухани адамгершілік құндылықтар негізінде қалыптасу деңгейлерін анықтадық.
Нәтижесінде доғары деңгейде-рухани адамгершілік құндылықтардың мәнін жете меңгерген (өзіндік сана сенім мұраттары, эмоциялық сезімдері) қалыптасқан, өмір сүру жолдарын түсінетін, оны өмірдегі іс-әрекетте қолдана алатындығын көрсетсе, жеткілікті деңгейде рухани-адамгершілік құндылықтардың мәні, мағынасы бар деп ескермейді, адамгершілік құндылықтарды білгенме,н күнделікті өмірде сақтамайтындығын көрсетті. Ал төмен деңгейде – рухани адамгершілік құндылықтың мәні туралы ұғымы аз, адамгершілік құндылықтарды ескермейді, оны өзіне жасалуға тиісті тәрбие ретінде қабылдамайтындығын көрсетті.

1.3. Рухани адамгершілік құндылықтардың негізгі шарттары


Рухани адамгершілік тәрбиесінің падагогикалық шарттары оқушылардың рухани байлығы мен әлеуметтік ахуалын қамтиды. Мұны мектепте, отбасында оқушының ақыл-ойы, жүріс-тұрысы мен мінез-құлқына әсер ететін, оның бойындағы қабілеттерін дамытуға мүмкіндік туғызатын шынайы жағдайлар деуге болады. Яғни, туындаған жағдай жағымды болса, оның әсері де пайдалы әрі тиімді, жағымсыз болса, ол қауіп-қатер тудыруы мүмкін. Сондықтан мектеп рухани-адамгершілікті қасиет-құндылықты тәрбие беру барысында мұғалімдердің ата-аналардың ықпалын арттыратын мынадай педагогикалық шарттарды белгілеп алуы тиіс: мотивациялық-мақсаттылық ғылыми-әдістемелік, әлеуметтік, тұлғалық, интеллектуалды-эмоциялық, танымдық-шығармашылық, ақпараттық.
Бұл үшін, біріншіден, мұғалім рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі алдына қоятын мақсаттты анықтап алмағы мәлім. Педагогика ғылымының жүздеген жылдардан бергі тәжірибесіне сүйенсек, баланы рухани-адамгершілікті болуға тәрбиелеу өте қиын үрдіс. Себебі, қазіргі таңда рухани-адамгершілік қасиеттердің құндылығы төмендеп, озбырлық, арсыздық, ұятсыздық, көргенсіздік, мейірімсіздік, қатыгездік және т.б. белең алып, осындай мінезі бар адамдардың жағдайы керісінше ұяты ары бар адамдарға қарағанда тәуір секілді болып көрінеді. Бірақ сырттан қарағанда, олардың жағдайы жақсы болғанмен, әлемді ұстап тұрған жақсылық пен жақсы адамдардың арқасында екенін олар іштей мойындайды.
Адамның адамгершілік түйсігі – оның эмоциялық танымы мен мінезіне де байланысты болатын күрделі құбылыс. Адамгершілік қасиеттер басқа да қоғамдық таным түрлерімен байланысты болады. Ол, әсіресе, құқықпен тығыз байланысты. Рухани-адамгершілік тәрбиесі оқушылардың өзін-өзі дұрыс ұстауын қамтамасыз етеді. Яғни, қазіргі рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру мақсатында түрлі педагогикалық теориялар мен шарттар қалыптасып отыр.
Рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің екінші шарты біртұтас педагогикалық үрдіс ретінде танымдық, жастық қарым-қатынасқа қарай, нормаларға сай жүзеге асырылуы керек. Өйткені адамның танымындағы тұлғаның ар-ожданы, сезімі, жігері, дағдысы, әдеті, қоғамдық бағалы мінезінің қалыптасуы біртұтас педагогикалық үрдістің нәтижесі болып табылады.
Рухани-адамгершілік тәрбиесінің үшінші шарты: эмоциялық сезімдер, уайым, шынайы адамгершілік қатынастар мен олардың бір-бірімен байланысы және барлық адамгершілік сезімдердің тұтас түсінігі. Рухани-адамгершілік нормалары баланың сезімдік қабылдауының субьектілік ынтасына байланысты қалыптасады. Ал адамдық сезім рухани-адамгершіліктің қалыптасуына әсер ететін жүйелік бастау болып саналады. Демек, рухани-адамгершілік қасиеттер адамгершілік мағынаға, мәнге ие және бұл ұғым адамгершілік шарттарына бағынышты болады.
Педагогтің балалардың субьективті адамгершілік ауанын көрсететін адамдық әлемін білуі – төртінші шарт. Осының барлығы рухани-адамгершілік тәрбиені түсінуге көмектеседі. Сыртқы және ішкі қарама-қайшылықты игеру адамдық қасиетті тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді. Педагогикалық үрдістегі рухани-адамгершілік тәрбиенің бала өміріндегі қарама-қайшылықтарды, сұрақтарды, мәселелерді шешуде маңызы зор.
Рухани-адамгершілік тәрбиесінің нәтижесі – бесінші шарты. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттері мен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Рухани-адамгершілік тәрбие – дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары. Бұл ұжымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады.
Алтыншыдан, рухани-адамгершілік тәрбие жөнінде сөз еткенде баланың ерік-жігеріне, өзін-өзі бақылаушы жүйенің болуына да мән беріледі. Ол оның белсенді өмірінде, сөз бен іс бірлігінде, өмірдің қиын тұстарында өз тұжырымына адал қалуына әсер етеді.
Жетіншіден, рухани-адамгершілік тәрбиесінде баланың өзін-өзі тәрбиелеуі мен өзіндік іс-әрекеті болса, онда ол жақсы көмек.
Мектептегі ұжымдағы отбасындағы рухани-адамгершілік тәрбие баланың Отанға деген махаббатын, еңбекке деген қызығушылығын т.б. нәрселерге қатынасын қалыптастырады. Оның нәтижесі жеке тұлғалылық адамға деген көңіл бөлушілік өзіне деген талаптылықтан көрінеді.
Рухани-адамгершілік тәрбиедегі педагогикалық шарттардың және бірі – кешенділік. Бұл педагогикалық үрдісте оқушының дүниетанымымен, мінез-құлығының бағалы негіздерімен оқуға, еңбекке, табиғатқа, өз-өзіне, басқа адамдарға қатынасымен байланысты жүргізілетін рухани тәрбиелік шарт.
Әрбір мұғалім жасөспірім тәрбиесінде рухани-адамгершілік тәрбиені меңгертіп отыруы тиіс. Демек, шәкірттеріне әлем туралы ғылыми таным тәсілін меңгертіп, шығармашылыққа баулуы қажет. Бұл туралы француз жазушысы әрі ойшылы Антуан да Сент-Экзюпери "Әлемде сезімін оятуға ешкім жәрдемдеспеген көп адам бар. Адамның адамгершілік негізін ояту өмірдегі ең тандаулы қасиеттерді келтіру, ең алдымен, мұғалімдерге жүктеледі. Мұның өзі – үлкен тәрбиелік мәселе",- деп бекер айтпаған. [15, 56б.]
Рухани адамгершілік құндылығы дамыған тұлға қалыптастыру бағыттарының мазмұнын сипаттайтын болсақ, ол негізгі алты бағытты қамтиды:
1. Танымдық бағыт – таным мәдениеті, интеллект, білімнің біртұтастылығы, жеке тұлғаның дүниетанымы, ойлау мәдениеті, өзін-өзі жетілдіру, ой-өрісінің кеңдігі, шығармашылық іске бейімділігі, сындарды ойлай білу, білгірлік таныту, сананы жетілдіру, баға беру қабілеттерінен құрылады. Танымдық бағыттың негізгі мақсаты рухани құндылықтар негізінде әрбір тұлғаның жеке шығармашылық қабілеттерін дамыта тәрбиелеу.
2. Ал ұлттық бағыттың мақсаты – рухани құндылықтар негізінде адамзаттылыққа тәрбиелей отырып, өзінің жеке басқа елдердің дәстүрі, тілін, мәдениетін, дінін құрметтеуге, ұлттық келісімге баулу. Ол төмендегі құрамдас бөліктерден тұрады: ұлттық сана, патриотизм, ұлтжандылық, салт-дәстүр, әдет-ғұрып және т.б.
3. Әлемдік бағыттың мақсаты – жалпы адамзаттық рухани құндылықтар негізінде жоғары адамзаттық сезімі бар, отанын қорғауға дайын тұратын басқа адамдардың құқықтарын құрмет тұтатын жеке тұлға қалыптастыру. Бұл бағытқа адамзаттық, толеранттылық, адам құқықтары мен міндеттері, парыз, жауакершілік, белсендік өмірлік позиция, ұжымшылық және т.б. жатады.
4. Салауатты өмір салты бағытының мақсаты – рухани құндылықтар негізінде жеке тұлғаның өз денсаулығын нығайтуға және ол үшін жауапкершілік сезімін арттыруға қоғам мен оның мүшелерінің денсаулықтарын дамытуға үлес қосуға тәрбиелеу. Бағыт экологиялық мәдениет, жеке тұлға экологиясынан, санитарлық-гигиеналық нормалар, дәстүрлі емес жолмен сауығу, жағымсыз қылықтардан арылу, спорт, дене шынықтыру және т.б. компоненттерден тұрады.
5. Дүниетанымдық бағыт қоршаған ортаны ғылыми, діни танудан, қабылдаудан, түсінуден тұрады.
Аталған бағыттар бойынша рухани адамгершілік құндылықтарды дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін тәрбиелік іс-шараларды жүргіземіз. Рухани-адамгершілік құндылығы дамыған тұлға қалыптастыру үшін жүргізілетін іс-шаралар кешеннің тәрбиелік міндеттері төмендегідей:

  • тұлғаның рухани дүниетанымын қалыптастыру;

  • жалпыадамзаттық адамгершілік нормаларын игерту (адам өмірінің құндылығы, өмір мағынасы туралы көзқарастар, ананы құрметтеу, бейбітшілік, махаббат, адам құқығы және т.б.)

  • әртүрлі ұлттар мен халықтардың рухани және мәдени мұрасын игеру және оны дамытуға ұмтылу;

  • топта, ұжымда, рухани құндылықтары орта қалыптастыру;

  • тұлғаны белсенді түрде өзін-өзі жетілдіруге, білімін дамытуға, ізденіске тәрбиелеу;

  • жоғары класс оқушыларына рухани құныдықтың игеру іс-әрекетіне қатыстыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет