Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «Қазіргі кезеңде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру»


Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың бағыттары



бет8/13
Дата17.04.2023
өлшемі318,37 Kb.
#174679
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
адамгершилик
КеңесбаевТБН, дана мерей, Мінездеме1
Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың бағыттары



Танымдық бағыт
Таным мәдениеті, интеллект, білім, ақыл-ой мәдениеті, шығармашылық, сындарлы ойлау, сананы жетілдіру, ой-өрісінің кеңдігі





Әлемдік бағыт:
Азаматтық, толеранттылық, патриотизм, белсенді өмірлік позиция, ұжымшылдық, адам құқықтары және т.б.


Ұлттық бағыт:
Салт-дәстүрді, тілді, дінді, әдет-ғұрыпты құрметтеу, ұлттық сана, ұлтжандылық, елін-жерін сүю және т.б.





РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚ





Дүниетаным бағыты:
Ғылыми, білімдік дүниетаным, танымдық дүниені қабылдау, дүниені түсіну, әлемм туралы ойлану, ойтолғаныс және т.б.

Салауатты өмір салты:
Экологиялық мәдениет, спорт, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау, жағымсыз қылықтардан арылу, денешынықтыру т.б.


2 Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік-эксперимент нәтижелері
2.1 Жоғары класс оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру жолдары
Елімізде 12-жылдық білім беруге көшіруге жан-жақты даярлық, ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізу, мемлекет аралық бақылау алу сияқты кең ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Сонымен бірге, сыныптан тыс тәрбие жұмыстары да жетілдірілуде, әсіресе, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру іргелі мәселелердің біріне айналуда. Мектептегі жеткіншіктердің бойында рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру ғылыми-әдістемелік негізде жоспарланып жүргізілуі шарт.
Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың әдіс-тәсілдері ретінде жеке және әлеуметтік маңыздылықтарын ескеріп, оларды анықтау, салыстыру, жетілдіру, қорытындылап, мақсатын шешудің тиімді көздерін іздестіру үшін рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың оңтайлы жолын жетілдіруде педагогикалық диагностикалаудың мән-мағынасы үлкен.
Сондықтан біз педагогикалық диагностика мәселесіне қатысты пікірлер, бағыттар (Ю.К.Бабанский, В.П.Беспалько, В.И.Зверева, Н.В.Кузьмина, Н.Е.Щуркова, Ә.Нысанбаев, Д.Кішібеков, Ғ.Есім, Т.С.Садықов, Н.Д.Жанпейісова, Н.Д.Хмель, А.А.Бейсенбаева) мазмұнымен таныстық.
Психологиялық-педагогикалық диагностика дегеніміз – оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру мақсатында жеткіншектердің әлеуметтік-психологиялық сипатын зерделеуге, пайымдау жасауға, болжамдар арқылы оқу тәрбие жұмыстарының нәтижесін арттыруға бағытталған бағалаулардың жиынтығы. Тәрбие жұмыстарын қажетті мәліметтерді толық жинақтап, оларды талдап, тиісті қорытындылар, оңтайлы шешім шығару диагностикалық дүниеден бастау алу мәнділігімен сипатталынады. Педагогикалық диагностика тәрбие жұмыстарының тиімділіктерін арттыру мақсатында жүргізіліп қажет мәліметтері негізге алынды, мәселен: өзін-өзі тану барысында жеткіншіктердің өздерін дамытуларын ұйымдастыруға мүмкіндік беру, олардың танымдық қажеттігін алдын-ала байқау, болжау арқылы сынып ұжымындағы қарым-қатынастарына болжамдар жасау, балалардың мінездерін ерекшеліктерін зерделеу арқылы педагогикалық диагоностикалар жүргізу ұжымдағы өзара қарым-қатынасты класстағы жеткіншектердің даму деңгейін диагностикалау негізінде қажетті түзетулер енгізу қажетті жұмыстарды ұйымдастыру.
Әрбір тәрбиеші оқу ағарту жұмыстарын жүргізушілер диагностикалық әдістерді ұжымның ерекшеліктеріне қатысты лайықты таңдаулары қажет. Зерттеу жұмысымызда адамгершілік құндылығын қалыптастыру үрдісінің бағыттарын анықтау үшін М.И.Шилова жасаған диагностикалық бағдарлама мен тәрбиеліліктің деңгейлерін өлшеу әдістемесі қайта өңделіп, қарастырылады. Осы зерттеу жұмысының негізінде диагностиканы одан әрі жетілдіріп, адамгершілік құндылықты қалыптастырудың үлгілерін ойластырып, мақсатқа қатысты педагогикалық жағдайдың ықпалымен әсер етуді мақсатымызға айналдырдық.
Диагностикалауды өз деңгейінде жүргізу үшін бақылау, әңгемелесу, сауалнама, шығарма, саралау, социометрия, мониторинг амалдарын пайдаландық.
Мектептерде білім мен тәрбие алушы жеткіншіктердің рухани-адамгершілік құныдылықтарын қалыптастыруға бағытталған тәрбие беру үрдісінде деңгейлік үлгілердің тиімді жүзеге асырылуы үшін рефлексияның маңызды екендігін деңгейлерге диагностика жасау арқылы анықтадық.
Психологиялық-педагогикалық жұмыстарды зерделеу В.В.Краевский, В.Ф.Лефевр мен Ю.А.Шрейдердің викторинасы, О.С.Анисимовтың рефлексия деңгейін анықтауға арналған тәсілдік әдістемесі мәселені терең тиянақты игеруге мүмкіндік тудырады. Е.В.Ильиннің, А.О.Карповтың, В.В.Паномаревтің, Р.К.Төлеубекованың рефлексия деңгейіне диагностика мәселелерін кеңінен талдау, әсер ететін дүниені ескере отырып, сұрақ-жауап құрастырдық. Сонымен, рефлексия нәтижесін мынадай бағыттарға бағалауға болады: сынып оқушыларының және мұғаліммен өзара қарым-қатынастары оқушының қиындықтарды жеңіп шығуы, рухани адамгершілік құндылықтары жеке адамгершілік қасиеттері және өзінің мінез-құлқына қатысты түсіністігі, ұғынуы мен бағалануы.
Адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру үшін өзін-өзі айқындауда қабілет пен интеллект деңгейін өлшеу әдістемесінен алынған Дж.Равеннің Айзектің тест бойынша мақұлдауы арқылы алынған ақпараттар коэффициентін есептеу арқылы алынды, ол 0.3641-ге тең болды.
Әдістемені тұрақтылыққа, сенімділікке бағалау нәтижесі қайта құрылып келе жатқан тәжірибелік-эксперимент жұмыстарында оқушылардың рефлексия деңгейіне бағалау үшін пайдаланылады. Адамгершілік құндылықтары қызметіне қабілеттілік пен адамгершілік құндылықтар әрекеттерінің өзін-өзі басқаруға болатынын қарастырдық. А.Н.Леонтьев, К.К.Платонов, С.Л.Рубинштейн және т.б. ғалымдар зерттеді. Адамгершілік, жақсылық, батырлық, ерлік, қарапайымдылық, кішіпейілдік, әділдік, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, әдептілік, имандылық, инабаттылық – барлығы бірімен-бірі тығыз байланыста екендігін өмірлік тәжірибелер анықтап отыр. Сондықтан оқудағы, еңбектегі жетістіктерді талдаудың негізгі құралы адамгершілік құндылықтарының жеке ойлау түсінігінің динамикасы оқушылар санасында тиянақты орын алып, жан-жақты қалыптасуына жағдай туады.
Қорыта айтсақ, әрбір еліміздің азаматы болашақта жастарымызға адамгершілік қасиеттер жайлы сабақ үстінде ғана емес, сонымен қатар, сыныптан тыс жұмыстарда да жеткілікті деңгейде мәліметтер берсе, сол қасиеттерді игеруге негіз қаласа, бойларындағы адамгершілік қасиеттерін болашақта дамыта түсуге баулыса, ертеңгі күні ел тұтқасын ұстаған бүгінгі жас буын да адамгершілік қасиеттерді келесі ұрпаққа динамикалық тұрғыда жетілдіре түсулеріне оң ықпал етер еді.
Жалпы тәжірибелік-педагогикалық жұмыс Павлодар қаласында орналасқан №33 қазақ орта мектепте жүргізілді. Эксперимент үш кезеңде өтілді (анықтау, қалыптастыру, бақылау), экспериментке – 58 оқушы, бақылау тобына – 28 оқушы қатысты.
Анықтау эксперименті мынадай міндеттерді қарастырады: оқушылардың адамгершілік тәрбиелілігінің деңгейін анықтау; оқушылардың рухани-адамгершілік құндылық туралы түсініктерін айқындау; адамгершілікке жат, теріс, оң ұғымдарды білу туралы мәліметтер алу; мектеп ұжымдарындағы қазіргі кезеңдегі жаңашыл білім беру жағдайында рухани-адамгершілік тәрбиесіне байланысты туындаған құндылықтарды, қарама-қайшылықтарды ашу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет