Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «Қазіргі кезеңде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру»


«Оқушылылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың теориялық негіздері»



бет5/13
Дата17.04.2023
өлшемі318,37 Kb.
#174679
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
адамгершилик

«Оқушылылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың теориялық негіздері» атты бірінші тарауда жоғары класс оқушыларының «рухани-адамгершілік құндылық» ұғымдарының мәнін теориялық тұрғыдан негіздеп, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне сипаттама беріліп, жоғары класс оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру үрдісінің теориялық негіздері айқындалды.
«Оқушыларға рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған тәжірбиелік-эксперимент нәтежелері» атты екінші тарауда оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың мүмкіндіктері қарастырылып, әдістемелер жүргізілді. Жоғары класс оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың динамикасы анықталып, жұмыс нәтижелерінің эксперименттік қорытындылары шығарылды.
Рухани-адамгершілік құндылықтар мәселесінің педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі таралуы қарастырылды.


1 Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1 Рухани адамгершілік құндылықтар мәселесінің педагогикалық-
психологиялық әдебиеттердегі таралуы
Бүгінде өз тағдырын өзі айқындаған Қазақстан оның бүкіл халқы экономикасы мен әлеуметтік жағдайы, мәдениеті, ғылымы, білімі қоғамның жаңа даму белесінде. 15 жылдық тарихымызға көз жіберсек, қоғам мен экономиканың дамуы ашық сипатқа ие болды. Демократиялық бағыт кең өріс алып, адамға жан-жақты саяси, діни таңдау жасау еркіңдігі, құқығын қорғау, еркін ойлау, еркін сөйлеу құқығы берілді.
Жаңа үшінші мыңжылдықта алдыңғы қатарлы өркениетті елдермен қатар, Қазақстан ғылым мен білімді әлемдік ақпараттық, білім және ғылым кеңістігіне халықаралық талаптар мен стандартқа және ұлттық ерекшілікке сай үйлесімді жетілдірудің жолдарын қарастыруда. Атап айтқанда, Қазақстанның болашақ дамуына арналған "Қазақстан-2030" бағдарламасында тәуелсіз мемлекет құруда еліміздің әрбір азаматы өзінің қоғамдағы алатын орнын саналы түсінуі және ел экономикасының бүгінгі сұранысына жауап бере алатын тәрбие, білім алуы қажет екендігіне баса назар аударылған.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев республикалық білім және ғылым қызметкерлерінің 2 сьезінде өткен он жыл Қазақстан үшін ерекше жыл болғанын, еліміз шын мәнінде егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде құрылғандығын атай отырып, экономиканы реформалаудың негізінен аяқталғанына және Еуропа одағына Қазақстан нарықтық экономика елі болып танылғандығына талдау жасады, ғылым мен білім саласындағы түйінді мәселелерді шешудің төте жолдарын ұсынып, тәрбиенің мынадай өзекті 3 бағытын атап көрсетті;
- бүгінгі жастар осы заманның сыншысы да, тарихшысы да болғандықтан, олармен жүйелі жұмыс жүргізуге баса назар аудару;
- Қазақстанда жүріп жатқан ауқымды өзгерістерге байланысты педагогикалық кадрлау даярлау жүйесін құру қажеттігін ашып, ең алдымен, бүгінгі мұғалім кәсіби білімімен, шеберлігімен қатар, жастарға өзінің бойындағы адалдық, адамдық, тазалық, гуманистік және өз Отанын сүйе білу тәрізді ең жоғары адамгершілік қасиет-сапаларымен ықпал жасай отырып, тәрбиелеу;
- жастарды адамгершілікке тәрбиелеу сапасын көтеруге негіз болатын проблема білім және тәрбие беру саласындағы ғылымның дамуымен байланысты. Сол себепті бүгінгі таңда реформалардың тиянақты, жедел жүзеге асырылуы үшін мұғалім, тәрбиеші, оқушылардың адамгершілік тәрбиесі жөнінде ғылыми-теориялық білімі болуы керектігіне және өзін-өзі дамытудың субьектісіне айналу қажеттігіне назар аудару. [2, 33б.]
Сондықтан біз өз зерттеуімізді қазіргі кезеңге байланысты жеке тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың кейбір мәселелерін қазіргі педагогика ғылымының жаңа бағытына сай қарастыруды көздедік.
Тарихи дамуға көз жіберсек, адам тәрбиесінде, жеке тұлғаны қалыптастыруда халықтық педагогика мұрасы шешуші орын алғаны белгілі. Қазақ халқы жан-жақты дамыған адамгершілігі мол тұлға тәрбиелеуге ерте кезден-ақ зор мән беріп, ұрпақ тәрбиесінде халық ауыз әдебиетінің шығармашылығына сүйеніп, соны тірек еткен. Мәселен, халқымыздың мақал-мәтелдері жай ғана айтылған ұйқас сөздер емес, олардың бәрінің тәрбиелік, адамгершілік мәні болған. Бұған "Атаның баласы болма, адамның баласы бол", "Заманына қарай амалы", "Адамды заманы билейді", "Әдептілік ар-ұят-адамдықтың белгісі", "Сақалды адам сағынды сындырмас" тәрізді кісілік қасиеттерді, парасаттылықты арқау еткен мақал-мәтелдер дәлел бола алады.
Құндылық проблемасының ең басты өзегі - Адам. Адам үшін ең басты құндылық – өмір мәнін сезіне білу, өмірдің мәнін өз бойынан іздеп, өмірді рухани толықтыру. Адам өмірінің мән-маңызды іс-әрекет, мақсат, мұрат, күш-қайрат және өмір сүру жолдарымен бағаланады. Адам мақсаты адамгершілік қасиеттер арқылы орындалып, рухани қасиеттер арқылы жүзеге асады.Демек, еліміздегі қоғамымызды ізгілендіру жағдайындағы ең басты мәселе-адамды құндылық ретінде бағалау. Құндылық – адамдық қасиеттің өлшемі, оның жақсылыққа талпынысы, өзге адамға жанашырлығы, айналадағы адамдарға қайтарымы, өмірді жақсартуға ұмтылысы, өмір сүру ізденісі, тіршіліктегі әр пенденің орны мен рухани-адамгершілік қасиет.
Құндылық мәселесі сонау Сократ заманынан бастау алады. Сократтың "игілік" деген ұғымды жеке бөліп,оған ерекше мән беруі құндылықты болмысқа жақындатқаны (С.Нұрмұратов). Сократ заманынан бастау алған "құндылық" мәселесі ғасырдың екінші жартысынан бастап ғылым ретінде дараланып, көбіне философиялық сипатта қарастырылып келеді.
Адам құндылығының өзегін құрайтын және зерттейтін саланы аксиология деп атайды. Аксиология ("ахіа" – грекше "құндылық", "логос" – ілім, ғылым) құндылық ұғымына тұңғыш анықтаманы философтар (Лотце, Коген) берген. Аксиологияның ғылыми тұрғыда дамуына үлес қосқан философтар Гегель, Кант, Ницше, Кассирер және т.б. Мәселен, Э.Кассирер "құндылық" – бұл адамның ішкі дүниесінен тыс, мәңгі идеалды әлем" – деп түсіндіреді. Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде: "Құндылық – нарқы жоғарылылық, қымбаттылық, бағалылық" – деген ұғымды білдіреді. Қазақ совет энциклопедиясында: "Құндылық-обьектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым",-деп атап көрсетеді. Құндылық обьектінің адам үшін қаншалықты маңыздылығын анықтайды. Құндылық екі компоненттен тұрады: пәндік және саналық.
Пәнділік құндылықтарға – заттардың табиғи қажеттілігі, еңбектен шыққан өнімнің өзіндік құны, әлеуметтік игілік, ғасырлар бойы қалыптасқан мұра, ғылыми ақиқаттың теориялық маңызы және практикалық пайдасы, адамдардың іс-әрекеттеріндегі жамандық пен жақсылықтың іске асуы, табиғи және қоғамдық обьектілердің эстетикалық қасиеттері жатады. Санадағы құндылыққа – қоғамдық ой, баға беру, мақсат, оған жетудің жолдары, түрлі нормалар кіреді. Пәндік құндылық – баға берудің обьектісі. Субьективтік құндылық – олардың өлшемі әрі әдісі. Орысша-қазақша аударма сөздікте: "Құндылық" – құнды зат, мәнділік, ғылымда құндылық – қазына, байлық» делінген. Құндылықтың қалыптасу негізі – адам болмысының өзегін құрайтын құбылыс.
Адам болмысының өзегі – тек қана материалдық игіліктермен, сұраныстармен, мұқтаждықтарымен және қажеттіліктермен шектелмейді, адамның күрделі табиғатына сай, өмір сүрудің түпкі себептерін әрі қарай қозғайтын күш пен өмірдің өзіндік мәнін құрайтын рухани-адамгершілік қасиеттерден тұратын негізі болады. Бұл негіз адам бойына рухани адамгершілікті қалыптастыруда тірек болатын құндылыққа саяды. Адам өзінің бойында нағыз адами қасиеттерді дамытып, өзін-өзі қоршаған дүние туралы ақыл-ой көмегімен жинаған білімдерін адамгершілікпен ұштастырғанда ғана руханилыққа жетеді, өйткені адамгершілік – адамның рухани арқауы. Сондықтан да жаңашылдық білім мен тәрбие беру барысында оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың тиімді жолдарын іздестіру қажет.
Құндылықтар тақырыбы бүгінгі күннің мәселесі деуге болмайды, бұл адамзат тарихындағы сонау ұлы ойшылдар (Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Қожа-Ахмет Иассауи, Ахмет Иүгенеки, М.Қашқари, Ө.Тілеуқабылұлы т.б.) мен ағартушылар (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев), ғалым-педагогтар (Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев т.б.) еңбектеріндегі рухани-адамгершілік ойларын уағыздап, қазақ халқының қоғамдық, рухани, мәдени өмірінен орын алуын мұрат тұтты.
Қазақ педагогикасының өзіндік төл ерекшелігі оның ізгілендіру мен парасаттылықты, адамгершілік пен адами құндылықтарды жоғары қоятын бай халықтық педагогика мұраларымен айрықша орын алады. Егер де біз қазақ педагогика ғылымын дамыту барысында тағы да батыстық үлгімен кетсек, қателесетініміз анық. Біз түркілік төл дәстүрімізді сақтай отырып, ұлттық ойлау, ұлттық болмыс өзгешелік-ерекшеліктерімізді нығайта түсіп, қазақ педагогикасын шығыс педагогикасының үлкен бір саласы ретінде қалыптастыру деңгейіне қол жеткізуіміз керек.
Қазақтың болмысы түрлі мәдениеттің тоғысында қалыптасқан, ал қазақ педагогикасы рухани мәдениет дамуының қалыптасқан белгілі бір бағдары, деңгейі болып табылады. Қазақ педагогика ғылымының қалыптасуын зерттеу барысында мынадай екі талапты басшылыққа алу керек:
- тарихи-педагогикалық танымның әдіснамасы;
- тарихи-педагогикалық ілімнің құрылымы.
Осы уақытқа дейін қазақ педагогикасының әдіснамасының жасалмауы мен оның теориялық деңгейде толық зерделенбеуі қазақ этнопедагогикасы мен қазақ педагогикасын бір мағынада қабылдауға алып келгені ақиқат. Оған қазақ педагогикасы нысанының, мазмұндық құрылымы мен пәндік ерекшелігінің анықталмауы себеп болып отыр. Қазақ этнопедагогикасы өзіндік ұлттық сипаты бар педагогиканың бір саласы болып табылса, қазақ педагогикасы адам тәрбиелеудің жалпыадамзаттық құндылықтарын қамтитын әлемдік педагогиканың құрамдас бөлігі болып саналады. Бүгінгі таңда қазақ педагогикасын бірден ұлттық тарихтың немесе ұлттық сананың, тәжірибенің үлгісі ретінде қараушылық айқын. Мұның өзі оның өз алдына дербес ғылым ретінде қалыптасуына, әрі дамуына кедергі жасап отыр. Сондықтан қазақ педагогика ғылымының әдіснамасын жасауда мынадай мәселелер өз шешімін табу керек деп есептейміз:
1. Қазақ педагогика ғылымы қалыптасуының тарихи кезеңдерін, әлеуметтік тегін талдау, оның басқа ғылымдармен өзара ықпалдастығы мен байланысын ашып көрсету.
2. Қазақ педагогикасының негізгі идеялары мен рухани бастауларын көркемдік – философиялық және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан талдау.
3. Қазақ педагогикасының қайнар көздері көшпелілер мәдениеті мен түркі өркениетінен нәр алатынын ғылыми тұрғыдан негіздеу.
4. Қазақ педагогикасы қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің ұлттық деңгейі мен көрінісін қамти отырып, жалпыадамзаттың рухани мұқтажын өтеуге қызмет ететіндігін дәлелдеу.
5. Қазақ педагогикасы ғылымының әдіснамасы мен оның мазмұндық құрылымын жасау.
6. Қазақ педагогикасының келешегін айқындау, яғни болашаққа қызмет етуін қамтамасыз ету.
Қазақ педагогикасы тарих пен мәдениеттің өткен кезеңдерінің мәселелерімен ғана шектелінбейді, ол халқымыздың ұрпақ тәрбиелеудегі бүгінгі тәжірибесін, тіпті оның болашаққа жету бағдарын да қамтып тұжырымдауға бейім болуы және соған қызмет етуі шарт. Жасыратыны жоқ, қазақ педагогикасы дегенде өткен тарихқа көңіл аудару, оның тарихи алғышарттарына назар аудару басым. Қазақ педагогикасының әзірге болашаққа қызмет ететін әдіснамасы жасалмағаны анық. Сондықтан да қазіргі кезде қазақ педагогика ғылымын мойындамаушылар, оның табиғатына күмәндана қараушылар аз емес екені шындық. Ұлттық ұстаным – халқымыздың ұрпақ тәрбиелеудегі мол тәжірибесін, педагогикалық ілімін пайдалануға, оның өсіп-өркендеп дамуына еліміздің тәуелсіздігі мүмкіндік беретіні айдан анық. Мұның өзі қазақ педагогика ғылымын өз деңгейіне көтеру, оның әлемдік педагогикадағы өлшемін айқындау және ұлттық тұжырымдамасын жасауға күш салу міндеттерін алға қояды.
Қазақ педагогикасы ғылыми білімдер жүйесінде арнайы ғылым болып табылады деуге толық негіз бар. Ғылым болу үшін оның зерттеу нысаны мен пәні, зерттеу әдістері мен ұғымдық аппараты болу керектігі мәлім. Сондықтан қазақ педагогикасын ғылымның басқа салаларымен тығыз байланыста қарастыра отырып, оның дербес ғылым саласы ретінде орнын анықтаудың маңызы зор.
Қазақ педагогикасы ең алдымен, түркі өркениетінен бастау алатын қазақ халқының ұрпақты тәрбиелеу, білім беру, оқыту мәселелерімен айналысады, қазақ ағартушыларының педагогикалық идеялары мен тұжырымдамалары негізінде педагогика ғылымының заңдары мен заңдылықтарын, бағыттары мен ағымдарын, іргелі педагогикалық теориялары мен қағидаларын айқындайды, сонымен бірге қазақ халқының ұлттық болмысына сай педагогика ғылымындағы барлық ғылыми жетістіктер мен педагогикалық мұраларды қоғамдық құбылыстармен, ғылымдармен, идеологиямен, т.с.с. байланыста зерттейді. Басқа кез келген ғылымдар сияқты, қазақ педагогика ғылымы да фактілерді тек ашып қана қоймайды, оларды түсінуге мүмкіндік жасайды. Ғылымға тән нағыз шынайы ерекшелік оның табиғаттың, қоғамның және ойлаудың даму заңдарына қатысты болуы, оларды ашу және танып-білу болып табылады. Философияда заң, заңдылықтар деп объективті, мәнді, тұрақты және қайталанатын себеп-салдар байланысты айтатыны белгілі. Осыдан қазақ педагогикасы көшпелі мәдениет пен түркі өркениетінен рухани бастау алатын қазақ халқының ұлттық болмысына, халықтық тәжірибесіне сай балалар мен ересектерді тәрбиелеу, білім беру және оқыту заңдары мен заңдылықтарын зерттейтін ғылым деген қорытынды жасауға болады.
Қазақ педагогика ғылымы өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі ғасырлар сынынан өткен халықтық тәжірибе негізінде қалыптасып, өзіндік дамуға ие болды. Халық педагогикасындағы озық идеялар қазақ халқының тіршілік тынысымен, ұлттық тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп-өркендеп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жетіп отырды. Өмірдің әлеуметтік жағдайларының өзгеруімен, қоғам мен тұлға қажеттіліктерінің дамуымен байланысты халық тәжірибесіндегі педагогикалық құндылықтар қайта жасалып, жаңаша сипат алып отырады. Педагогика тарихында алдыңғы теориялардың мазмұнының кеңейтіліп, тың көзқарастар мен ағымдардың қалыптасуы заңды құбылыс, мұның өзі әлемдік педагогика мазмұнын қазақ педагогика ғылымының жетекші идеяларымен толықтыру қажеттілігін дәлелдейді. Өйткені құндылық бағдарлар тұлғаның ең басты, ауқымды сипаттамасының бірі ретінде әрекет етеді, ал оларды дамыту ізгілендіру педагогикасының негізгі міндеті және қоғам дамуының маңызды жолы болып табылады.
Қазіргі таңда елін сүйген, өз халқының болашағын ойлаған, «жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз» деген халық даналығын санасына ұлы қағида ретінде түйген зиялы ойдың иелері қазақ халқының этногенез жағынан алғанда, үш мың жылдан аса тарихы мен мәдениеті бар екендігін барша әлемге мойындату үшін күш жұмсауда. Қазақ халқының арғы тегі Еуразиядағы ең ірі этностардың бірі түркі халықтарының әлемдік руханиятқа үлес қосуына Еуразия құрлығындағы Ұлы даланы мекендеген халықтардың көшпелі мәдениеті мен тәрбие тәжірибесі, ислам дінінің озық тәрбиелік идеялары, ежелгі түрік, византия, араб, парсы, үнді, қытай мәдениеттері тоғысқан Түркістан жеріндегі Қарахан мемлекетінің саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайлары әсер етіп, барлық адамзат баласын талай ғасырлар бойы толғандырып келе жатқан адам мен оның тәрбиесі туралы ілімнің қыр-сырын зерттеуге жаңа мүмкіндіктер туғызды.

Кесте 1 – Қазақ педагогика ғылымының қалыптасуы мен даму кезеңдері



Тәрбие тәжірибесі

Педагогикалық ойлар

Педагогика ғылымы

Қазақтың халық педагогикасы
1. Қазақ ауызекі шығармашылығындағы тәрбие мазмұны:
- ұлттық ойындар;
- мақал-мәтелдер;
- жаңылтпаштар;
- жұмбақтар;
- шешендік сөздер;
- ертегілер;
- аңыз әңгімелер;
- батырлар жыры;
- эпос;
- айтыс
2. Қазақ музыкалық шығармашылығындағы тәрбие мазмұны:
- халық әндері;
- халық күйлері
3. Қазақтың сәндік-қолданбалы өнеріндегі тәрбие мазмұны:
- дәстүрлі қолданбалы өнер;
- ою-өрнектер
4. Салт-дәстүрлердегі тәрбиелік мазмұн:
- бала тәрбиесіне байланысты;
- тұрмыс-салт;
- ата кәсіп;
- әлеуметтік-мәдени
5. Жыраулар мен билердің, шешендердің шығармашылығындағы тәрбие мазмұны

Қазақ жеріндегі алғашқы педагогикалық ой-пікірлер
1. Еуразия даласындағы алғашқы қауымдық құрылыс кезеңіндегі тәрбие
2. Еуразия құрлығындағы Сақ империясы дәуіріндегі тәлім-тәрбие
3. Ғұн империясы мен Үйсін-Қаңлы мемлекет дәуіріндегі тәлім-тәрбие
4. Таяу және Қиыр Шығыс ежелгі мемлекеттерінің бірі – Шумер тәлім-тәрбиесі мен мектептері
5. Ұлы Түркі қағанаты және оның тәлімдік-танымдық мұралары - Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі (Күлтегін, Тоныкөк) тәлім-тәрбиелік ойлар, Қорқыт тағылымдары (VІ-ІХ ғ.ғ.)



Қазақ педагогика ғылымы әлемдік педагогиканың құрамдас бөлігі
1.әл-Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқари педагогикалық ілімдері (ІХ-ХІ ғ.ғ.)
2. А.Иүгінеки, Қ.А.Иассауи, С.Бақырғани, Р.Хорезми, С.Сарай педагогикалық ілімдері (ХІІ-ХІV ғ.ғ.)
3. Ө.Тілеуқабылұлы, М.Х.Дулати, Қ.Қ.Жалайыр, т.б. педагогикалық ілімдері (ХV-ХVІІІ ғ.ғ.)
4. Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев,
Ш.Құдайбердиев, т.б. педагогикалық ілімдері (ХІХ-ХХ ғ.ғ.)
5. Кеңестік дәуірдегі педагогика ғылымы С.Торайғыров, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, т.б.
С.Қожахметов, Т.Тәжібаев, С.Балаубаев, Р.Г.Лемберг, Қ.Бержанов, Ә.Сембаев, т.б.
6. Қазіргі кездегі қазақ педагогика ғылымындағы теориялар (1991 ж. кейінгі кезең)

Адамзат тарихында ұрпаққа тәрбие берудің жалпыадамзаттық идеяларын жүзеге асырып, жаңа педагогикалық жүйенің қалыптасуында өз заманында Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған әлемге әйгілі ойшыл, ғұлама ғалым, халқымызға білімнің нәрін сепкен ұлттың ұлы кемеңгері Әбу Насыр әл-Фарабидің алатын орны ерекше. әл-Фараби алғашқы педагогикалық ой-пікірлердің жетістіктерін жаңғыртып, жетілдіре білді. Халық даналығы туғызған данышпандық ой-пікірлерге, шығыс мәдениетінің озық үлгілеріне ден қоя отырып, өзінің төл педагогикалық тұжырымдамасын жасады. Оның педагогикалық тұжырымдамасы дидактика мен тәрбие теориясының мәселелерін бірге қамтитын іргелі жүйе болып табылады. әл-Фарабидің тәлім-тәрбиелік идеялары теориялық дәрежесі жағынан кез келген педагогикалық ілімге бастапқы негіз бола алады, әсіресе оның күллі адамзат қауымдастығының жиынтығы ретінде ұлы қоғамды суреттейтін ізгілік тұғырнамасы қазіргі педагогиканың жетекші идеясы болып отыр. әл-Фараби жетілген тұлғаны тәрбиелеу үшін «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген ұстанымды басты қағида ретінде ұсынды.


Әл-Фарабидің педагогика ғылымының негізін салушы екендігін оның еңбектерінде қарастырылған педагогикалық ұғымдардың анықтамалары неғұрлым нақтылай түседі. Педагогиканың негізгі ұғымы болып табылатын оқыту мен тәрбиеге ғұлама мынадай түсініктеме береді: «Оқыту адамдар мен халықтарда теориялық қайырымдылық дарыту болады, ал тәрбие - білім-білікке негізделген өнер арқылы оларға этикалық қайырымдылық дарыту тәсілі. Оқыту тек сөз арқылы жүзеге асырылады, ал тәрбие кезінде адамдар мен халыққа білімге негізделген қасиеттерден шығатын әрекеттерді жасауды дағдыға айналдыру үйретіледі...». Осы анықтамалардың астарлы мағынасы қазіргі педагогикадағы «оқыту» мен «тәрбие» ұғымдарына берілген анықтамалармен сабақтасып, өзара байланысып жатқандығын айқын аңғаруға болады. әл-Фарабидің мұрасында педагогиканың негізгі ұғымы болып табылатын «білім беру» ұғымы да қарастырылған. «Оқу бастамасы біздерге болмыс бастауларын білу құралы болып табылады, ал олардан шығарылатын қорытындылар – ғылыми пәндерді игерудің бастамасы мен құралы» деген ғұламаның анықтамасы қазіргі педагогикадағы «білім беру - оқыту нәтижесі, тура мағынасында ол оқып-үйренілетін пән туралы алғашқы түсініктің, ұғымның қалыптасуын білдіреді» деген анықтамамен өзара байланыс табады.
Қазіргі кезде педагогиканың негізгі ұғымдарына «тұлғаны қалыптастыру» ұғымы да жатқызылады. Себебі, бүгінде білім беру парадигмасының өзгеруіне байланысты, бірінші кезекке оқушыларда пәндік білім, білік, дағдыны емес, оның тұлғасын қалыптастыру қойылып, тұлғаға бағдарланған оқыту мен тәрбиелеуді іске асыру көзделуде. Жеке тұлғаны қалыптастыру ұғымын ғұлама әл-Фараби былай анықтайды: «Жақсы мінез-құлық пен ақыл-күші бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Егер осы екеуі бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен кемелдікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі игілікті және қайырымды адам боламыз, біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінез-құлқымыз мақтаулы болады».
Ізгілендіру әл-Фарабидің педагогикалық идеясының негізгі өзегі болған, ғұлама білім берудің ізгілендіру принципіне негізделуі қажет екендігін өз уақытында ғылыми тұжырымдалған ой-пікірлерімен айқындап кеткен. Міне, бүгінгі таңда әл-Фарабидің көрегендігі мен ғұламалығы дәлелденіп, мыңдаған жылдар өтсе де, жаңа білім беру парадигмасы ретінде ізгілендіру танылып отыр.
Педагогикалық ойлардың тарихында әл-Фараби оқыту теориясын білім жүйесі ретінде анықтауға алғаш талпыныс жасады деуге толық негіз бар. Мәселен, Әл-Фараби: "адам көп нәрсеге мұқтаж болғандықтан, өзіне керегін қоғамдасқан ортадан табады. Осы қоғам арқасында жетіліп, өз қабілетін шындап өзіндік өмір сүру мәні қалыптасады",-десе, Қожа Ахмет Йассауи: "Адамның жетілуінің нәтижесі – оның ақылдылығы, ал анықтаушысы – адамгершілік кемелінде",-дейді. [3, 56б.]
Жалпы педагогиканың бір саласы болып табылатын тәрбие теориясының әдіснамасын әл-Фарабидің тәрбиенің заңдылықтарын, принциптерін, мақсатын, мазмұнын, әдістерін, құралдарын, нәтижесін тұжырымдамалық тұрғыдан негіздейтін жетекші педагогикалық ой-пікірлері айқындайды. Қазіргі педагогикадағы тәрбие теориясының мазмұндық-құрылымдық жүйесіне сәйкес әл-Фарабидің тәрбие тұжырымдамасының мәнін былайша көрсетуге болады (Сурет 1): Сурет 1 - әл-Фарабидің тәрбие тұжырымдамасының мәні



Сонымен әл-Фарабидің еңбектерін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан талдау, оның тәлімдік-тәрбиелік ой-пікірлерін жинақтап, қорыту ғұламаның педагогика ғылымының барлық салаларын қарастырғанын айқындайды. Мұның өзі ұлы ұстаз, кемеңгер ғалым, ғұлама ойшыл әл-Фарабиді педагогика ғылымының негізін салушы деп атауға толық негіз бар екендігінің шынайы дәлелі болып табылады.
XI ғасырда өмір сүрген түркі данасы, ойшыл-ақын Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» еңбегінің негізгі идеясы педагогиканың ең маңызды мәселесі тәрбиеге негізделіп, оның мазмұнында педагогиканың жалпы негіздері, дидактика және тәрбие теориясының негізгі мәселелері, жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене, құқықтық, т.б. тәрбие мазмұны қарастырылады. Жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан алып қарасақ, «Құтты білік» дастанының бүгінгі адамзат қоғамы үшін құндылығы мынада болып табылады: 1) «Құтты білік» - халықтың құты, ырысы болған ілім; 2) әрбір адамға бақыт сыйлайтын, құт әкелетін білім; 3) ғасырлар бойында көзі ашық, көкірегі ояу кемел ұрпақтың бойына адамдық, азаматтық қасиеттерін, адалдық дәстүрлерін сіңіріп, жан-дүниесіне рухани күш дарытатын тәрбие тұжырымдамасы. Ғұламаның «Кітап атын «Құтадғу білік» қойдым – Құтын тұтсын оқушым білікті ойдың» деген ой-пікірі дастанның әрбір адам үшін құндылығын аша түседі.
«Құтты білік» дастанында кейіпкерлердің символикалық сипаттары арқылы берілген төрт жетекші педагогикалық идеялардан өрбитін тағылымдық құндылықтар тәрбие мақсатына қол жеткізудің көзі болып табылады. Олар: әділдіктің бейнесі Күнтуды Елік патша арқылы берілген бұлжымас әділ заң мен тура жол; патшаның уәзірі Айтолды бейнесімен берілген бақ-дәулет, ырыс-байлық; уәзірдің баласы Өгдүлміш арқылы берілген ақыл мен парасат; уәзірдің жұрағаты тақуа жан Одғұрмыш бейнесі арқылы берілген қанағат, ынсап, барға риза болу, сабырлылық. Тұлғаның үйлесімді дамуы осы төрт құрылымдық компоненттің өзара бір-бірімен тепе-теңдігінен көрінеді – «төрт құбыласы тең». Осы төрт құбыланың біреуі бұзылған жағдайда немесе олардың дамуында тепе-теңдіктің болмауынан тұлға тұтастығының үйлесімділігі болмайды. Ұлы ойшыл Жүсіп Баласағұни тұлғаның осы қасиеттері халқына адал қызмет етіп, елінің ертеңін ойлайтын азаматтарға тән болу керектігін көрсетеді. Бұл тәлімдік идеялар қазіргі педагогикадағы тұлғаны қалыптастыру мақсатымен өзара байланысып, бүгінгі таңда маңыздылығы артып отыр. Осы тұжырымдама қазақ халық даналығындағы «сегіз қырлы, бір cырлы» нақыл сөзімен байланысып төрт құбыланың (психологиялық-физиологиялық, әлеуметтік-нормативтік, когнитивтік, рухани-адамгершілік) қиылысуы мен ажырамастығын бейнелейтін тұлғаның сегіз қырын ашып көрсетеді.
«Құтты білік» дастанында Ж.Баласағұни педагогикалық процеске қазіргі педагогикадай анықтама беріп, оның құрылымын көрсетпегенімен, еңбектің өн бойынан педагогикалық процестің оқушыны (тәрбиеленушіні) мәдениет байлығын игеруге және еңбек пен қоғамдық өмірге дайындауға бағытталған мұғалімнің (тәрбиешінің) басшылығымен іске асырылатын өзара бірлескен іс-әрекет ретіндегі мәні және оның құрылымы (мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдіс-тәсілдері, іс-әрекетті ұйымдастыру түрлері, нәтижесі) айқын көрініп тұрады (Сурет 4).

Сурет 2 – «Құтты біліктегі» педагогикалық процестің құрылымдық-мазмұндық үлгісі


Дастанда оқытудың теориялық негіздері (дидактика) сол уақыттың талабы тұрғысынан өте жоғары деңгейде айқындалған. Дидактиканың негізгі ұғымдары - білім, білік, дағды ұғымдарының мәні ғұламаның тәлім-тәрбиелік идеяларында көрініс тауып, өзіндік мағына мен мазмұнға ие болады. Оны 2-кестеден көруге болады.

Кесте 2 – Ж.Баласағұни еңбегіндегі «білім, білік, дағды» ұғымдарының анықтамалары







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет