Дидактикалық ертегілерді мұғалімдер оқу материалын «орау» үшін жасайды. Сонымен бірге абстрактілі символдарға жан бітіп, анимацияланады, олар өмір сүретін әлемнің ертегі бейнесі жасалады. Дидактикалық ертегілер белгілі бір білімнің мәні мен маңызын аша алады. Дидактикалық ертегілер түрінде, оқу тапсырмалары «ұсынылады» [23, 44-б.].
Психокоррекциялық ертегілер баланың мінез-құлқына жайлы әсер ету үшін жасалады. Мұндағы түзету деп балаға не болып жатқанын түсіндіру арқылы тиімсіз мінез-құлық стилінен неғұрлым «өнімді» стильге ауыстыру, сондай-ақ балаға болып жатқан нәрселердің мәнін ұғындыру түсініледі.
Психотерапиялық ертегілер - бұл қазіргі болып жатқан оқиғалардың терең мағынасын ашатын ертегілер. Болып жатқан оқиғаларды екінші жағынан көруге көмектесетін әңгімелер. Олар әрқашан біртекті емес, әрдайым бақытты аяқтала бермейді, бірақ олар әрқашан терең және адамның жанына тереңдеп енеді. Психотерапиялық ертегілер көбінесе адамды ойландырып, көкейінде сұрақ қалдырып отырады. Бұл өз кезегінде тұлғалық өсу процесін ынталандырады [22, 134-б.].
Медитациялық ертегілер жағымды бейнелі тәжірибені жинақтау, психоэмоционалды стрессті жеңілдету, өзара қарым-қатынастың жақсы үлгілерін құру және жеке әлеуеттерін дамыту үшін шығарылады. Медитация - қандай да бір кез-келген процесте толықтай берілу. Медитациялық ертегілердің басты мәні - біздің сыртқы әлеммен және басқа адамдармен өзара қарым-қатынасымыздың позитивті «мінсіз» модельдері туралы бейсанамызға хабарлау. Сондықтан, бұл ертегілердің ерекшелігі - мұнда қақтығыстар мен зұлым кейіпкерлердің болмауы [23, 46-б.].
Ертегінің мынадай түзету функцияларын бөліп көрсетуге болады: шиеленісті эмоционалды жағдайларға психологиялық дайын болу, физиологиялық және эмоционалдық стрестерге символдық жауап қайтару және физикалық белсенділіктің символдық түрінде қабылдау.
Н.Пезешкианның айтуы бойынша, ертегілер психокоррекцияда мынадай функцияларды орындайды [53, 9-б.]:
Модель функциясы. Ертегілер әр түрлі жанжалды жағдайларды бейнелейді және оларды шешудің мүмкін жолдарын ұсынады немесе қақтығыстарды шешудің жеке әрекеттерінің салдарын көрсетеді. Осылайша олар модель арқылы үйренуге көмектеседі.
Жанамалық функциясы. Ертегі психолог пен баланың арасындағы делдал ретінде әрекет етеді, осылайша оның қарсылығын төмендетеді.
Тәжірибені сақтау функциясы. Психологиялық түзету жұмыстары аяқталғаннан кейін, адамның күнделікті өмірінде ертегілер әрекет етуін жалғастырады.
Жеке бастың дамуының ерте сатыларына оралу функциясы. Ертегі адамның бұрынғы қуанышты сәтіне оралуына көмектеседі. Ол қиял әлеміне, бейнелеп ойлауға, мазмұнында тікелей және ешқандай айыптай алмайтын рөлге кіруге жол аша отырып, таңқаларлық және таңданарлық жағдай тудырады [53, 10-б.].
Балама тұжырымдама функциясы. Ертегі балаға жалпы қабылданған, алдын ала анықталған мағынада берілмейді, оған бала қабылдай алуы да, қабылдай алмауы да мүмкін балама тұжырымдама ұсынады.
Ұстанымды өзгерту функциясы. Ертегілер баланың немесе ересек адамның күтпеген жерден жаңа күйзелісін туғызады, оның санасындағы ұстаным өзгереді.
Ертегілерді, әңгімелер мен тәмсілдерді пайдалану психолог пен баланың өзара жақсы түсінісуіге көмектесетінін айта кеткен дұрыс.
Сонымен, психологиялық-педагогикалық әдебиетке талдау жасай отырып, мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қалыптасуында ертегінің маңызы зор екенін көреміз. Ертегіде халықтың даналығы, әсіресе ұлттық мінез, құндылықтар мен мұраттар көрініс табады.
Достарыңызбен бөлісу: |