Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы


Диафильмдерді пайдаланудың маңызы



бет3/3
Дата11.02.2018
өлшемі1,01 Mb.
#37617
түріДиплом
1   2   3

Диафильмдерді пайдаланудың маңызы.
Сабақта диафильмдерді пайдаланудың орасан зор тәрбиелік, танымдық мәні бар. Диафильдер сабақ процессін ерекше жандандырып, оқушылардың ой-өрісін дамытып, әр түрлі сюжетті әңгімелерді нақты көрсетіп, түсіндіруге мүмкіндік береді.

Диафильмдерді ІУ-УІ сыныптарда пайдалану тиімді. Оқушылар диафильмдерді көру арқылы жаңа заттардың аттарымен танысады, сөздік қорлары молаяды. Олардың ойын дамытып, тілін ұстартады, ойлана сөйлей білуге жаттықтырады.

Диафильмдерді сабақта қалай болса солай қолдана беруге болмайды. Оның да өзінше жолдары әдістері бар.

Біріншіден, диафильм әр сыныптың бағдарламалық материалына сай қолданылады. Алдымен, мұғалім диафильмді өзі жақсы білуі шарт. Диафильмнің мазмұны, оның ішінде қиын сөздер болса, оны белгілеп алуы керек.

Диафильмнің мазмұнын ашатын сұрақтар даярлап алу керек. Сондай-ақ, мұғалім диафильм мазмұнына өтетін материалын қалай байланыстыру керектігін, кейбір қиын кадрларды қалай түсіндіру керектігін алдын ала жоспарлап дайындайды.

Сабақта пайдаланылатын диафильмнің тексі оқушыларға түсінікті, тілі жатық болуы қажет. Бір сабақтың үстінде бірден екі фильмді пайдалануға болмайды. Диафильм көрсетілмес бұрын, мұғалім 5 минуттай түсінік береді. Бір нәрсеге көңіл аудару керектігін айтады. Оқушыларға қай кадрды түсінбейтіндігін белгілеп отыруды ескертеді. Сондай ақ диафильмдегі оқиғаны дұрыс байқап, одан өз қорытындыларын шығара білуге үйрету мақсаты қойылуы шарт. Диафильмнің тексі мәнерлеп, нақышына келтіре оқылады. Егер мұғалім өзі оқып бермесе, диафильмнің тексін магнитофонға жазып, тыңдауына да болады.

Оқу тәрбие ісінде диафильм сабақтың басында, ортасында, аяғында пайдаланылады. Негізінде диафильмдерді сабақтың бас жағында пайдалану тиімді. Мұндағы мақсат-сабақтың кейінгі кезеңдерінде оқушылардың назарын аудару. Ал түсіндірілген тақырыпты бекіту үшін диафильмді сабақтың соңғы кезінде пайдаланған жөн. Белгілі тақырыпты түсіндіруге байланысты диафильм көрсетілген соң мұғалім оқушылармен әңгіме өткізеді. Диафильмді қалай түсінгенін тексеру үшін, оқушыларға сұрақтар қойылып, жауап алынады. Бірнеше оқушыға диафильмдер мазмұнын айтқызуға болады.

Биология пәні бойынша кейбір тақырыптарды оқытуға байланысты диафильмдерді пайдаланып өткізілген сабақ үлгілері, сонымен бірге орыс тілінде шыққан диафильмдерді қазақшаға аударып, пайдаланудың да үлгілері беріліп отырады. Мектепте оқушылар кейбір заттардың атауын біле тұра, естіп білсе де, оның нақты көрінісін, көлемін, түр-түсін қандай қажетке жарайтынын біле бермейді.

Оқу тәрбие ісінде қолданылатын диафильмдерді оқушылардың жас ерекшелігіне қарай пайдалану тиімді. Мысалы ІУ- УІ сынып оқушылары табиғат көріністеріне, жыл мезгілдеріне, өсімдіктер жануарлар, үй хайуандарының тіршілігіне байланысты диафильмдерді ұнататынын, спорт, таңғажайып оқиғалар, саяхатшылардың өмірі жөніндегі қызықты көріністерді, оқиғаларды жақсы көретіні тексерілген. УІІ сыныпта оқушылар оқыған кітаптары, диафильм, кинофильмдегі ұнамды және ұнамсыз кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін ғана білуге құмартады. Сондықтан сабақта диафильмдерді арнайы тақырыпқа сай көрсету, байқату керек.

Қазіргі таңда шәкірттің жақсы болуы, білімді болуы-ұстаздың айтқан сөзіне ғана емес, көрсеткен үлгісіне де байланысты болып, сабақтасып жатады. Ұстаз - бәрінен бұрын тәрбиеші де. Ол оқыту мен тәрбиелеудің бүгінгі ұстамдылығын айнымастай берік сақтау қажет. Болашақ жастарға сапалы білім беру мен саналы тәрбие беруде лингофон кабинетінде сабақ өтудің маңызы зор. Лингофон кабинеттерінде оқушылар жеке жұмыс жасап, өз білімін жан- жақты жетілдіруге жағдай жасайды.

Лингофон кабинетгерінде дыбыстық аппараттар молынан қамтылған. Онда 10-11 оқушыға арнап үстел, үстел үстінде оқушылардың жұмыс жасауына арналған құралдар бар.

Мысалы, «Ана туралы жыр» өлеңін оқушыларға өткенде, өлеңді ең алдымен магнитофоннан тыңдатып, айтылуы қиын сөздерді бөлек алып, оқушыларға бірнеше рет қайталатады.


______________________________________________________

Тақырыбы:

Ана туралы жыр.

Сөзін жазған: Ғ. Қайырбеков. Әнін жазған: Ш. Қалдыаяқов.

1. Әлемнің жарығын,

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін,

Жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың,

Қанатын самғаған.

Балалық құштарым,

Өзіңе арнаған.

Қайырмасы:
Әлдилеп аялап,

Өсірген жемісің.

Самал жел, сая бақ,

Құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де,

Мен саған сәбимін.

Көңіліңді көктемдей,

Көзіңнен танимын.


2. Өтеуге борышым,

Анашым жан сырым.

Іздедім сен үшін,

Әлемнің асылын.

Әлемнің байлығын,

Сыйлар ем, кеш мені.

Сыйлар ем ай, күнін,

Қолыма түспеді.


Қайырмасы:
Әлдилеп аялап,

Өсірген жемісің.

Самал жел, сая бақ,

Құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де,

Мен саған сәбимін.

Көңіліңді көктемдей,

Көзіңнен танимын.

Бұл өлеңдегі айтылуы қиын сөздер қайта - қайталанып тыңдалады. Мұндағы міндет оқушылардың есту және көру сезімін дамыту. Қиын сөздерді естіп айту арқылы оның қалай жазылуын да есте сақтайтын болады.

Лингофон кабинетінде тиімді жұмыс істеудің бір түрі магнитофонмен жұмыс.

Оқытуды тәрбиемен ұштастырып сапалы білім беруде магнитофонның маңызы зор. Барлық пәндерде де магнитофонды тиімді пайдалансақ, сабақ қызықты, тартымды өтеді. Әсіресе, қазақ тілі сабағында пайдалану ұтымды.

Магнитофонды қолдану үшін, алдын ала тексті магнитофон жазбасына жазып қояды. Сосын ол текст оқушыларға тыңдатылады. Одан кейін оқушылар осы текстің мазмұнын өз сөзімен айтып беруге тиіс, немесе осы текстің мазмұны бойынша сұраққа жауап беруге, жоспар құруға дағдыландыруға болады.


Магнитофон арқылы өлеңді оқуға және жаттауға үйрету.
Қазақ тілі сабағында жүргізілетін тіл ұстарту мұғалім оқушыларды текспен дұрыс, мәнерлеп оқуға үйрету, оның мазмұнын айтқызу, сөздің мағынасын ұғындыру, оны меңгерту, тыныс белгілердің қалай қойылатынын аңғарту, қазақ тілінің көркем сөз формаларын дұрыс ұғынып, оны дұрыс түсіне білуге дағдыландырады. Мәнерлеп оқуға үйрететін текстерді, өлең - тақпақтарды мұғалім алдын ала дайындап, қай сабақта қалай пайдалану керектігін белгілеп қояды.

Магнитофон арқылы өлең тақпақтарды тез жаттауға болады. Өлең жаттамас бұрын мұғалім қиын сөздерге түсінік бсреді. Өлеңнің мазмұнын оқушылар меңгергеннен кейін, магнитофоннан тыңдатылады.

Біраз мектептердің ІV- VIII сыныптарының жазба жұмыстарын тексергенде, оқушылардың сөз ішіндегі әріптерді естілуінше жазатыны байқалады.

Атап айтқанда, дауысты мен дауыссыздардың емлесін білмеу, шылау мен жалғауларды ажырата алмау, сұраулық шылауларды соларға ұқсас жұрнақтармен шатастыру, қос сөздердің, біріккен мен қысқарған сөздердің емлесін білмеу, күрделі етістіктерді жаза алмау, тасымал, буынға бөлу, үндестік заңын білмеу, қосарлы дыбыстардың бір сыңарын тастап кету, диалог сөздерді жаза білмеу, сұрау белгісі мен леп белгісінің орнын шатастыруы жазба жұмыстарында кездесіп отырады. Сондықтан қате көп жіберетін ережелерді нақтылап, үнемі магнитофоннан тыңдап, соған байланысты мәтінді талдап немесе жатқа жаздырып, сөйлем, сөздерді ойдан таптырып қалай да қате жібермеу үшін жұмыс істеуге болады. Мысалы магнитофонға күні бұрын мынындай ережелерді жазып қоюға болады.

1. Сөздің кейінгі буындарында ұ- естілгенімен, ы- жазылады. ү- естілгенімен - і- жазылады. Мысалы: кұ-лын , жұ-лын, кү- міс , жү -зім , күн- дік т. б.

2. Сөздер буынға бөлшектенеді. Сөздердің буын саны дауысты дыбыстарға байланысты. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалды оқушылардың өздеріне таптырып, талдау жасату керек.

3. Дауыссыз дыбыстың ешқайсысы дауысты дыбыссыз буын жасай алмайды. Дауысты дыбыс жеке тұрып та, дауыссыз дыбыспен тіркесіп тұрып та буын құрай алады. Мысалы: ас, ас-тық, ас-тық-тың, ба- ла, ба- ла- лар т.б.

Оқушылар магнитофоннан қайта - қайта тыңдау арқылы ережені тез ұғып алады. Магнитофон арқылы жастарға ұлағатты сөздер, мақал - мәтелдер, нақыл сөздер жаздырып, тындай отырып, жаздыруға болады.

Бұндай сабақ окушылардың танымдық қасиетін арттырумен қатар, өз ұлтының салт-дәстүрін, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелейді.

Қорытынды.

Ұстаз шәкірттерге білім бергенде, тіл факторын үйреткенде, олардың логикалық ойын дамыту тәрбиесін қатар жүргізеді. Бұл мақсатта ғылымда балаларға білім мен тәрбие беру міндеттерін сабақ үстінде бірлікте іске асырудың тиімді жолдары, қолайлы әдістерін іздестіреді.

Бұл әдістер оқушыларға жан-жақты білім беруде, өмір заңдылықтарын меңгертуде, олардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сөздік қорын байыту, логикалык ой- өрісін дамыту, саналы еңбекке, өз бетімен жұмыс жасай білу дағдысын тәрбиелеуге белсенді қызмет етеді.

Бұл тарамта шәкірттердің өздігінен ойлау, бақылау және тұжырым жасай алу қабілеттерін дамытудың тиімді тәсілдері қарастырылады.

Әр пәннің белгілі тақырыптарына сәйкес әр түрлі сабақта көрнекіліктің қандай түрі іске асырылатындығын атап көрсеттік. Әр сабақта көрнекіліктің түрлері пайдаланып отырса, сабақ сапалы да, нақты болмақ. Диплом жұмысында көрнекіліктердің оқу процесінде атқаратын қызметінің мол екенін дәлелдей келе, сызба көрнекіліктермен жазба көрнекіліктер оларға жататындар: кесте, үлестірмелі кеспелер, схема, карточкалы дәптер, плакат, суреттер, оқулықтар, перфокарталар, макеттер, кесте, натуральды заттар және техникалық құралдар екенін олардың сабақтағы маңызын түсіндіруге тырыстық. Сабақ процесінде техникалық құралдарда үлкен рөл атқаратындығы ескерілді. Қай кезде болмасын тәжірибелі педагогтар өз сабақтарында көрнекті құралдарды пайдаланып, сабақ сапасын арттыруда аянбай еңбек етіп сабақ технологиясын жаңартып отырған.

Пайдаланған әдебиеттер.
1. И.Ұйықбаев. Мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері. А, 1957 жыл.

2. Әлжанов Д, Маманов Ы. Қазақ тілін оқытудың методикасы. А, 1965 жыл.

3. А.Жаппаров. Қазақ тілі сабақтарында тіл ұстарту. Шымкент, 2000жыл.

4. А.Ысқақов. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды жақсартайық. А. 1957 жыл.

5. Ұйықбаев.И. Фонетиканы оқыту және озық тәжірибе. А, 1965 жыл.

6. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. А, 1975жыл.

7. Құлмағамбетова Б. Кабинеттік жүйе және қазіргі сабақ. А, 1982 жыл.

8. Кәтембаева Б. сөз құрамын оқыту. А, 1968жыл.

9. Құлмағамбетова Б. V-VІ сыныптарда тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру. 1968 жыл.

10. Жаппаров А. Оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және мазмұндама жүргізудің әдістемесі. Шымкент, 2002 жыл.

11. Кәтенбаева Б. ІV -ІХ сыныптарда тіл ұстарту. А, 1978 жыл.

12. Айғабылов А. Лексиканы оқытудың кейбір мәселелері. А, 1980 жыл.

13. Арғынов Х. Қазақ тілі методикасы негіздері. А, 1969 жыл. 14. Исабаев А. Фонетиканы оқыту. 1965жыл

15. Оралбаева Н. Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін окыту әдістемесі. А, Ана тілі, 1996 жыл.

16. Байтұрсынов. Тіл тағлымы. А, Ана тілі, 1992 жыл.

17. Итемирова А.С. Қазақша тіл дамыту сөздігі. А, 2000 жыл.

18. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. А, 1993 жыл.

19. Құлмағамбетова, Исанова А, Исингарина М, Көккөзова М, Құрманғалиева М, Айтжанова П. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А, Білім. 2000 жыл.

20. Кәтенбаева Б. Етістікті оқытуға байланысты грамматикалық таблица. А, 1980 жыл.

21. Жаниязов Ә. Лексиканы оқытуға арналған таблица. А, 1970 жыл.

22. Қазақ тілі мен әдебиеті. 2. 2004 жыл. 78-бет.

23. Айдосова. Грамматикалық ойындар арқылы оқушылардың

белсенділігін арттыру.

23. Қанжанова Г. Ізденімпаздықтың жемісі. Қазақ тілі мен әдебиеті. 2003. 3. 19-бет.

24. Оралова А. Қазақ тілі сабақтарында тіл ұстарту. Қазақ тілі мен әдебиеті. 2004.5.

25. Әбдразаков Е. Адамгершілік имандылық тәрбиесі.-Шымкент, 1994 жыл.

26. Әбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру.-Алматы, 1988жыл.

27. Әтемова Қ. Ата-аналар жиналысының мәні. Қаз. Мем. 1-1996 жыл.

28. Безкаравайный С. Жұмабаев А. Мектепте өткізетін тарихи-

әдеби кештер .- Алматы, Мектеп, 1968 жыл.

29. Бержанов Қ. Оқу- ағартудағы халықтар достығы.- Алматы,

1976 жыл.

30. Бабанский Ю. Педагогика.- Москва .1988 жыл.

31. Батышев С. Научная организация учебно - воспитательного

процеса.- Москва,1975 жыл.

32.Айғабылова Н. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары. Алматы, Өнер. 1972 жыл.

33. Баранов С. Принципы обучения.- Москва,1975 жыл.

34.Сүлейменова Р. Оқушылардың әдебиеттен өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастыру. - Алматы, 1979 ж.

35. Дайырова Ә. Бастауыш кластарда кластан тыс оқу.- Алматы, 1953 жыл.

36. Жарықбаев Ж. Аталар сөзі - асылдың көзі.- Алматы, 1980 жыл.

37. Сағындықұлы Е. Педагогика. Алматы 1999 ж.

38. Сабыров Т. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. Алматы 1999 ж.



39. Әтемова Қ.Т. Оқушылар бойында гумандық қасиеттерді қалыптастырудағы отбасының ролі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет