Үшінші кезең — постстресс — діңкенің құру кезеңі. Стрессті жайттардың ұзақ уақытқа созылуы, үздіксіз қысым жасалуы, жүйкені әбден діңкелетіп, денсаулықты бұзады. Қазіргі күнде белгілі болғандай, көптеген аурулар тәндегі гомеостаздың (ағзаның бейімделу тепе-тендігін сақтауы, өмір сүруге қабілетін жоғалтпауы) бұзылуына алып келетіні стресстік жағдайлардан туындайтыны дәлелденген. Сонымен бірге стресстен тек жүрек талмасы, қан қысымы, невроз не болмаса жүйке аурулары ғана емес, асқазанның ойық жарасы да туындайтыны белгілі.
Ұзаққа созылған стресстік жағдай адамның дене қозғалысына, сөйлеу қабілетіне өзгерістер енгізуі мүмкін. Осындай келеңсіздікке алып келетін стрессті қалай жеңуге болады.
Бүгінгі күнгі көз-қарас бойынша стресс жүйке жүйесі мен ішкі сөлденіс (секреция) бездерінің қатысуымен дамитын организмнің күрделі жүйкелік-гуморалдық серпілісі деп түсіндіріледі. Оның дамуында мидың сыртқы қыртысынан бастап, қыртыс астындағы ми құрылымдары, гипоталамус, шеткі жүйкелер мен вегетатаивтік жүйке жүйелері және гипофиз, бүйрекүсті бездері, қалқанша бездері, ұйқы безі т.б. бездер бірімен-бірі байланысқан түрде қатысады. Организмге қолайсыз жағдай әсер етуден осылардың бір функциялық жүйеге бірігуінен стресс – реакция дамиды. Ол кейде ауру тудыратын ықпалдарға организмнің төзімділігін арттырады, кейде дерт туындауына себепкер болады. Осыған байланысты қай жағдайларда стресс организмнің бейімделу мүмкіншіліктерін көтеріп, оның төзімділігін артырады? Қай жағдайларда дерттің дамуына әкеледі?-деген сауалдар туады
Шын мәнінде көпшілік жағдайларда ұзаққа созылған және жиі қайталанатын қолайсыз ықпалдардан кейінде организм тіршілікке икемділігін жоғалтпай өмір сүре береді. Демек, организм ауыртпалықтарға икемделіп, бейімделе алады деп тұжырымдауға болады.
Адаптация ұғымы – бейімделу деген сөзбен аудару оның мағнасын толық қамтымайды. Бейімделу жалпы тірі жәндік жануарларға, тіпті өсімдіктерге де тән және қарапайым серпілістер мен өзгерістер. Адаптация деп - жүйке және эндоприндік жүйелердің қатысуымен дамитын организмнің күрделі қорғану бейімделу процестері аталады. Таулы жерлердің тұрғындарына дем алатын оттегінің аздығы әсерінен тыныс алуы жиілеп, қан айналымының жылдамдығы артып артынан сүйеп кемігінде гипперплазия дамуынан оттегін тасымалдайтын эритроциттердің өндірілуі көбейеді. Осыдан оттегінің аздығына адаптация дамуына жауапты тыныс алу, қан айналым, қан өндіру жүйелері бірігіп, бір функциялық басым жүйке қалыптасады. Сүйек кемігінде, жүректе, өкпе ұяшықтарында адаптацияға қажетті шамалы гиппертрофия, гипперплазия дамиды.
Бұл құрылымдық өзгерістер дамуы үшін организмде нуклеин қышқылдары мен нәруыздардың (белоктардың) ұдайы түзіліп тұруы қажет. Осыдан нәтижесінде мида жаңа қалыптасқан шартты байланыстардың болуы имундық жүйелерде микробтарға қарсы антиденелер мен лимфоциттер өндірілуі, бауырда, қан плазмасының нәруыздары мен уытсыздандыратын ферменттер түзілуі, сүйек кемігінде қан жасушаларының өндірілуі және шеткі ағзалар мен тіндерде гиперфазия, гипертрофия дамуы байқалады. Ферменттердің түзілуі үшін витаминдер қажет, ал амин қышқылдары витаминдер организмге ұдайы тамақпен түсіп тұратын заттар болғандықтан дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Ал дұрыс тамақтанбаған адамдарда қолайсыз ықпалдарға адаптацияның дамуы азаяды. Асқа жарымаған адам қанша суық суға шынықса да, оның ауруға төзімділігі артпайды. Қорытындылап айтқанда жеңіл желпі ауыртпалықтарға (қол жұмысына, суық суға, аласа таулы жерлерге т.с.с) жаттығулардың нәтижесінде организмнің жұқпалы және жүрек қан тамырларның ауруларына т.б. дерттерге төзімділігін артырып, стресс-реакциялар адаптациялық әсер тетігі болып шығады. Ағзаға әсер ететін ауырпалықтар тым күшті болып, шамадан асып кетсе, организмнің стрессті шектейтін жүйесінің туа біткен немесе жүре пайда болған жеткіліксіздігі болса, онда стресс көптеген соматикалық аурулардың себептеріне айналады.
Қазіргі кезде эпидемиологиялық және экологиялық проблемаларға психоэмоционалдық фактор қатерлі, қауіптілердің қатарына қосылып отыр. Олардың ішінен шамадан артық эмоционалды зорлану мәселесі (психоэмоциональное напряжение немесе ПЭН) мектеп жасындағы балалар арасында жиі кездесетіндігімен сипатталады. Ресей психологтарының зерттеуі бойынша жалпы көпшілік халықтың шамадан артық эмоционалдық зорлануы жоғарылауы мемлекеттегі саяси және экономикалық жағдай үлкен роль атқарады. Зерттеулер бойынша жақында өткен қайта құру кезеңінде халықтың психоэмоционалдық зорлануы өте жоғары болып кеткен. Көпшілік арасында мазасыздану, болашаққа сенімнің төмендеуі, өмір сүру қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндіктердің төмендеуі халықтың шамадан артық эмоционалдық зорлануына алып келгені дәлелденген.
Осы мәселені ескере отырып халыққа медико-психологиялық көмек көрсету орталықтарын ашыылған. Бұл орталықтарға үш міндет жүктелуде: 1) созалмалы ПЭН жағдайындағыларға көмек көрсетіп, оларды стрессогондық жағдайларға адаптациядан өту жолдарын үйрету; 2) хроникалық ПЭН байқалғандармен коррекциялық жұмыстар жүргізу; 3) психологиялық көмек көрсету кабинеттерін ашу және осы кабинеттерде қызмет атқаратын мамандар даярлау.
РФ денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Мемлекеттік психологиялық аурулардың алдын алу ғылыми зерттеу институты 1994-2000 жылдары Мәскеу қаласының тұрғындары арасындағы репрезентативтік іріктеу жасалып, ол адамдардың психоэмоционалдық жағдайын толық зерттеу жүргізілген. Нәтижесі эмоционалдық зорлану жағдайында жүргендердің саны 26 % жақын екені анықталған. Шамадан артық эмоционалдық зорланудың табиғаты адамның санасында әлеуметтік ортада болып жатқан оқиғаларға эмоционалдық реакциясы.
Барлық эмоционалдық құбылыстар өзіне тән субьективтік модальдылықпен және заттық мазмұнымен сипатталады. Барлық қажеттілікті қанағаттандыра алмаумен байланысты орын алатын эмоциялар сияқты шамадан артық эмоционалдық зорлану (ШАЭЗ) теріс белгідегі эмоциялармен байланысты болады. ШАЭЗ-дің құрылымы өте күрделі болуы мүмкін. Қажеттілікті қанағаттандыра алмауға себеп болған жағдайлар, шарттар, адамның алдына қойған мақсатына кедергі болған әлеуметтік ортадағы өзгерістер мен жағдайлар, ағзада болып жатқан физиологиялық процестер
Стресс алдымен ағзаның спецификалық емес қорғаныс құралы ретінде белгілі болды. Бірақ ол ұзақ мерзімге созылған жағдайда ағзаның қорғаныс күштері әлсірей бастайды. Стресс түрлі жағдайда болады. Адамдардың психикалық бейімі әр-түрлі болғандықтан стресті де түрлі қабылдайды. Осы психикалық ерекшеліктер ағзаның түрлі факторларға қалай қарсы тұра білу тәсілдерін анықтайды. Писхлогиялық қорғаныс - адамның өзі толық сезініп, түсіне бермейтін өте нәзік құбылыс. Мысалы: стресстен қорғанудың- «ығыстырып шығару» деп атлатын тәсілі бар. Бұл жағдайда адам керексіз факторды елемей, назар аудармай, байқамауға тырысады. Оны өзі де сезінбеуі мүмкін, ол кейде сана астарында(подсознание) жүзеге асып жатады. Ал стрестік факторды интеллектуалазияциялау, яғни мәселені ойлап барып шешу тәсілі жүзеге басқаша жүзеге асады. Мұнда адам қалыптасқан жайда рационалды деңгейге көтеріп, талдап, одан шығудың жолын қарастырады.
Стрестік жағдайда адамның өзін қалай ұстауы – белсенді немесе енжар болуы да оның психологиялық құрылымына байланысты. Белсенді, жігерлі, пысық адам алдымен өзіне сеніп, өзі жол тауып шығуға тырысады. Ал, инертті, енжар адам тағдыр жесегіне еріп, өзгелердің шешіміне төзуге жәжбүр. Эмоцияны іште ұстау психологиялық тұрғыдан алғанда өте зиянды нәрсе. Шетелдіктердің әрқайсысының өз психотерапевті бар екендігі сондықтан болса керек. Негізінде, стрессті қабылдауға онымен күресе білуі адамның ақыл-ойының, парасатының деңгейіне, өзгешіліктеріне тікелей байланысты екені дәлелденген.
Достарыңызбен бөлісу: |