Дипломдық жұмысытың материалдарын мектеп психологиялық қызметінде және студенттерді оқыту барысында кеңінен пайдалануға болады



бет11/51
Дата15.01.2022
өлшемі0,91 Mb.
#112050
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51
Байланысты:
Дип.-Оқушылардың-шамадан-артық-эмоционалды-зорлануы-және-одан-шығару-жолдары
Баяндама аса рметті комиссия т ра асы ж не комиссия м шелері!, Үй жұмысы 11
Бірінші кезең (бастапқы кезеңі), «үрей сатысы» деп аталады. Бұл қысымның алдында болатын кезең. Мысалы, бұдан былайғы тағдырыңызды шешетін сынақ алдындағы толғаныс. Бұл қезеңде стресстік салмаққа бейімделу процесі өтіп жатады, егер осы кезде адам үрейге төтеп бере алмаса, ол адамның тіпті өліп кетуі де мүмкін. Мұндай жағдай Шығыстың ұлы ғұлама дәрігері Әбу Әли Ибн Сина тарапынан сипаттағаны жоғарыда көрсетілген.

Екінші кезең — стресстің жүзеге асуы. Ол тәннің бейімделу мүмкіндіктерінің іске түсуі арқылы орындалады. Қажетті арнаға бағытталған қуат қиындықты жеңуге көмектеседі, адамның өзіне деген сенімін арттырады, қанағаттанушылық сезімін туындатады. Сол арқылы алғашқы қорқыныш сезімін жеңуге мүмкіндік туады. Ал егер ішкі эмоционалдық қысым ұзақ уақыт бой бермесе, тәннің мүмкіндігі шектеулі болғандықтан оған төтеп бере алмайды. Ұзақ стресс және қиын жағдайдан шығу мүмкіндігінің жоқтығы жүйке стрессіне душар етеді, организм өзінің бейімделу мүмкіндіктерін тауысады, сондықтан ол біртіндеп гиперстресске айналады. Гиперстресс немесе дистресс соматикалық адреналдық жүйенің қорларын құртады, өйткені ағзаның «бейімделу қуаты да шексіз емес». Сөйтіп ұзақ стресс және үрейлі жағдай ауруға алып келеді, ал қысқа мерзімді стресс керісінше, тәннің белсенділігін арттырып, ширата түседі. Мәселен, спортшы жарысқа қатысу барысында, артист сахнаға шығу кезінде қорқыныш не толқу сезімін жеңу арқылы табысқа қол жеткізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет