Стресті болдырмау үшін не істеу қажет?
Біріншіден стресс кезінде ағзаға витаминдер қоры, әсіресе В тобы тез таусылады. Көптеген дәрігерлер күнде витамин ішуге кеңес береді, дегенмен де артық ішіп қоймаңыз.
Барлығы орнымен болғаны жөн.
Екіншіден дене жаттығулары өте пайдалы. Спорт залына барыңыз, жаттығу жасаңыз, билеңіз, ән айтыңыз, қалада серуендеңіз, бассейінге, моншаға барыңыз.
Үшіншіден, психикалық және дене релаксациясы қажет. Келесі тәсілдерді көріңіз: босаңсытатын музыка тыңдаңыз, түнгі аспанға бұлтқа қараңыз және армандаңыз.
Төртіншіден, үйлесімді өмір үшін жанұяның, достардың қолдауы қажет. Психологиялық тренингтерге барыңыз, жанұя салтанаттарынан қалмаңыз, жаңа қызықты адамдармен танысыңыз. Ата-аналарыңызға, ата-әжелеріңізге, бауырларыңызға көңіл бөліңіздер, өйткені олар сіздің махаббатыңызға, қамқорлығыңызға, мейіріміңізге өте қажет етеді емес пе.
Достарыңызбен бөлісу: |