Дипломдық жұмысытың материалдарын мектеп психологиялық қызметінде және студенттерді оқыту барысында кеңінен пайдалануға болады



бет40/51
Дата15.01.2022
өлшемі0,91 Mb.
#112050
түріДиплом
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   51
Байланысты:
Дип.-Оқушылардың-шамадан-артық-эмоционалды-зорлануы-және-одан-шығару-жолдары

Кіші топтардағы пікір – сайыс

Мақсаты: теориялық материалды бекіту.

Уақыты: 25 минут.

Материал: 4 ватман қағазы, фломастерлер, стрестен арылудың төрт түрлі сөздері бар таратпалар қатысушы үшін дайындалады.

Нұсқау: сіздерге келесі тәсілмен 4 кіші топтарға бөліну қажет. Менің қолымда сөздер жазылған таратпа салынған қобдиша бар. Әрқайсысыңыз қобдишадан сөздер жазылған таратпа сөздер аласыздар, ол сөздерге ұқсастар бір топ боласыздар. Іздегенде дыбыс шығармай, жанама емес тәсілді пайдаланыңыз. Әрбір жиналған топ оны ым-ишарамен көрсетеді. Сөздер: витаминдер, жаттығулар, релаксация, жанұя. Ал енді 4 топ құрыңдар, таймер, хатшы, спикер, төраға немесе төрайым таңдаңдар. Қазір мен сіздерге талқыланатын сұрақтарды таратамын. Пікір-сайыс барысында ми шабуылы ұстанымы мен топ қағидасын сақтаңыздар. Жұмысқа 2 минут беріледі.

1-ші топқа тапсырма: «Стресс-бұл....» сөйлемін аяқтаңыздар.

2-ші топқа тапсырма: «Стресс қалай қарсы тұруға болады?»

3-ші топқа тапсырма: Стрестік ситуациялардан мысалдар келтіріңдер.

4-ші топқа тапсырма: Егер сіз стрестік ситуацияға тап болсаңыз, не істеу қажет.

Ал, енді спикерлерді талқылау барысында өңделген топтық идеялармен таныстыруды сұранамыз.

Сонымен бірге, оқушылардың мінез-құлқын сауықтыруға психологиялық тренинг те жақсы әсер береді. Оны барлық сыныптарда 30 минут шамасында өткізу керек. Тренинг туралы материалдар да жеткілікті. Акупунктура, яғни өз өзіне массаж жасау, шынығу, көңілді қозғалмалы ойындар да жақсы нәтиже берері сөзсіз. Ал жылдам, күш жұмсауды қажет ететін ойындар оқушыларды сергітіп, көңілдерін орнықтыра алмайды. Сондықтан оларға жатып істейтін жаттығуларды үйде орындауын тапсыру керек.

Мысалы, төмендегідей жаттығу кешенін ұсынуға болады:

1. Еңкейіп, аяқ пен қолды жерге тіреп, қолмен алға қарай қадам жасай отырып жату және қайтадан бастапқы қалыпқа келу.

2. Орындыққа отырып, оның артқы жақтауынан ұстап қолды дене салмағымен қолды бүктеу, жазу.

3. Аяқты бекітіп, іш бұлшықеттеріне салмақ сала отырып, денені көтеріп-түсіру.

4. Етбетінен жатып, аяқ пен қолды бір мезгілде көтеріп, денені кері иілту.

Осылайша дене қимылдары арқылы оқушылардың бойындағы ағрессияны жойып, оларды қылмыстық әрекеттерден, өктем мінез-құлықтан сақтап қалуға болады. Бұл дене бұлшық еттерін дамытып, ағзаны шыңдауымен қатар дене тәрбиесі сабағы арқылы әлеуметтік мінез-құлықты тұрақтандыруға жасалған қадам бола алады.

7 ҚОСЫМША


Барлық жаттығулар тізімі мұнда да берілген. Есті, ойлауды, актерлік шеберлікті дамытуға арналған кітаптар төменде келтірілген:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет