Дипломдық жұмысты зерттеуде қол жеткізген нәтижелер мынадай қорытындылар жасауға мүмкіндік берді:
1.Қазірде ЖОО – ның білім беру саласындағы қызметкерлерінің алдындағы тұрған ең басты мақсат–жаңа технологиялар арқылы білім мазмұнын жетілдіру. ХХІ ғасырды Біріккен Ұлттар Ұйымы шешімі бойынша «Ақпараттандыру ғасыры» деп атады. КМЖ–ны қолдану уақыт талабы. Бағдарламалар қарқынды даму үстінде-осыған байланысты КМЖ–да еркін жұмыс істеу, одан пайдалана білу, оны өңдеу және күнделікті есептеулерде қолдану дамудың қажетті шарты болып табылатындығын көрсетті.
2. Maple КМЖ–ны қолданудың басты мақсатына орай студенттердің интегралдық теңдеулер курсын толық меңгеру үшін қолданбалық-практикалық мазмұнын күшейту керек екен.
3. Maple КМЖ–білім беру барысындағы бұрын шешімін таппай келген жаңа, тың дидактикалық әрекеттерді шешуге мол мүмкіндік береді екен.
4. Maple КМЖ–ны қолданудың шексіз мүмкіндіктерін әлі де болса практикада кеңінен пайдалану жоқтың қасы екен.
Maple КМЖ–ны қолдану төмендегідей артықшылықтарды айқындайды:
орындаған жұмыстарының кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік тудырады.
6. Maple КМЖ ұғымын біз оқытудың жаңа құралы ретінде қарастырып, оны оқу объектілерін алмастыратын, оқу материалдарындағы ең басты және маңызды мәселелерді бейнелеу және талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, абстракциялау сияқты ойлау операцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндігін анықтадық.
7. Maple КМЖ - ны қолдану тәсілдері теориялық тұрғыда негізделіп қарастырылды. Нәтижесінде Maple КМЖ ұғымына төмендегідей сипаттама бердік:
- Maple КМЖ – оқу материалы мазмұнының оқу жағдаяттарында көрініс табу құралы, яғни курстық білімдерді қолдану моделі;
- Maple КМЖ – оқу іс-әрекетінің мазмұны, яғни ол оқу жағдаяттарын шешуге бағытталған іс-әрекеттер моделі;
- Maple КМЖ – оқу материалын меңгеру құралы, яғни курстық білімдердің студенттің жеке жетістігіне өту моделі болып табылады. Оқытудағы Maple КМЖ-ның көпқырлылығы, оларды студенттердің білім сапасын арттыру құралы ретінде қарастыруға толық мүмкіндік беретіндігін көрсетті.
Жоғарыда қарастырылған зерттеудің нәтижесіне негізделіп, төмендегідей ұсыныстарды келтіруге болады:
-оқыту үдерісінде студенттердің білім сапасын арттырудың құралы ретінде Maple КМЖ – ны қолдану қажет;
-зерттеу нәтижесінде алынған Maple КМЖ – ны қолданудың мазмұндық-құрылымдық моделін студенттердің білім сапасын арттыру бойынша математиканың басқа да салаларында қолдану өз жемісін берер еді;
- зерттеу нәтижесінде алынған Maple КМЖ – ны қолдану бойынша алынған нәтижелерді ЖОО оқыту үрдісіне кеңінен енгізуге болады.