Дипломдық жоба тақырыбы: Теміржол телімін автоматты бұғаттау құрылғыларымен жабдықтау


Автоблоктау бағдаршамының орналасуы



бет4/15
Дата09.09.2024
өлшемі7,25 Mb.
#203972
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Автоблоктау жуйеси

Автоблоктау бағдаршамының орналасуы
Магистралды желілерде және үш мағыналы өткізетін бағдаршамның сигнализациясының жүйесін жүк поездының жолдық жүрудегі минималды тоқтауды,оның құрамының ұзындығы және массасына сәйкес жобаланады.
Бір жолды және екі жолды магистралды желілердегі тоқтап өті 6минктқа тең.Поездарды қозғалыс кезінде үш немесе екі блок учаскелермен бөлуге болады.
Үш мағыналы сигнализация жүйесінде ПТЭ талаптарына байланысты
Автоблоктау бағдаршамының орналасуы
бағдаршамдардың арасы толық тоқтау кезіндегі тежеу жолынан және максималды іске асырушы жылдамдығындағы және шұғыл тежеу жолынан локомотивтік сигнализация автаматты қосылуы 6 с және автостоп іркелуі 6 с кем емес болуы қажет.
Сигнал көрсеткіші 400м кем желілерде,сондай-ақ қайтадан автоблоктаумен жобаланған учаскелерде,блок-учаскелердің ұзындығы және басты жолдардығы кіретін және шығатын бағдаршамдардың арасы 1000 м кем емес болу қажет.
Жолаушы поезды 120 км/сағ-пен және жүк поезды 80 км/сағ жылдамдықпен жүретін жолдардағы екі блок-учаскенің арасы максималды іске асырушы жылдамдығына қарай тежеу жолына кем болмауы қажет.Жолаушылар поезды 120км/сағ,ал жүк поезды 80км/сағ көп жылдамдықта локомотив бағдаршамының жасыл оты бойынша жүруге рұқсат етіледі.
Ертеректе тұрғызылған кейбір блок- учаскелердегі автоблоктау қондырғылары талап ететін тежеу жолынан аз ұзындықтары бар.Осындай блок-учаскелерді қоршаушы бағдаршамдардың алдына ескертуші ретінде төменге бағытталған жанфп тұратын стрелка орнатылады.Блок-учаскенің максималды ұзындығы 2600 м көп емес болуы қажет.
Кіретін және оның алдындағы бағдаршаммен арасы мейлінше қысқа болуы қажет,өйткені поездың станцияға кіру интервалының аз болуы және поездардың қарапайым озуы,бүйірлік жолға азайтылған жылдамдықпен өтуін қамтамасыз ету үшін .Бірақ ара-қашықтық 1000 мкем болмауы керек.Сондықтан да мұндай блок-учаскелердің ұзындығы 1000-1500 м арасында болуы қажет.
Қала маңындағы желілердегі қозғалыстың іркілуі 3-4 мин болуы қажет.
Әрбір перегондық бағдаршамның өз нөмері бар,ол қозғалыс бағытын белгілейді және станцияның кіретін бағдаршамының жойылуын көрсетеді.Тақ санды бағыттағы бағдаршамдар тақ сандармен (1,3,5,7 және тағы басқа),жұп бағыттағы бағдаршамдар-жұп сандармен(2,4,6,8 және тағы басқа)станцияның кіретін бағдаршамынан бастап қарама-қарсы бағытта белгіленеді;
Кіретін бағдаршамның алдындағы мачталарға үш жолақ түріндегі шағылыстырғышы бар белгілер орнатылады.
Бағдаршамдарды изоляцияланған стыктері бар бекітпемен орнатады.Кіретін бағдаршамда изоляцияланған стыктарды екі жаққа да 2 м көп емес,ал өткізетінде бағытына сай 10,5 м және кері бағытта 2 м дейін жылжытуға рұқсат етіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет