Дипломдық жобаны (жұмысты) орындаудағы Тапсырма Студентке Жұмагелдина Ақсұлу Орынғалиқызына


Гобелен тоқу процесінде қолданылатын құрал - жабдықтар



бет24/26
Дата27.02.2022
өлшемі351,56 Kb.
#133580
түріДиплом
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Жумагелдина А. диплом
726 9146 28559, Курсовик ЖДП(моё), sswt 4 week nurai, sswt 4 week nurai, Бижанова Алма
Гобелен тоқу процесінде қолданылатын құрал - жабдықтар










III Бөлім. Дипломдық жұмыстың орындалу барысы мен кеткен қаражаты
3.1. «Ана құшағында» гобеленінің орындалуы
Менің негізгі дипломдық жұмысымның тақырыбы «Ана құшағында» деп аталады. Жұмыстың өлшемі 60:75 см. Гобелен. Аралас техникада, яғни, түкті және түксіз тоқылған. Портреттік жанрдағы гобеленді тоқуым бірінші рет емес. Бұл гобеленнен бұрын «Қазақ мадоннасы», «Ана мен бала» атты портреттік жұмыстар тоқыған болатынмын, сәтті шықты.
Жұмысыма арқау болған шығарманың негізгі авторы Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Сүйіндік ауылында туған суретші-график Жұмабаев Бекжан Ахмедоллаұлы болатын. Ол 1994-1998 жылдары Оралдың көркемсурет графика факультетінде білім алды. 2000 жылы қалалық суретшілердің көрмесіне қатысып, 2002 жылы облыстық «Дала дарындары» фестивалінде Бас жүлдені жеңіп алды. Халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестиваліне де қатысқан. Тұңғыш дербес шығармашылық көрмесі 2009 жылы «Даламның қоңыр әуені» деген атпен Орал қаласында өтті. Өнердегі негізгі ұстанымы «Ұлттық бояу, қазақы үн».
Бұл суретшінің жұмыстары өте көп-ақ. Соның ішіндегі өзіме ерекше ұнағаны «Алақан» атты графикалық туындысы. Бұл туындыдан ананың жылы мейірімін, аялы алақанын сезінуге болады. Баланың ана құшағында бақытты екені көзінен көрініп тұрғандай. Бұл шығарманың орындалуы графика жанрында болғандықтан, мен оны түстік шешіммен гобелен техникасынла орындап көргім келді. Станокта керілген жіпте, әр түрлі түсті жіптермен, аралас, яғни, түксіз және түкті техникасымен шығарғанды жөн көрдім.
Шығарманың басты кейіпкерлері ретінде ана мен бала алынған. Ол орынды да. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен, өмірдегі ең кешірімді, мейірімді, ең жақын, ардақты да аяулы жан ана емес пе?
Ана бақыты – бала. Басыңнан сипаған ананың аялы алақанына , бауырына қысқан ыстық құшағына жетер не бар дейсіз?
Дипломдық жұмыстың бастапқы кезеңдері: қараша-желтоқсан айларында эскиз жұмысымен, қаңтарда материал таңдау, станок жасаумен, ақпан айында жұмыстың теориясымен айналыстым. Наурыз айынан бастап гобелен тоқуды бастадым. Жалпы жұмысты орындауға кеткен уақыт күніне екі сағат, кейде үш сағаттан есептегенде 3 ай мерзім.
Дипломдық жұмысты орындау барысында жіп керілген станок, бірнеше түсті, материалы әр түрлі тоқыма жіптер, қайшы, шанышқы, т. б. қолдандым. Тоқу кезінде қиындықтар болды: қателесіп қайта тарқатқан, тартылып кету. Бірақ, қателіктерді дер кезінде байқағаннан, суретім анық, түстері басым, жақсы шықты деп ойлаймын. Композицияда мына түстерді қолдануымның себебі: ақ түс – шындық, пәктік, бейкүнә нышаны, сарғыш – ақыл, парасат, уайым, қоңыр түс – терең ойды, мұңды (арман,тілек), қошқыл қызыл түс – ізеттілікті білдіреді.
Болашақта да осы бағытта, яғни портреттік жанрда гобелен тоқуды жалғастырамын. Бұл аз да болса, қазақ халқының қолөнеріне қосқан үлесім деп есептеймін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет