Дипломдық жобаны (жұмысты) орындаудағы Тапсырма Студентке Жұмагелдина Ақсұлу Орынғалиқызына


Дипломдық жұмыстың орындалуына кеткен жалпы қаражат



бет25/26
Дата27.02.2022
өлшемі351,56 Kb.
#133580
түріДиплом
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Жумагелдина А. диплом
726 9146 28559, Курсовик ЖДП(моё), sswt 4 week nurai, sswt 4 week nurai, Бижанова Алма
3.2. Дипломдық жұмыстың орындалуына кеткен жалпы қаражат

Қорытынды
Сірә, Қазақстанның қолданбалы өнері ішінде тек гобеленде ғана емес сан – салалы тәсілдер қолданылса керек. Көптеген қалалардағы көркем галериялар мен көркем залдарда ұйымдастырылатын көптеген көрмелерді аралап шықсаңыз, бұған көз жеткізу қиын емес. Бұл көрмелерде қолөнер сан – түрлі күйде паш етілген. Бұл «классикалық» тәсілмен атқарылған тегіс, жалпақ гобелендер, сондай – ақ қазіргі заманғы аралас тәсіл қолданылатын фактуралы дүниеле. Ауқымды, кең гобелендер ерекше топқа жатқызылады, оның ішіне, қолмен тоқылған киім – кешекте авторлық үлгілері де енеді.
Қазақтың гобелені – тың, қызықты һәм болашағы бар көркемдік құбылыс. Бірнеше онжылдықтың ішінде оның толыққанды тамыр жаюына салт – дәстүріміздің сақталғаны септігін тигізсе керек. Қазақстанда қалыптасқан салт бойынша тоқыма бұйымдар атам заманнан қолданылып келген, үй ішіне оңашалық пен жылылықты дарытқан. Өкінішке орай, соңғы жылдары Қазақ жас суретшілері бұл дәстүрді қолданбай келеді. Оған деген ынтызарлық та кеми түскендей. Мұның бірнеше обьективті себептері бар. Бірінші, асқақ – қолданбалы жұмыстарға деген мемлекеттік тапсырыс жүйесі сарқылды. Кеңес үкіметі кезінде, осы жүйенің арқасында, суретшілер өзінің ішкі ойын жүзеге асырып, қоғамдық орындардың интерьерін әшекелей алатын. Екінші, біздің заманда осы тектес жұмыстар тек жеке меншік интерерьлерге ғана қондырылып жүр. Әлбетте мұндайда гобелен өнері станковизацияланып, асқақ қолданбалы өнер туындысы аталудан қалады. Сондай – ақ, тапсырыс беруші меншік иесі көркемдік әшекейге кетер шығынды неғұрлым азайтуға тырыспады, осының салдарына қолөнер шеберлерін де мұндай өнерге тарту қиынға түсіп жатады. Үшіншіден, қоғамдық орындардың интерьерін шет елдік мердігерлеп әшекелейді. Олар, әрине, жергілікті, суретшілерді жұмысқа алуға құлықсыз.Осындай дәстүрде өсіп - өнген Қазақстан гобеленшілері орасан зор, ауыз толтырып айтарлық өнер туындыларын дүнинге келтірді.
Қазақ халқы талай ғасырларда қиыншылықтың қырына қарамай кейінгі ұрпақтар үшін көптеген өнер мұраларын қалдырды. Олар біздің өміріміздің зейнеті болуы үшін күрескенде неше түрлі азапты – от пен судың тар жол, тайғақ кешуінен өтті. Өнерлі өрге жүзер дейді халық, гобелен тоқуды қолөнердің өзіндік қырсыры мол, қиын әрі озық түрлерінің бірі десекте болады. Осы өнерді үйренгісі келген әр адамның оның сан түрлі бояуларынан туындайтын қалыптастырып келген, сан ғасырлар бой тұрмысқа байанысты, нобайларына лайықталып келген ою – өрнек түрлерін оның мазмұнын жаңара түсіп, бет – бедеріне тұрмыс – тіршілікке байланысты тың мағына беретін туындылардың пайда болуы. Халқымыздың ұлттық киімі – мәдени мұрамыз. Ұлттық киіміміз әлем халқының алдында ұлтымыздың ерекшелігін танытады, өнерімізді паш етеді. Ұлттық киімімізді өнер туындысы деп қарасақта болады. Ол атадан балаға мирас болып келе жатқан байлығымыз. Ендеше ұлтымыздың бет – бейнесі болып саналатын ұлттық киімімізді қастерлеу, дамыту бүгінгі ұрпақтың еншісі. Гобелен өнері дамуына үлес қосқан Қазақстандық суретшілердің өмірбаянымен де кең көлемде таныстық. Гобеленнің даму тарихы мен одан әрі өркендеуінің осы күнгі нәтижесіне көз жетерлік.
Ғасырлар сынынан еленіп, ұрпақтан – ұрпаққа ұласып ежелден келе жатқан халықтық қолданбалы өнердің озық үлгілері жеке тұлғаның қалыптасуына, дамуына, ұлттық тәрбиесіне ықпалын тигізері сөзсіз. Сондықтан, жас ұрпақ тәрбиесінде жалпы білім беру саласында тәлім – тәрбиелік мәні зор халықтық қолданбалы өнер туындыларын оқу - тәрбие үрдісінде қолдану жағдайлары күрделі зерттеуді талап етеді.
Сондықтан да болашақ тоқымашылар, суретші модельер, дизайнер тіпті осы мамандықтарға баулитын оқытушы мамандар гобелен тарихы жөнінде білімдерді игеру арқылы кілем үлгілерін әзірлеуде тамаша жетістіктерге жетеді. Әрбір тарихи кезеңдердегі кілем үлгілерінің пішімі, матасы және оның түсі мен мата бетіне салынған ою - өрнектер, жіп түрлері, әшекейлеу түрлері, гобеленнің қосымша бөліктері жөнінде терең мәліметтер береді.
Зерттеу жұмысы бойынша қорыта келе көз жеткізген мәселе, бұл – дүниежүзі халқына ортақ тақырып, соның ішінде гобелен тоқу өнері қай кезде де өзінің құндылығын жоймайтындығына көз жеткіздім.Гобеленнің кең ауқымды дамуына өз үлесімді қосуды тұжырымдадым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет