Дипломдық жобаны (жұмысты) орындаудағы Тапсырма Студентке Жұмагелдина Ақсұлу Орынғалиқызына


Гобелен тоқуда қолданылатын құрал-жабдықтар



бет23/26
Дата27.02.2022
өлшемі351,56 Kb.
#133580
түріДиплом
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Жумагелдина А. диплом
726 9146 28559, Курсовик ЖДП(моё), sswt 4 week nurai, sswt 4 week nurai, Бижанова Алма
2.4. Гобелен тоқуда қолданылатын құрал-жабдықтар.

Гобелен тоқуда көп құралдың қажеті жоқ, оған кез-келген жіп жарайды, тіпті ол қалдық немесе пайдасыз киімдерден тарқатылып алған болса да жарай береді. Гобелен тоқу үшін негізгі жіптен арқау жіпті оңай өткізіп, тоқу үшін қағаздан немесе жұқа ағаштан дайындалған үйрек тұмсық құралын пайдаланады. Үйрек тұмсық құралы жұмыстың тез жүруіне көмегін тигізеді. Үйрек тұмсық құралдың біреу емес, бірнеше түрлерін дайындап пайдалануға болады. Мысалы мына құралдарды жатқыза аламыз.


Гобеленді төрт бұрышты рамада тігеді. Оның арқау жібі мықты болғаны жөн. Жіптердің ара қашықтығы 5 мм – ден аспау керек, ал арғы жағына эскизді қағаз салып, мықпен (кнопкамен) бекітеміз.
Тақ және жұп жіптерді бөліп тұру үшін бізге диаметрі 20 – 30 мм болатын таяқша қажет. Содан кейін керілген жіптің төменгі және жоғары жақтарынан шалып байлап шығамыз, бұл дайын жұмыстың тарқатылып кетпеуі үшін. Дайын станокқа шахмат әдісімен шегелер қағып оған арнайы жіп кереміз, ол өте мықты болғаны жөн. Тағы бір қажетті дүние қол тоқпақ, ол жіптердің тегіс түсуіне көмектеседі. Ал, ілмек тоқу жұмысын жеңілдету үшін пайдаланылады, онымен тоқу арқылы уақытты үнемдеуге болады және түкті гобелен тоқу барысында қайшы мен тарақ пайдаланылады, олар жіптерді қиып, жазып отыру үшін қажет.
Енді жұмысты бастау үшін оған арнайы құралдар керек, олар: жіп орау үшін үйрекауыз, тарақ, қайшы – ілмек, түрлі – түсті жіптер. Алдымен дайындалған бұйымның өлшемі мен формасын белгілеп алу керек.
Алынған эскизді қандай әдіспен берген жөн деген кезде үш жағдайын қарастыруға болады. Біріншісі – таза сәндік дәлелдемесінде, яғни, стильденген әдіспен анық түстермен тек сурет сұлбасын көрсету абстрактылы тақырыпқа құрылған түрі, екіншісі – кескіндемеге жақын, шынайы көрсетіліп, ауа кеңістігі, көлемі, түс айырмашылықтары беріледі, үшінші әдісі – кескіндемемен сәндік өнердің араласуынан туады.Ал, оны түкті, түксіз әдісте тоқу және жіптердің барлығын таңдап алу осы эскизге байланысты әркім өзінше алады.
Түкті кілем туралы көп біледі, ал суретті тықыр кілем, гобелен туралы көп біле бермейді. Қарап тұрсақ ол кілем сияқты, тек тықыр болып келеді. Және тақырыпты суреттер болып картина сияқты жарға ілінеді және еденге төселіп Шығыс елдеріндегідей жиһаздарға қап ретінде де пайдаланылады. Оның тоқу әдісін білген кісі кез – келген суретті тоқып шығара алады. Білген кісі кез – келген суретті тоқып шығарады, ол ою – өрнек немесе абстракталы немесе тақырыпқа құрылған композициялар болып келеді. Ескі гобелен тоқу әдістері жаңа әдістермен толығып оған құрастыру, макраме тоқу техникаларын да араластырып пайдаланады. Бұл жағдайда гобелен бедерлі болып қабырғадан бері шығып тұрады, ол, өзіндік бір өзгеше құрылым береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет