«әлемнің50дамығанормандарыныңқатарынакірумәселесі»деп ишара жасайды.
Әңгімені шартты түрде екі бөлікке бөлуге болады. «Теміржол вокзалы» жинағына кірген әңгіменің жоғарыда аталған сипаттарына сай келетін және постмодернистік мәтіннің бір көрінісі болып табылатын мысқыл (чёрный юмор), кекесінге (ирония) негізделген бөлігі 152-беттен 163-бетке дейін жалғасады. Мұнда автор постмодернистік ситуацияға тән билік басындағы саяси элитаның іс-әрекетіне күмәнменқарайды. Қоғамдағы әділетсіздіктер жайындағы тақырыпты астарлы әжуаға айналдырып, философиялық тәмсіл жазып шыққан орыс жазушысы В.О. Пелевиннің «Затворник и шестипалый» повесі мен Ә.Байболдың «Ормандағы жиын» әңгімесінің таңдап алған тәсілдері жағынан ұқсастық көруге болады. Бұл туралы осы жұмыстың авторы
«Intertextuality and intermediality methods in literature: On the base of stories of T. Asemkulov “Treasure of Bektori” and “Meeting in the forest” written by A. Baybol» (Әдебиеттегі интертекстуалдық және интермедиалдылық тәсілі: Т.Әсемқұловтың «Бекторының қазынасы» повесі мен Ә.Байболдың
«Ормандағы жиын» әңгімелері негізінде») деген мақаласында кеңірек тоқталып өтеді. «Ормандағы жиын» әңгімесіндегі орта – орман деп берілсе, «Затворник и шестипалый» повесінде құс комбинаты деп берілген. Кейіпкерлері бірінде –
аңдар, екіншісінде – тауықтар. Екі шығарма да аллюзиялық сипатымен және қосарлы кодтауға негізделіп, көпшілік оқырманға да, өрелі оқырманға да арналып жазылғандығымен ерекшеленеді. Әр оқырманның қабылдауы арқылы мәтіннің түрлі нұсқалары пайда болады. Тек бұл шығармаларды өрелі оқырман оқығанда ғана, астарлы ойлар айқындалады. Ал екі шығарманың бір-бірінен ерекшелігі, «Затворник и шестипалый» повесінде ирония астарлы берілген де, ал «Ормандағы жиында» кекесін табы анық байқалады. Мысалы, «Құқымыз тең болсын» деп теңдік сұрап отырғанға ұқсайды». Далбаса сөздер өңешін кеберсітіп жіберді ме, тамағын қырнай берді» т.б. сияқты сипаттаулар арқылы автор өзі астарлаған әңгімеге өз көзқарасын білдіріп отырады. Әңгіме жалпы формасы жағынан, қолданылған тәсілдері жағынан постмодернистік нышандары өте басым болғанымен бұл шығарманы неліктен постмодернистік және дәстүрлі туынды аралығындағы шығарма қатарына жатқызамыз деген сұрақтарға жауап табуға болады [68, p. 87]. 163-беттен ары қарай әңгіме оқып отырған бағыттан басқа арнаға кілт бұрылып, кәдуілгі аңға шыққан аңшылар жайына ауысып, аңшылар ормандағы аңдарды қырып тастауымен бітеді. Алайда аңшылар қарапайым аңшылар болып суреттелгенімен аңдар әлі де аллегориялық сипатынан арылмайды да, автордың постмодернистік мәтінде жиі орын алатын «автордың ойыны», «симулякр» тәсілдерін пайдалану әрекеті сәтсіз шыққан. Мысалы, «Бағанағы жиыннан кетіп қалған Қасқыр біраз жер жортып жүрді де, орманға бет алған құранды, шоқпыт топты көзге ілмей, саңмүйізденіп тұрғаны белгілі. Бірақ сәл бөгелістен кейін дауласып жатқан аңдарды құлақтандыру үшін кері шегінді» [61, б. 164-165], – деп келетін мәтін үзіндісі сәтті қолданылып келе жатқан тәжірибенің шырайын бұзатын тұс деп есептейміз. Осы тұста аңдар арқылы берілген қоғам өмірінің көлеңкелі жақтары туралы ишара, емеурінді толықтай ыдыратып жіберіп, аңдар да қарапайым аңға айналып шыға келсе симулякрге балар едік, әрі автордың ойыны да сәтті жүзеге асқан болар еді. Екіншіден, оқырман «әлемнің 50 дамыған ормандарының қатарына кіру мәселесі» деп басталатын интертекстік орайда берілген аллюзиялық мәтіннен өз қорытындысын жасап алар еді, бірақ дәстүрлі әдебиеттің танымдық, тәрбиелік, этикалық қызметінен бас тарта алмаған автор, шығарманы оқырманның өзінің қорытындылауына мүмкіндік бермей
«Аңшылар аңдардың ауызбіршілігініңжоқтығынпайдаланыпқырып тастады...» [61, б. 165], – деп әңгіме астарынан шығатын моральді айтып салады. Яғни пішіндік жағынан постмодернистік шығармаға өте жақын болғанымен, шығарманы өзі қортындылай отырып, автор мәтіннен бас тартпайды және постмодернизмнің негізгі шарттарының бірі болып табылатын Р.Барттың «автордың өлімі» теориясына мойынсұна алмаған.