Диссертация Отандық ғылыми кеңесші: Филология ғылымдарының докторы, профессор Пірәлі Г. Ж


«Младенческая смертность и радиация»



бет43/48
Дата12.03.2022
өлшемі0,51 Mb.
#135299
түріДиссертация
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
Диссертация Сәулембек Г.Р.

«Младенческая смертность и радиация»


Анализ данных о младенческой смертности и ее структуре впериод за 1985-1996 годы показал, что из поколения в поколение (1962 год и далее) рождаются физически более ослабленные дети, менее приспособленнные к условием среды. Высокий уровень мланденческой смертности приходится на 1986 и последующие годы – 40 на 1000 родившихся детей» [106, с. 488].


Кітап құжаттар стилінде берілген және жанры жағынан деректі очеркке жақын.
Мұндағы мәтін қабаттарының барлығы да оқырманды мәтіндер шырғалаңына бастайды, ондағы мақсат оқырманның өзі де автормен бірге шығармашылықтың құпия қоймаларын ақтарысып, оның жасырған жұмбақтарын іздеп тауып, сол арқылы ерекше әсерге бөленгісі келуден
туындап отыр. Енді қорытындыласақ, автордың метапрозаны қолдануынан мына ерекшеліктерді көреміз:

  1. Мәтін ішіндегі мәтін;

  2. Романда әдеби шығарманың туу үдерісі бейнеленген;

  3. Романда әдеби шығармаға мәтін ретінде қарау орын алған;

  4. Басынан бастап аяғына дейін бірсыдырғы оқу емес, түрлі тәсілмен оқуға болатын тұтастығы бұзылған (нелинейный) роман;

  5. Кейіпкері автордың өзі болып табылатын роман ;

  6. Роман оқып отырған адам туралы роман;

  7. Мәтінді жазылып жатқан сәтінде оқырманға оқыту;

  8. Кітаптың өз элементтеріне тақырып, параграф, сюжетіне сілтеме жасайтын мәтін;

  9. Автор тұлғасына, «меніне» мәтін тарапынан ықпалдың болуы;

  10. Өздерінің ойдан шығарылғандығына қауіптенетін кейіпкерлердің болуы;

  11. Интертекстуалдық орайда әдеби шығармаларға, деректі құжаттарға, діни мәтіндерге, ауыз әдебиеті үлгілерінен көшіп жүретін сюжеттерге, кейіпкерлерге аллюзиялар, сілтемелер, реминисценциялар, алынған дәйексөздер кездеседі (буддизм мәтіндері, мифтер, ғылыми еңбектер т.б.).

Қорытындылай келгенде қазақ әдебиетіндегі постмодернистік проза өкілдерінің шығармашылығында орын алған метапроза құбылысының қолданылу ерекшеліктері әрқилы екендігін талдау барысында көз жеткіздік. Д.Амантай романын талдауда авторлық рефлексия, яғни автордың өзін-өзі талдауы романның басталуынан-ақ айқын көрініс тапса, Т.Әсемқұловта метапроза шеңбер тәсіліне құрылған. Кейіпкер-автордың бейнесі әңгіменің соңғы сөйлемдерінде анықталатындықтан оқырман әңгімені басынан бастап ойша қайта шолып шығуға мәжбүр. Осылайша мәтінді ұғыну үшін бір шеңбер жасап шығуына тура келеді. Біздіңше, бұл оқырманмен ойын ойнаудың, постмодернизм теоретиктері айта беретін, оқырманның көңілін көтерудің ұтымды жасалған тәжірибесі деп білеміз. А.Жақсылықовтың романы – бірнеше романдардың жазылу тарихын қамтитын шытырман роман. Тәсілдік тұрғыдан Т.Әсемқұловтың «Бекторының қазынасына» жақын, себебі мұнда да кейіпкер автордың тұлғасымен трилогияның үшінші кітабына келгенде ғана таныс боламыз. Дәлірек айтсақ, кейіпкердің мәтін ішіндегі автор екендігін жаратушы автор жасырын ұстайды.
Жалпы үш автордың шығармаларындағы постмодернистік үрдістер проблематикалық тұрғыдан ғана емес, мәтіннің құрылымдық деңгейі тұрғысынан да (сюжет пен композиция, баяндау мәнері, әлемдік әдебиеттегі өзіне бұрынғы пайда болған мәтіндерге деген өзіндік көзқарастары мен байланыстары т.б.) көрініс тапқан. Жазушылардың күрделі философиялық танымы (уақыт, ақиқат, таным мәселелері туралы пайымдаулары) олардың бейнелеу құралдарын тынбай ізденуіне, әлемдік әдебиеттегі тәжірибелерді жіті қадағалап, әдебиетімізге лайықтысын іріктеп, шақтап ендіруге тырысуына басты себеп деп білеміз. Жоғарыда қарастырылған үш автордың
шығармаларынан метапрозалық сипат айқындалды, ары қарай олардың метапроза қолданудағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын кестеге салып қорытындылаймыз (1-кестеге қараңыз).

Кесте 1 – Д.Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар», А.Жақсылықовтың «Ант ұрғандардың түстері», Т.Әсемқұловтың «Бекторының қазынасы» шығармаларындағы метапрозаның ерекшеліктері





Метапрозаның сипаттары

Д.Амантай
«Гүлдер мен кітаптар»

Т.Әсемқұлов
«Бекторының қазынасы»

А.Жақсылықов «Ант ұрғандардың түстері»

1

Мәтін ішіндегі мәтін



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет