Трилогияныңметпрозалыққалыбыәшкереболғанғадейін,автортарапынан оқырманға ишара жасалып отырады. Роман бір-біріне жасалғансілтемелер, аллюзиялар, дәйексөздерден тұрады. «Әнші шағылдар» романында Жанның трансқа кіргендегі галлюцинацияларында кездесетін Үкі келесі романның да кейіпкеріне айналса, «Әнші шағылдардың» 36, 40-беттеріндегі
Жанның сандырақтары «Өзге мұхиттың» 369, 355-беттерінде аздаған өзгеріспен қайта қайталанады да сыртқы мәтін ішкі мәтіннің жасандылығын қайта-қайта оқырманның есіне салып отырады. Жорналшы екінші кітапты жазуға кіріскенде одан бұрынырақ өзі жазып бітірген романының елесі қуып жүреді.
Өзгелік төл сөздермен берілген романның екінші кітабы да бірнеше мәтіндер қабатынан тұрады. Мұндағы баяндаушы жолынан адасқан жорналшы. Мұндағы мәтін құрылымы көп ретте мәтін ішіндегі мәтінді оқу әдісі арқылы бұзылып отырады. Жорналшының атасының хатын ойша оқуы, оны мәтінге сол күйі енгізуімен мәтін алғашқы рет бұзылса, иесіз қалған елді-мекендегі ескі үйлердің бірінен табылған үш дәптердегі жазбаларды оқыған кезде бірнеше мәрте бұзылады, ал үйдің шатырындағы кітапханадан табылған Семей ядролық полигонындағы жарылыстар, радиация әсерінен өлген сәбилер туралы деректерді оқу барысында тағы да тұтастықтан ауытқиды.
Сыртқы мәтін ішіне орналастырылған бірнеше ішкі мәтінді оқу барысында баяндау түрі де, стилі де, жанрлары да өзгеріп отырады. Алғашқы хатты оқу сәтінде хат тырнақшаға алынып берілгенімен өзгелік төл сөз қалыбы сақтала беріліп оның мазмұнынан болмаса, баяндау тұрғысынан жеке мәтін ретінде ерекшелене қоймаған. «Под харп спящей женщины, сжимая в руках стопку школьных тетрадей, тывспоминалинтонацию бегущей дедовской строки
«То было в годы полного могущества великой империи. Ты находилсявнутри здания, которое высилось в самом центре столицы державы» [106, с. 110]. Мұндағы интертекстуалдық орайда ендіріліп отырған хат мазмұны мәтіннің тұтастығын бұзғанымен, баяндау тәсілі өзгермегендіктен мұндағы интертексті тек тырнақша ғана анықтап тұр. Ал ескі дәптерлерді оқығанда оның авторлары-Малыш, Қоян, Мәңгі жалғыз қарт бірінші жақтан сөйлейді.
Кітапханадан табылған кітап интертекстік орайда ендірілген. Тіпті ендірілген мәтін ерекше рәсімделген.