Классикалық шығарманың мақсаты мен мазмұнына: этикаға, моральдік құндылықтарға жасалған ирония
Классикалық әдебиетте идеялық мазмұнымен қоса, шығарманың көркемдік дәрежесі, тілдік қолданысы қатаң електен өткізілетін. Бұл ұғым жөніндегі анықтамада «Халықтың кемеңгер ақыны, жазушысы жасаған қоғамдық мәні мен көркемдік сапасы жоғары саналған шығармалар классикалық әдебиет қорына жатады. Классикалық әдебиет барлық кезде де биік адамгершілік, ағартушылық және жалпы халықтық ізгі идеяларды ту етіп, көркем шығарманы дүние жүзілік мәні бар нағыз өнер туындысы дәрежесіне көтеріп келеді» [21, б. 266] делінген. Алайда Батыс Еуропадағы андеграунд әдебиетінің өкілдері үшін капиталистік қоғамның, ал Шығыс Еуропадағылар үшін социалистік қоғамның барлық қабаттарының шындығын қамти алмайды деген пікірдің әсерінен «өмірдің айнасы» аталған классикалық әдебиетке барлық жағынан соққы жасалды. Кеңестік кезеңнің андеграунд әдебиетінің өкілі Абрам Терцтің «Пушкинмен серуен» («Прогулки с Пушкиным») атты эссесінде: «Искусство зависит от всего – от еды, от погоды, от времени и настроения. Но от всего на свете оно склонно освобождаться. Оно уходит из эстетизма в утилитаризм, чтобы быть чистым, и, не желая никому угождать, принимается кадить одному вельможе против другого, зовет в сражения, строит из себя оппозицию, дерзит, наивничает и валяет дурака. Всякий раз это – иногда сами же авторы – принимают за окончательный курс, называют каким- нибудь термином, течением и говорят: искусство служит, ведет, отражает и просвещает. Оно всё это делает – до первого столба, поворачивает
и –
Ищи ветра в поле» [140, с. 201], – деп әдебиеттің қоғам өміріндегі қызметіне күмәнмен қарайды. Бұрын өмірдің шындығы деп қабылдаған ақиқат абсурдтық деңгейге жеткізіліп қана қоймай, тілге төңкеріс жасалды. Қай
географияны қамтымасын, тілге еркіндік сыйлаған, қатқыл сыни көзқарастарымен ерекшеленетін, сарказмға толы, әрі маскүнемдік, сексуалдылық, бейәдептілік, анайылыққа толы, қоғамдағы қалыптасқан жүйеге, моральдық-этикалық құндылықтарға қарсы әдебиеттің бұл тармағы бастапқыда мойындалмаса да, қазіргі таңда өз орнын тапқан. Бұл да постмодерндік шақтың жемісі болса керек.
Қатігез өмірдің қайраңына қайырлап қалған тағдырларды, олар кешкен шынайы өмір шындығын ешбір боямасыз әдебиетке көшірумен бірге дөрекі, бейәдеп лексика тасқа басылды. Американдық «андеграунд», түріктің жерасты («yeraltı») әдебиеті, орыс әдебиетіндегі андеграунд, (орыс әдебиетіндегі андеграундтың мәні өзгешерек), метареализм, «чернуха» сынды құбылыстардың анайы әрекеттерді натуралистік тұрғыдан беру және дөрекі гротескілік сипаты постмодернизмнің «бедел дағдарысы» тұжырымдамасымен астаса отырып әдебиеттің төріне шықты. Американдық андергаунд Чарльз Буковски «Factotum», «Қаладағы ең әдемі әйел» (The Most Beautiful Woman in Town), «Pulp», «Почта» (Post Office), Чак Паланик, Жордж Батай есімдерімен байланысты болса, түркиялық жерасты («yeraltı») әдебиетінің өкілдері Сибел Торуноғлу («Тravesti Pinkyo»), Хикмет Темел Акарсу, Юсуф Атылган, Вүсат О Бенер болып табылады. СССР-дағы ең алғашқы андеграунд әдебиетінің өкілі Абрам Терц болатын. Оның 60-жылдары жазылып 1975 жылы жарық көрген
«Пушкинмен серуен» («Прогулка с Пушкиным») романы алғашқы постмодернистік романдардың бірі болатын. Романның басты мақсаты кеңестік жүйеде қалыптасқан жеке тұлғаға табыну құбылысын әшкерелеу болатын. Поэзиядағы концептуализмді Дмитрий Пригов, Лев Рубинштейн, Всеволод Некрасов, Михаил Сухотин, Тимур Кибиров жалғастырса, Иван Жданов, Михаил Синельников, Марина Кудимова, Елена Шварц, Ольга Седакова шығармашылығы метареализмге құрылды. Өзге елдер әдебиетінде «көш ілгері» кеткен осынау тәжірибе кең етек жайып, оның ықпалы қазақ әдебиетіне де тие бастағаны Д.Нақыповтың «От орны» романынан байқалады. Десек те, Д.Нақыповтың «От орны» романынан бұрын жазылған және кейін жазылған Қазақстан постмодернистерінің шығармаларында белгілі қалыптан, қалыптасқан ережелерден ауытқу жиі ұшыраса бермейтін құбылыс екендігін айтып өткен жөн. Тілді ойнату арқылы жасалған түрлі тәжірибелер молынан кездессе, натуралистік бейнелеулерге аракідік барып, ал бейәдеп лексиканы пайдалану сирек кездесетін құбылыс болатын.
Диссертациямызға бұл тараушаны енгізу санамызда қалыптасқан моральдік-этикалық ұстанымдарымызға байланысты қиындық тудырғанымен, тек қазақ әдебиеті ғана емес, бүкіл әлем әдебиеті үшін постмодернизм аталған қайшылықты бағыттың нақты әдебиетімізде көрінісін объективті түрде, жан- жақты ашып көрсету мақсатымыз таразы басын жеңді. Кей тұстарда романға талдау жүргізудің теориялық жағын мәтіндермен дәлелдеуде автор қолданған бейәдеп лексика жақша ішінде көп нүкте арқылы көрсетіліп беріледі.
«От орны» романында әдемілік эстетикасы немесе бейәдеп эстетика тұрғысында жазылған мәтіндер кесінділері кезектестіріле беріледі. Автордың
бір-біріне үйлеспейтін қарама-қайшылықты ұғымдардың басын бір романда тоқайластыруында әлем жаратылысындағы қайшылықтарды көрсету мақсаты жатқандай. Мәтіндегі бейәдеп лексика мен бедел дағдарысы астаса отырып, жоғарыда атап көрсеткеніміздей, қоғамның саяси-әлеуметтік жүйесіне кейде ирониямен, кейде гротескімен қарсылық таныту тұрғысынан ерекшеленіп қоймай, роман мәтініндегі мұнан басқа да желілерде анайы сөздер көптеп қолданылады.
Роман кейіпкері Доктың балет мектебінде бірге оқыған досы Рудиктің шетел асып қашып кетуіне байланысты НКВД-нің тергеуіне алынады. Мұны кейіпкер: «Странно, но во время беседы-допроса в том кабинете, с запахом старого кала и страха...», – деп ой ағыны арқылы еске алады. Автор мұнда әдеттен тыс әдеби тәсілді қолданады. Дәстүрлі әдебиетте троп, эффемизмдермен берілетін сөз ешбір жұмсартылусыз ауызекі тілдегі қарабайыр қолданысында берілген. Аталған мекеменің табалдырығын аттаған тағдырлардың талайын бүкіл жүйке жүйеңмен сезіндіру үшін анайы сөзді дәл осы тіркестегі «қорқыныштыңиісі» деген сәтті баламамен қатар қолдану арқылы бір мезетте қарама-қайшылықты сезімге бөлейді.
Романда саяси үстемдіктің өнер адамдарына жасаған қиянаты, жалпы
«үлкен идеологияның» құрбандары туралы желі, Доктың естеліктері арқылы беріледі. Шығармада кеңестік кезең ғана емес, одан бөлініп шыққаннан кейінгі кезеңдегі кемшіліктерге авторлық окказионал-метафоралар арқылы ирониялық сипат беріледі. Мысалы: «За перекрестком, острым массивным углом, угрюмо довлело над тенистой улицей псевдоклассическое, в духе советского барокко, здание МВД (медведя вонного-дранного), или как оно называлось в конце 30-х, роковых, НКВД – Народный комиссариат вонючих дел о которых позже говорили почти безобидно: репрессии» [108, с. 42] (курсив біздікі). Мұндағы кеңестік жүйе тұсында халық жауы деген айыппен қанды қасап қырғынға, айдауға ұшырауына, жазықсыздан-жазықсыз қапасқа қамалуына себепші болған Ішкі істер халық комиссариатының (НКВД) «Народный комиссариатвонючих» дел деп аталуында өткен тарихты қайта пайымдап, бүтін бір халыққа жасалған геноцидті іштей мойындау жатыр. Оны жай ғана қуғын-сүргін (репрессия) құрбандарын еске алу күні деп атап қана қою бүгінгі қоғамның бойкүйездігі екендігіне емеурін білдіріледі. Ішкі істер министрлігінің қысқартылған атауын беретін МВД аббревиатурасын «медведявонного-дранного» деп атау арқылы оның тәуелсіздік алғалы бері көтеріле алмаған беделіне ишара жасалған. Постмодернистік дискурстың құрамдас бөліктеріне жататын «көше» стилі немесе батыстық андеграунд әдебиетіне тән стильдің мәтінге ирониялық реңк беруде қолданылуы – мәтіннің басты ерекшелігі.
Жазушы театр сахнасында кейіпкерлерінің терең рухани жетістігі мен таза физиологиялық қажеттілігінен туындаған әрекеттерін бір-бірімен ұштастыра суреттейді. «Прыгнул вдруг высоко, изогнувшись блестящим ритоном и, совершив круженье в воздухе, низринулся вниз, смеясь коснулся травы и покатился по ней, сладострастно касаясь гибких стеблей, будто дриаду невинную-юную ласкал и пластал, губами схватил ириса темный (...) и выпил
запах летучий... на спину, навзничь упал и открыл небесам жаркий (...) свой, и (...) игривый-звенящий блеснул...» [108, с. 44] деп Рудиктің шебер орындалған би нақышын, қимыл мәнерін, сондай-ақ балет мазмұнын ашатын, оған мән- мағына дарытатын сюжет пен сезімдерді көркем тілге көшіргенде романнан ескен сөздің поэтикалық қуаты, нәзік психологизм мен интеллектуалды ой саптаулар, әсем табиғат көріністерімен астасады, сондай-ақ кейіпкерлерінің физиологиясын, дөрекі эротикалық көріністерді ашық сипаттау, анайы сөздер қолдану сияқты құбылыстар қатар беріледі. Романда мұндай қарабайыр сөз қолданыстары жиі ұшырасады. Бейәдеп лексика кейде нақты берілсе, кейде метафоралармен алмастырылып берілген. Ауызекі сөйлеу тіліндегі сөз қолданыстары, кәсіби сөздер мен авторлық окказионализмдер де осы романның ерекшеліктеріне жатады. Мысалы, Осьмихорр,стилет,«тт-у-суу» сияқты сөздер – анайы лексиканы өзгеше баламалармен беру мақсатымен ойлап табылған авторлық окказионализмдер.
Мұндай эксперименттерге негізделген постмодерндік өркениеттің
«жемісі» Адам ата мен Хауа ананың алғаш пейіште ұятты сезініп тәнін бүркеуіне, адам баласының жабайы инстинкттерді жеңуге тырысып, ғасырлар бойы жоғары мәдениетке ұмтылуына жасалған ирония іспеттес. Орыс әдебиеттанушысы М.Н. Липовецкий «Но важно помнить универсальный закон искусства – оно не должно делать красиво, оно должно изменять зрение и представление, вызывать беспокойство, будоражить» [6], – дейді. Ғалымның постмодернистік мәтіндердің табиғатын айқындаған осы пікірін Д.Нақыповтың
«От орны» романына қатысты қолдануға болатын тәрізді. Жоғарыдағы талдаудан шығатын қорытынды автор сөз өнерін адамзат өмірінің бар болмысын, күнгейі мен көлеңкесін тегіс көрсетуге жұмсала алатындығын дәлелдеуге тырысқандай. Автор шығармашылығындағы бұл қадамнан әдебиеттің – ұлт ұстазы фунциясын ығыстырып, эстетизмнен алшақтап, мәдениеттің «жоғары» сатысы мен «төменгісінің» арасындағы қашықтықты қысқартуды көздеген мақсатын айқын аңғаруға болады. Осы орайда:
««Постмодернизм» – адамға көркемдік, эстетикалық ләззат бағыштап, адамгершілік тәрбие бере алмайды. Меніңше постмодернизм – ұлттың рухани құндылықтарын жоққа шығарудың бірден-бір құралы. Қашан да көркем әдебиетте басшылыққа алынып келген «ұлтқа қызмет ету, әдеби дәстүр, ұлттық рухани құндылықтарды сақтау, адамдарды адамгершілікке тәрбиелеу, ұлт болашағына қызмет ету» деген сияқты ұлы идеялардың барлығына бүгінгі адамдар күмәнмен қарауға дағдыланып барады. Мұның өзі әдебиетіміздің даму қарқынының әлсіреуіне ықпал етуде. Батыстық жаһанданудың ұлттық рухани байлығымызға қауіп төндіріп тұрғаны тағы шындық» [141, б. 12], – деген ғалым Д.Ысқақұлының, осы пікірге іліктес, әдебиет зерттеушісі Г.Пірәлінің шығармаға қойылатын талап «көрікті ой мен көркем тілдің» үдесінен шыға білмеу, уақыт таразысынан өтіп, қордаланған шешен де сұлу сөз маржандарынан айрылуға әкеледі деген пікірінің [142, б. 263] орындылығына келіспеске болмайды. Постмодернистік тәжірибелердің шығармашылық еркіндікке, ізденіске, тіпті неогуманизмге бастайтын қырларының жағымды
жақтарын жоққа шығармаймыз. Дегенмен ықпалын осы аталған авторлар шығармашылығын зерттеу барысында бірегей ділге, тілге, дінге ие халықтың нәр алар рухани уызына, қалыптасқан құндылықтарына күмәнмен қараудың жекелеген адамдардың ішкі дүниесін ғана емес, тұтастай бір өркениеттердің өзегін хаосқа ұрындыратын дүлей күштің ықпалын сезінгендей болдық.
Зерттеу барысында аталған жазушылар шығармаларынан постмодернистік иронияның төмендегі белгілерін анықтадық:
мәтіндер бастапқы мән, мақсат, ақиқат категорияларынан бас тартады;
ПМ-дегі иерархияны жоққа шығарады;
мәтіндер ешқандай жанр, стиль т.б. шектеліп, шекараланбайды, яғни бір шығарма түрлі дискурстардың, түрлі стильдердің қосындысынан, мәтінаралық байланыстардан тұратындықтан мәтін құрылымы бұзылады;
әртараптылық (плюрализм) және көп қабаттылық сипат: бір шығарма түрлі жанр, стиль, дискурстардың қабаттарынан тұрып, күрделі құрылымды құрайды;
романдар иерархия мен тұтастықтан бас тартқандықтан ризомалық қасиетке ие;
мәтін ойынға негізделіп, қайта пайымдауға, пародиялауға ұшырайды.