Диссертация тақырыбы: Қашықтықтан оқытуға арналған "Химия есептерін шығару әдістемесі"



бет2/2
Дата13.02.2023
өлшемі20,77 Kb.
#168571
түріДиссертация
1   2
Байланысты:
СӨЖ 1

3) Элективті курстың мақсаты - білікті ғылым негізінде меңгеруін, іскерлік пен дағдыны ширатуын, оқу материалын түйсінуін, оны өз ұғымымен айтуын ұштау. Орта мектеп оқушыларына есеп шығару жолдарын ұсыну арқылы қашықтықтан білім алуды қамтамасыз ету. Қызықты тапсырмаларынмен түсінбеген тақырыптарына қайта шолу жасауға мүмкіндік беру. Химиялық есептерді шығару жолдарын меңгерту, қызығушылық пен дағдыны ширатуын, оқу материалын түсінуін, оны өз бетінше анализдеп оны қашықтықтан оқытумен ұштау.
Химиялық есептерді шығару жолдарын меңгерту, қызығушылық пен дағдыны ширатуын, оқу материалын түсінуін, оны өз бетінше анализдеп оны қашықтықтан оқытумен ұштау.
Міндеттері:
-Орта мектептің жоғары сынып оқушыларының химияға қызығушылығын арттыру, өз бетінше қашықтықтан оқуға мүмкіндік жасау
-Химия пәнінен сапалы білім беруді жүзеге асырудың тиімді жолдарын ашып көрсету,оқытудың заманауи әдісін жасап,ұсыну;
-Оқытудың заманауи технологиялармен ұштап, есеп шығару тиімділігін теориядан практика жүзінде іске асырып, нәтижесін анықтау;
4) Әдістері: Бақылау, дидактикалық, педагогикалық тәжірибе, оқушылармен кері байланыс, зерттеу анализі, оқу-әдістемелік тәжірибе. Элективті курста қолданылатын оқудың негізгі әдістері: мектеп дәрістері, сұхбат, әдебиеттермен жұмыс, химиялық эксперимент, есептерді шығару, рольдік ойын, жобалар әдісі және т.б. көрсетіледі.
5) - Жоғары педагогикалық химиялық білім беру жүйесінде элективті курстардың мазмұнын жобалау мәселелері анықталды;
-Оқу материалдарының мазмұнын әзірлеудің психологиялық-педагогикалық негіздері анықталды, студенттердің элективті пәндерді оқу кезінде ғылыми материалдың мазмұнын игеруінің негізгі факторлары анықталды;
- Элективті пәндердің мазмұнына және элективті пәндердің мазмұндық компоненттеріне қойылатын жалпы талаптар әзірленді. Элективті пәндердің мазмұндық компоненттеріне қойылатын талаптар, Педагогикалық дидактиканың принциптері мен критерийлері негізінде элективті курстардың мазмұндық компоненттері әзірленді және жіктелді;
- Мазмұнды компоненттерді әзірлеу және пайдалану әдістемесі жасалды, болашақ химия мұғалімдері - студенттердің кәсіби қасиеттерін қалыптастыру үшін олардың негізгі функцияларын жүзеге асыру мүмкіндігі негізделген;
- Элективті пәндердің оқу материалының мазмұнын,міндеттерін жобалауға қойылатын негізгі талаптар айқындалды.
6) Жұмыстың теориялық маңыздылығы мынада:
Мазмұнның негізгі компоненттері тұжырымдалған оқу материалдарының ғылыми мазмұнын оқытудың негізгі құралы ретінде осы мазмұндық компоненттерді әзірлеу әдістемесі ұсынылды, элективті пәндердің ғылыми материалдарының мазмұнына қойылатын талаптар толықтырылды, педагогикалық ғылым мен қосымшаның дамуына ықпал ететін мазмұндық компоненттер жіктелді. Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы, алынған нәтижелер мүмкін. Оқытушылар қолдануы керек, элективті пәндердің оқу бағдарламаларын жобалау кезінде, жоғары және орта білім беру жүйесінде химия бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеу кезінде оқушылар мен оқытушыларға да тиімді.
7) Тапсырмаларды күрделендіру жұмыс түрлерін қиындату есебінен, тапсырманы орындау кезінде қажетті шығармашылық іс-әрекеттің күшейту есебінен де өтуі мүмкін. Мысалы, ең қарапайым деңгейде оқулықтағы параграфты оқып, ондағы негізгі ойларын бөліп көрсетіп, мазмұндау ұсынылады; одан күрделірек деңгейде - параграфты оқу, оған жоспар және сұрақтар құру; ал ең күрделі деңгейде - параграфты оқу, оған аннотация және пікір беру ұсынылады. Әр оқушы қандай деңгейде материалды меңгеретіндігін өздігінен анықтау мүмкіндігіне ие болуы тиіс.
Қашықтықтан оқытудың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес элективті курстар бірнеше функцияларды атқарады: қазіргі уақыттың негізгі мәселелерін оқыту; болашақ кәсіби іс – әрекеттің ерекшеліктеріне бағдарлау; танымдық, ұйымдық іс–әрекеттің дағдыларын жетілдіруге бағдарлау; базалық пәндік білімді толықтыру және тереңдету; бейіндік пәндер бойынша оқытудың оқулықтарын толтыру. Аталған функциялардың әрқайсысы жетекші болып табылады, бірақ элективті курстар оларды кешенді түрде орындауы қажет. Элективті курстарды оқушылардың өзі таңдауы оларды дара білім алу траекториясын таңдауға, кәсіби өзіндік анықталуға мәжбүр етеді. Элективті курстарды жасау мен іске асыруда төмендегілер есепке алынады:
- бейіндік пәндер бойынша мемлекеттік аттестацияға даярлық;
- практикалық, өмірлік міндеттерді шешу үшін білімдер мен іскерліктер беру, іс - әрекет тәсілдерін меңгерту;
- мамандық бойынша сұранысты, еңбек нарығын есепке алу;
- базалық курстарды оқытуға көмек;
- кәсіби бағдарлау;
- алынған түсініктерден дүниенің біртұтас бейнесін шығару.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет