Диссертациялық ЖҰмыс мамандығы 5В050800 Есеп және аудит Астана 2018 «Қаржы академиясы» АҚ


Зерттеу тақырыбының зерттелу дәрежесі



бет3/10
Дата15.05.2020
өлшемі0,77 Mb.
#68836
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-80185

Зерттеу тақырыбының зерттелу дәрежесі. Қазіргі кезде отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерінде зерттелген «Құрылыс мердігерлік келісім шарттарының бухгалтерлік есебін әдістемелік қамтамасыз етуін жетілдіру» тақырыбында есепке алу теориясы мен әдістемесін әзірлеу Ван Бреда, Р. Ya.Veytsmana, ND Wroblewski, таңғы Galagan, В.Г. Гетман, J. Dzappa, Drury, M.H.Zhebraka, VB Ivashkevich, H. H. Илияшева, Н.И. Карзаев, Н.П.Кондракова, Л.И. Куликова, М.И. Котер, A.Д. Ларионов, С.В.Панков, Я.В. Соколова, З.С. Тұяқова, В.Ф. Фостер, Т.Ж. Шешукова, Н.Г. Шумашенко, JI.3. Шейдман, еңбектерінде кеңінен қолданылған.
Бәрінен бұрын ҚР Азаматтық кодексінің 616 бабына сәйкес мердігерлік келісім-шарт дегеніміз - бір жақ (мердігер) екінші жақтың (тапсырыс беруші) анықталған жұмысын тапсырыс бойынша орындауға міндеттеме алады және оның нәтижесін белгіленген мерзімінде тапсырады, ал тапсырыс беруші жұмыс нәтижесін қабылдап, оған ақы төлеуге міндеттеме алады (жұмыстың бағасын төлеу).Құрылысты және онымен байланысты жұмыстарды жобалық құжаттамаға сәйкес мердігер жүргізеді, мұнда жұмыстың мазмұны мен көлемі анықталады, жұмысқа қажетті талаптар, смета және жұмыс бағасы көрсетіледі.

Сонымен қатар, келісім-шартта көрсетілмеген тапсырмаларды мердігер смета мен жобалық құжаттар арқылы орындауы қажет.

Диссертациялық жұмыстың өзектілігі - құрылыс өндірісінің ерекшеліктерін зерттеп, құрылыс ұйымдарында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындаумен байланысты шығындар есебінің қазіргі кезеңдегі жағдай және оны даму ерекшеліктері жолдарын анықтау.

Осыдан диссертациялық жұмыстың мақсаты болып, құрылыс ұйымдарында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау шығыстарының өзіндік құнының құрамы мен сыныптамасы бойынша өндірістік бухгалтерлік есебі қалай жүргізілетінің және осыған талдау жасау.

Осыған байланысты, диссертациялық жұмысты орындау барасында мынадай міндеттер қойылды:


  • Құрылыстық-монтаждау шығындары есебінің теориялық негіздерін зерттеу;

  • Зерттеу объектісінің қаржылық-экономикалық жағдайына талдау жасау;

  • Құрылыстық-монтаждау шығындары есебін ұйымдастыру ерекшеліктерін зерттеу;

  • Құрылыстық-монтаждау шығындардың өзіндік құнына талдау жасау;

  • Құрылыстық-монтаждау шығындары есебін жетілдіру жолдары.

Зерттеу объектісі басты қызметі құрылыс-мотаждау жұмыстарын жасау «Алатау production» ЖШС болды.

Зерттеу пәні құрылыс және монтаждау жұмыстарының орындалу шығындарының және оның жетілдіру жолдарын есепке алу, теориялық, әдістемелік және практикалық мәселелері болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет