Диссертациялық ЖҰмыс мамандығы 5В050800 Есеп және аудит Астана 2018 «Қаржы академиясы» АҚ


Зерттеу жұмысының қағаз көлемі мен құрылымы



бет8/10
Дата15.05.2020
өлшемі0,77 Mb.
#68836
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-80185
Сұрақтар тізімі, Сұрақтар тізімі, 20542 (Восстановлен)
Зерттеу жұмысының қағаз көлемі мен құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды тақырыптарынан және 2 қосымшалар сілтемелер тізімін қамтиды. Мәтіннің негізгі тезис мәтіні 79, 27 кестемен қарастырылып баяндалған.


1 ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ МОНТАЖДАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЕСЕБІН ұйымдастырудың теориялық негіздері
1.1 Қазіргі жағдайдағы құрылыс өндірісінің ерекшелігі және оның мазмұны мен сипаттамасы

Күрделі құрылыс - материалдық өндірістің арнайы бір саласы ретінде жаңа негізгі қорларды қалыптастыруды мен реконструкциялау және модернизациялау және де іске қосылып тұрған нысандарды күрделі жөңдеумен айналысады. Құрылыс өндірістің ерекше ерекшелігі оның ұзақтығы. Осыған байланысты құрылыс саласындағы бухгалтерлік есептің негізгі міндеттерінің бірі – шығындарды әрбір есептік кезеңініне байланысты дұрыс анықтай білу.

Құрылыс жұмыстарының құрамына дайындық жұмыстарынан бастап (нысандарды бұзу, бас жоспар) нысандарды сәулеттендіріп әзірлеу. Санитарлық техникалық, электрондық жабдықтау жұмыстарды, жылу және желдеткіш жұмыстарын қамтамасыз ету құрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық-технологиялық спецификасының қалыптасуына құрылыстың негізгі өнімінің ерекшелігі үлкен ықпалын тигізеді:


  • құрылыс нысанындағы жылжымайтын мүлік, олардың бір жерге бекітілуі және сол жермен біртұтастығы, сол себептен құрылыс өнімнің өндіріс орны мен іске қосу орнының бір болуы;

  • сәулеттік, конструктивтік күрделілігі, іріктілігі мен салмақтылығы, көптеген әртүрлі және күрделі конструктивтік элементтердің қиылысуы;

  • салынған нысандардың өндірістік және эксплуатациялық сипатына түріне көлемі мен сыртқы келбетіне сәйкес құрылыс өнімінің дербестігі.

  • құрылыс нысандарының территориялық дербестігі құрылыс ұйымдарының бір орнынан екінші орынға ауысуы, соның салдарынан бөлімшелерінің негізгі өндіріс қорларынмен басқа да материалдық мүліктердің еңбек ресурстарының жылжымауына әкеп соқтырады. 2,15-16 беттер

Құрылыста елімізде кең тараған мердігерлік, шаруашылық және шаруашылық-мердігерлік (аралас) нысандар арқылы жүзеге асырылады.

Құрылыста көбінесе кеңінен тараған мердігерлік нысан. Бұл нысан бойынша тапсырыс беруші келісім-шарт негізінде мердігерлік құрылыс ұйымы келісімді объектіні салып немесе жұмысты толық аяқталған түрге келтіруді міндетіне алады.

Құрылыстың шаруашылық нысанында барлық құрылыс-монтаждау жұмыстарын құрылыс участкесі, жөндеу-құрылыстық цех немесе ұйымның басқа бөлімшелері орындайды.

Құрылысты жүзеге асыратын басты қатысушыларға жатқызылады:



  1. Тапсырыс беруші - тапсырыс беретін, ұйымдастыратын, қаржыландыратын, жаңа құрылысты, кеңейтуі, қалпына келтіруді, реконструкциялау және ұйымның, үйлер мен ғимараттардың және басқа да объектілерін техникалық қайта жаңарталуын бақылайтын ұйым немесе мекеме. Оларға жеке меншік құқығына ие жеке құрылысшылар да жатқызылады.

  2. Жобалау ұйымдары – тапсырыс берушінің тапсырысы бойынша жоба-сметалық, техникалық және жаңа құрылыс салуға, реконструкция жасауға, қалпына келтіру, кеңейтуі және басқа да күрделі құрылыс түрлеріне жасалынатын басқа да құжаттамасын жасайды.

  3. Ғылыми-жобалық ұйымдар – тапсырыс берушінің тапсырысы бойынша жаңа және белгілі кәсіпорынның және ғимараттың жұмыстың ерекшеліктері мен жергілікті жағдайдың естере отырып, құрылыс пен техникалық шешімдерін жүзеге асырыуын жасау мақсатында ғылыми-жобалық жұмыстар жасалуы.

  4. Мердігерлік құрылыстық-монтаждау ұйымдары - тапсырыс берушінің тапсырысы бойынша келісім-шарт негізінде құрылыс объектілері мен кәсіпорын құрылысын жүзеге асыруымен байланысты кешенді жұмыстарын орындайды. Мердігерлік келісім-шарт тапсырыс беруші мен бас мердігерлер арасындағы қарым-қатынасты реттелді. Келісім – шарттын қорытындысында мердігерлік құрылыс ұйымы тапсырыс берушіден объектінің жобалық-сметалық құжаттамасын беру керек. Осы жоба-сметалық құжаттың негізінде жұмыстың көлемі, мерзімі, құрылыс-монтаждық жұмыстарын жасау тәртібі және құрылыстын келісімді бағасы анықталады. 3, 3-5 бет

Жалпы алғанда құрылыстық сұрақтар көптеген нормативтік құқықтық актілермен реттеледі. Олардың ішінде келесілерін атап көрсетуге болады.

ҚР Азаматтық кодексінің Ерекше бөлімі, мұнда 32 бөлімінде мердігерлік келісім-шарттың жалпы ережелері көрсетіледі (616-639 баптар), құрылыс мердігерлігін құқықтық реттеудің спецификалық ерекшеліктері (651-666 баптар). 4

Сонымен қатар, құрылыс мердігерлерінің белгілі бөлігін реттейтін заңдар:


  • 2001 жылдың 16 шілдесінде шыққан №2241-11 «ҚР Құрылыс, архитектура, қала салушылық қызмет туралы» ҚР Заңы (жеке алғанда, мердігерлік пен тапсырыс берушілердің ара қатынасының негізі анықталады) 5;

  • ҚР Үкіметі бекітіп қабылдаған, 2016 жылдың 27 маусымындағы №2635 «Сәулетшілік, құрылыс және қала салушылық қызмет саласында инженирингтік қызмет көрсету Ережелерін бекіту туралы» қаулысы6.

  • Кәсіпорынның бухгалтерлік қызметі саласында тікелей қатысы бар нормативтік құжаттар ретіндетөмендегілерді атап көрсетуге болады:

  • Бухгалтерлік есептің № 12 «Күрделі құрылыстағы мердігерлік келісімдер» стандарты (№23 1996 жылдың 13 қарашасындағы Ұлттық комиссияның бухгалтерлік есеп бойынша бекітілген қаулысы) 7;

  • Бухгалтерлік есептің № 12 «Күрделі құрылыстағы мердігерлік келісімдер» стандартына әдістемелік нұсқаулықтар (№ 7 1997 жылдың 21 мамырындағы ҚР ҚМ бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаментінің бұйрығымен бекітілген) 8;

  • № 5-3 1996 жылдың 28 мамырындағы ҚР аумағындағы салу, тұрғын үй және құрылыс министірлігінің қаулысы: « Кәсіпорынның, ғимараттың және құрал-жабдықтың құрылысының сметалық құнын анықтаудың негізгі ерекшеліктерін, ҚР құрылыс өнімнің келісім бағасы мен сметалық есеп айырысулардың құрудың бекіту туралы»; 9

  • Бухгалтерлік есептің (IAS) 11 «Құрылыстағы келісім-шарт» халықаралық стандартын қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулық; 10

  • №1 « Құрылыстағы үстеме шығындардың мөлшері туралы» 1991 жылдың 2 сәуірдегі Қазақ ССР-нің Мемархқұрылысының қаулысы. 11

Сонымен ҚР Азаматтық кодексінің 616 бабына сәйкес мердігерлік келісім-шарт дегеніміз бір жақ (мердігер) екінші жақтың (тапсырыс беруші) анықталған жұмысын тапсырыс бойынша орындауға міндеттеме алған және оның нәтижесін белгіленген мерзімінде тапсыруға, ал тапсырыс беруші жұмыс нәтижесін қабылдап, оған ақы төлеуге міндеттеме алатын (жұмыстың бағасын төлеу) құжат.

Құрылыс мердігері келісім-шарты бойынша (ҚР АК 651 бап) мердігер келісім-шартта белгіленген мерзімінде тапсырысының тапсырмасы бойынша белгілі объектіні салуы міндетті немесе басқа құрылыс жұмысын орындауы үшін қажетті жағдай жасайды, оның нәтижесін қабылдап алып, келісілген бағасын төлеуге міндетті.

Бухгалтерлік есептің №12 «Күрделі құрылыстағы мердігерлік келісім-шарт» стандарты, сонымен қатар оның әдістемелік нұсқаулықтары күрделі құрылыстағы мердігерлік келісім-шартқа бірнеше өте жақсы түсінік береді.

Белгіленген нормативтік құжаттарға сәйкес мердігерлік келісім-шарт бойынша мердігер өзінің тәуекелділігімен құрылыс жұмыстарын орындайды, ал тапсырыс беруші орындалған жұмысты қабылдап алып ақы төлеуге міндетті.

Көріп отырғанымыздай, ҚР Азаматтық Кодексіндегі құрылыс мердігері келісім-шартының түсінігі мен бухгалтерлік есеп стандарттарындағы ереженің арасындағы айырмашылықтар бар, бірақ ол бір қарағанда маңызды емес. ҚР Азаматтық Кодексінде берілген анықтама бойынша тапсырыс беруші жұмыстың орындалуы үшін мердігерге қажетті жағдайлар жасауға міндетті, ал ол маңызды болып табылады. Берілген шартты тапсырыс беруші орындамаса оның мердігерден келісім-шарттағы міндеттемелерін орындауын талап етуге құқығы жоқ.

Ал, бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына сәйкес құрылыстағы келісім-шартқа мүлдем басқаша анықтама беріледі. Берілген нұсқаулықтарға сәйкес құрылыстағы келісім-шарт активтерінің құрылысын арнайы қарастырады, олар функциялары, технологиясы және конструкциясы бойынша тәуелді немсе байланысты және соңғы қорытындымен қолдануға тәуелді.

Алайда даулы сұрақтар туындаған кезде, бірінші кезекте ҚР Азаматтық Кодексін жетекшілікке алу қажет.

Кез келген келісім-шарттың жалпы құрылымы болады, мұнда әрбір бөлім ара қатынасының жеке аумағын реттеу тәртібін анықтайды (төлем бойынша, жақтардың міндеттері мен құқықтары бойынша, жауапкершілігі бойынша және т.б.). Келісім-шарттың жеке бөлімдеріне тоқталайық.

Сонымен, әдетте келісім-шарт қатысушы жақтардың атауларымен басталады, мұнда қандай жақ кім болатындағы анықталады (кім тапсырыс беруші, кім мердігер). Бұл жерде әрбір жақтың ұйымдастыру-құқықтық нысаны нақты көрсетіледі (ЖШС,АҚ), кім болып табылады (директор, менеджер және т.б.) қандай құжат негізінде әрекет етеьіндігі (жарғы, сенімхат және т.б.) анықталады. Осы ақпараттардан бөлек мұнда заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпокерлікті куәландыратын мемлекеттік тіркелуі туралы номірі көрсетілуі қажет, сонымен қатар, лицензия берілген мерзім мен мекеме көрсетілуі қажет, бұл жағдай ұйымның қызмет етуі лицензияланған кезде орындалады. ҚР әрекет ететін лицензиялау туралы заңдалықтарына сәйкес құрылыс аумағы міндетті түрде лицензиялауы қажет.

Келісім-шарттың пәні бөлімінде бір жақтың екінші жаққа ұсынатын мәліметі көрсетіледі. Әдетте берілген бөлімнің бірінші бөлімінде келісім-шарттың анықтамасы көрсетіледі (жоғарыда анықталғандар), ал басқа бөлімінде мердігер атқаратын құрылыс жұмыстарының нақты анықтамасы (тізімі) беріледі. Егер де құрылыс жұмыстарының тізімі көлемді болса, келісім-шартта қосымшаларға сілтемелер қолдануға рұқсат етіледі, мұнда құрылыс жұмыстарының барлық сипаттамасы толық үлгіде көрсетіледі. Алайда берілген тізімдемені келісім-шарттың өзіне жазуға кеңес беріледі.

Құрылыс және онымен байланысты жұмыстарды жобалық құжаттамаға сәйкес мердігер жасайды. Мұнда жұмыстың мазмұны мен көлемі анықталады, жұмысқа қажетті талаптар, смета және жұмыс бағасы көрсетіледі.

Сонымен қатар, келісім-шартта көрсетілмеген тапсырмаларды мердігер смета мен жобалық құжаттар арқылы орныдауы қажет.

Құрылыс мердігерлігінің келісім-шартында жобалық-сметалық құжаттардың мазмұны мен құрылымы көрсетілуі қажет және де қажетті құжаттарды екі жақ қандай мерзімде тапсыратындығы көрсетіледі.

ҚР аумағындағы құрылыс, салу және тұрғын үй министрлігінің 1996 жылы 28 мамырындағы № 5-3 « ҚР құрылыс өнімнің келісім бағасы мен сметалық есеп айырысуларын құрудың және кәсіспорынның, ғимараттың, құрал-жабдықтың сметалық құнын анықтаудың негізгі ережелерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес сметалық құжаттама нарықтық қажеттілікті қанағаттандыратын қосымша талаптарды есепке алып құрылған ретте (СНиП А.2.2.-1-96) жасалынады. Сонымен қатар жобалаудың сатылылығы, жобалық-сметалық және жоба алдындағы құжаттаманың мазмұны мен құрамы, оны жасау мерзімі мердігер, тапсырыс беруші, жобалық-іздену қызметіне құқығы бар басқа да ұйымдардың көмегімен анықталады.

Егер де құрылыс барысында жобалық-сметалық құжатта көрсетілген жұмыстар болса, осының әсерінен қосымша жұмыс пайда болып, құрылыстың сметалық құны өссе, мердігер оны тапсырысшыға хабарлауы қажет. Олай етпеген жағдайда мердігер қосымша жасаған жұмысы үшін тапсырысшыдан төлем ала алмайды және сол кезде пайда болған шығындар жабылмай қалады, мұндай түсініспеушіліктер жұмыстың тоқтауына, салынып жатқан объектіге кері әсерін тигізуі мүмкін.

Келісім-шартта, сонымен қатар сметалық құжаттамада құрылыс жұмысын орындау сатылары және оларды аралық қабылдау реті анықталынуы мүмкін. Құрылыстың құнына келетін болсақ, ҚР аумағындағы құралыс, салу және тұрғын үй Министрлігінің 1996 жылы 28 мамырындағы №25-3 «ҚР құрылыс өнімнің келісім бағасы мен сметалық есеп айырысуларын құрудың және кәсіпорынның, ғимараттың, құрал-жабдықтың сметалық құнын анықтаудың негізгі ережелерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес құрылыс құны: жаңа реконструкциялар, әрекет етуші кәсіпорынның техникалық олардың бар болуы үшін қажет. Ол жоба алдындағы жұмыстың құрамында анықталады. Кәсіпорын, ғимарат және құрал-жабдықтың құрылысының сметалық құны – жобалық құжаттарға сәйкес олардың бар болуының ақшалай құралының сомасы.

Құрылыстың сметалық құны келісілерді анықтауға мыналар негіз болады: күрделі салымдар мөлшері, құрылысты қаржыландыру, құрылыс өніміне келісім бағасынын жасау, мердігерлік (құрылыс-монтаждық) жұмыстарды орындау бойынша есеп айырысу, құрал-жабдықты алу, оны құрылысқа жеткізудің шығындарын төлеу, сонымен қатар сметалық есептесуде қарастырылған басқа да шығындарды құралдар арқылы жабу. Сметалық құжат негізінде тапсырушылар мен құрылыс-монтаждық ұйымдардың қызметін бағалау және шаруашылық есеп айырысу, есеп және есеп беру жүргізіледі.

Сметалық құн арқылы, кәсіпорын, ғимарат және құрал-жабдықтардың құрылуының негізгі қорының баланстық құны бекітіліп түрде анықталады.

Келісімді бағаға құрылыс-монтаждық жұмыстың сметалық бағасы, мердігерлік қызметке жатқызылатын басқадай жұмыстар мен шығындар және т.б. кіреді. 3, 3-5 бет

Айта кететін жағдай, құрылыстың сметалық құны күрделі салымдардың технологиялық құрылымына сәйкес және құрылыстық-монтаждау ұйымдарының қызметі бар болуы реті бойынша келесі элементтерден тұрады.



  • құрылыс жұмыстары;

  • құрал-жабдықты монтаждау жұмысы (монтаждық жұмыс);

  • жиһаз, құрал-жабдық және ыдыс алу (жасау) шығындары;

  • өзге де шығындар.

Мердігерлік келісім-шартың берілген бөлімінде (ақы төлеу туралы) төлем жүргізу валютасы анықталады, сонымен қатар есеп айрысу реті көрсетіледі.

Құрылыс мотаж жұмыстарының сметалық құнына кіретіндер:



  • тікелей шығындар;

  • үстеме шығындар;

  • сметалық пайда (жоспарлық жинақ).

«Күрделі құрылыс мердігерлерінің келісім-шарты» №12 БЕС сәйкес жоғарыда көрсетілген элементтер құрамына кіретіндер:

Мердігер келісім-шартының берілгендерімен байланысты тікелей шығындар:



  • участікте құрылыс жұмысын атқаратын жұмысшылардың еңбекақысы бойынша шығындар, жұмысты тікелей бақылау, мұның ішінде тұлғалардың міндетті медициналық сақтандырылуы және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру аударымдары есептелінеді;

  • құрылыста қолданылған материалдық шығындары;

  • құрылыста алаңына әкелінетін және одан әкелінетін негізгі құралдар мен материалдарды ауыстыру шығындары;

  • участіктегі жұмысты орындауда қолданылатын жалға алынған негізгі құралдар бойынша шығындар;

  • құрылыс мердігерлерінің келісім-шартымен тікелей байланысты авторлық бақылау мен жобалау шығындары;

  • кепілдік жұмыстар мен ақауларды жөңдеу шығындарын бағалауды қосқандағы болжанатын кепілдік міндеттемелер;

  • үшінші жақтың талаптарын орындау шығындары (құрылыс мердігерінің келісім-шарты бойынша жұмыспен тікелей байланысты шығындар).

Бұл шығындар, келісім-шартта көрсетілген кірістердің құрамына кірмейтін кірістер негізінде төмендеуі мүмкін, мысалы: жұмыс біткенде негізгі құралдарды немесе артық материалдарды сатудан түсетін түсім.


1.2 Құрылыс пен монтаждау жұмыстарының өзіндік құнына кіретін шығындардың құрылымы мен сыныптамасы

Жалпы құрылыс қызметімен байланысты үстеме шығындар, олар құрылыс мердігері келісім-шартымен бөлінеді:

Құрылыс жұмыстарына қызмет көрсету шығындары:



  • құрылыс-монтаж жұмыстарындағы жұмысшыларының негізгі өндіріс жұмысшыларының, құрылыс машиналарындағы жұмысшылардың, күрделі емес жұмыстарындағы жұмысшылардың еңбекақысы;

Қосымша еңбекақыға кіретіндер:

  • ауа-райына байланысты тоқтатылған жұмыс еңбекақысы; жұмыскерлердің демалысына ақы төлеуді резервтеу сомасы, бұған жас жұмысшыларға төленетін демалыс ақылары жатады;

  • жас өспірім жұмыскерлердің жұмыс мөлешерін азайтумен байланысты төлем; аспирантура, арнайы оқу мекемелерінде, оқитын жұмысшылар мен қызметкерлерге берілетін заңға сәйкес оқу демалыстарына төлем;

  • жасөспірімдерге жеңілдік төлемдер;

  • аяғы ауыр әйелдерге орташа еңбек бойынша төлем;

  • емізетін аналардың өтелмеген жұмысына төлем;

  • бригадирге бригаданы басқарғаны үшін төлем;

  • демалыс жәрдемақысы;

  • жеңілдік жағдайда немесе заңда қаралған тегін қызмет көрсету кезіндегі шығындар;

  • екінші, үшінші ауысымда жұмыс істегендерге, кезекші электромонтер, слесарь, сантехник, басқа да жұмысшаларға түнгі жұмыс үшін төлем;

  • құрылыс бойынша жұмыс орындау кезінде қолданылатын негізгі құралдардың амортизациясы;

  • мәдени-тұрмыстық және гигиена-тазалықпен қамтамасыз ету шығындары

  • амортизациялық аударымдар (немесе амортизация аударымдарының бөлігіндегі жал төлемі), санитарлық-тұрмыстық белгіленген ғимараттың жөнделуі бойынша шығындар;

  • санитаплық-тұмыстық мекемеге кететін шығындар – жинап тазалаушы, кезекші слесарь, электрик және басқа категориядағы жұмысшыларға ( міндетті медициналық және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға аударымдарды қосып алғанда) нгегізгі және қосымша еңбекақы төлеу және жылу, су, канализация, сонымен қатар тазалыққа арналған заттарды сатып алуға кеткен шығындар;

  • амортизациялық аударым (немесе амортизациялық бөлігі ретінде арендалық төлем), мекемені жылытуға және ағымдық жөңдеуге кеткен шығындар;

  • амортизациялық аударым немесе амортизациялық аударым бөлігі ретінде жал төлемі) медпункті ұйымдастыру үшін тазалық—медициналық мекемелерге берілген ғимараттың ағымдық жөңдеуі мен сақтануына кеткекн шығындар;

  • техника қауіпсіздігі мен еңбекті күзету шығындары;

  • заңда көрсетілген жағдайларда арнайы киімдер, аяқ киім және қорғау құралдары тегін берілгенде, оларды жуу, жөндеу шығындары;

  • заңда көрсетілген жағдайда май, сүт және т.б. заттарды тегін беру құны;

  • дәрігерлік қорапшаларды алумен байланысты шығындар;

  • еңбекақы шартын жақсарту, құрылыстағы ауру және бақытсыз жағдайларды ескерту кезінде, қауіпсіздік-техника бойынша алынған қажетті плакаттарға кеткен шығындар;

  • қауіпсізді-техника бойынша кабинеттерді жабдықтау және жұмысшыларды қауіпсіз әдістерді үйрету үшін оқыту шығындары;

  • техника қауіпсіздігі мен еңбекті күзету бойынша шаралар номенклатурасында қарастырылған өзге де шығындар, бұған күрделі салымдар сипатындағы шығындар кірмейді;

  • құрылыс алаңдарындағы жұмысты ұйымдастыру шығындары;

  • амортизация аударым, негізгі және жалға алынған құралдарды қоса алғанда бірнеше мердігерлікке қолданылатын жабдықтар және өндірістік құралдарға ағымдық жөндеу жүргізу шығындары;

  • жинамалы және контейнерлік түрдегі мобилді (инвентарлы ғимарат);

  • дәнекерленген құралды тазалап, реттейтін заттар, темірлерді қолмен дәнекерлеу құралдары;

  • тасымалданатын темір және ағаш сатылар;

  • құрылыс-монтаждық жұмыстарды жүргізу кезінде, ұсақ-түйек жұмыстарды орындауға арналған заттар, мысалы: домкрат, динамометр және т.б.

  • өлшеу қораптары, бетон мен цементке арналған темір жәшіктер, өткізілегн тетіктерді дәнекерлеу құралдарды, құрылыс конструкцияларына арналған электрокептіргіштер, генераторларжәне т.б.

  • қауіпті аумақта жұмыс жасағанда шектеу қоятын техника (шлагбаум, дыбыс бергіштер, жарықтар);

  • уақытша ғимараттар мен жабдықтарды құру үшін резервтер есептеу;

  • уақытша жабдықтарды жинау және құру, жөндеумен байланысты тозу және шығындар, оларға жататындар:

  • құрылыс объектісіндегі қоймалық мекемелер, шеберлер мен прорабтардың сақтау қоймалары мен отыратын контролары;

  • техника қауіпсіздігі сақталған, ғимаратты, бұзу кезіндегі жүретін тақтайлар, өтпелі көпірлер, сатылар және т.б.

  • инвентарлық алаңдарға арналған инвентарлық құралдар;

  • жұмысты жүргізуге қажетті қоршаулар (арнайы және архитектуралық сипаттан өзге), жарылатын заттармен жұмыс жасалыған киетін қорғаушы бас киімдер және т.б.

  • магистралдық жүйелерден уақытша электр жүйесін, су, бу және ауа тартылып алу желілері;

  • арнайы киімдер, жабдықтар, өрт сөндіруші құралдарды алу және оларға тозу есептеу шығындары;

  • күзет ғимараттарын және өрт сөндушілік гараждарды жасау, ағымдық жөндеуге кеткен шығында және амортизациялық аударымдар, мұнда осы ғимаратта қызмет етушілер, жинаушылар және т.б. жұмысшыларыдң еңбекақысы да есептелінеді;

  • өрт сөндіру және күзеттің мазмұны:

  • арнайы киімдер, жабдықтар, өрт сөндіруші құралдарды алу және оларға тозу есептеу шығындары;

  • күзет ғимараттардын және өрт сөндірушілік гараждарды жасау, ағымдық жөндеуге кеткен шығында және амортизациялық аударымдар, мұнда осы ғимаратта қызмет етушілер, жинаушылар және т.б. жұмысшылардың еңбекақысы да есептелінеді;

  • өндірісті рационализациялау және нормативтік жұмыстардың шығындары:

  • нормативтік-зерттеу орталықтарына, құрылысқа техникалық көмек көрсетуді ұйымдастырған жобалау-технологиялық институттарына, орындаған жұмыстары үшін аударымдар;

  • тәжірибе-экперименталды жұмыстарды жүргізуге моделдер мен үлгілерді жасау кеткен шығындар;

  • рационализациялау және жасау бойынша басқа да шараларға, кокурстарға, көтермеге кеткен шығындар;

  • құрылыстық және монтаждық жұмысты жүргізу барсында геодезиялық жұмыстардың шығындары. Бұл бапта геодезиялық жұмыспен айналысатын жұмысшылардың еңбекақысы, материалдардың құны, геодециялық жабдықтар, құралдардың орын ауыстыруына, ағымдық жөндеуіне, тозуына кететін, көлікке және т.б. кететін шығындар есептелінеді;

  • жұмысты жобалау шығындары. Бұл бапқа кіретін кіретін шығындар: жұмыс өндірістін жобалайтын және жобалау-сметалық топтардың жұмысшыларының еңбекақысы, құрылыс басшылығында немесе институттарда орналасқан уақытша ғимараттар мен жабдықтардың құны, осы топтауға қажетті басқа да шығындар, техникалық көмек көрсеткені үшін және өндірістік жобасын құруды жобалық ұйымдастыру қызметінетөлемдер;

  • өндірістік зертханалар үшін шығындар (еңбекті ғилыми ұйымдастыру және экономикалық шығындардын өзгесі). Бұл бап бойынша келесідегі шығындар есептелінеді:

  • өндірістік зертханалардағы жұмысшылардың еңбекақысы юойынша шығындар; зерханалық жабдықтарының ғимаратының ағымдық жөндеуіне кететін шығындар;

  • зерттеу жүргізу кезінде бұзылған, шығындалған материалдардың, жабдық бөлігінің және конструкциялардың құны, бұған жабдықты толық зерттеуден өткізу шығындары кірмейді, өйткені олар осы мақсатта пайдану үшін құрылыс сметасында қарастырылған;

  • кеңес беру және экспертиза шығындары;

  • зертханаға қызмет көрсететін басқа да ұйымдарға төлемдер; өзге де шығындар;

  • жер асты қазба жұмыстарын жүргізу кезінде әскери-құтқару қызметіне төлеммен байланысты шығындар;

  • құрылыс алаңдарын жасау және жақсылап жабдықтау үшін кететін шығындар:

  • жұмысшыларға еңбекақы төлеу шығындары, және де құрылыс аймағын тазалау мен жинауға (қоқыс шығару) байланысты басқа да шығындар, мұның ішіне кешенді, жол аумақтарын, көпірлерді және құрылыс алаңын жақсылап жабдықтауға арналған жұмыстың барлық шығындарын кіргізуге болады;

  • электр энергиясының шығындарына электрлі лампалар, кезекші электр жөндеушісіне еңбекақы, құрылыс аймағын жарықтандырумен байланысты басқа да шығындарды енгіземіз;

  • құрылыс объектісін тапсыруға дайындау шығындары. Бұл бапқа жататындар:

  • кезекші слесарь-сантехниктің және электромонтердің, кілтшінің, сонымен қатар қоңыс жинаушының, едендер мен терезелерді жуушының еңбекақылары бойынша шығыстар, объектіні тапсыру кезінде оны жинауга кететін жуу құралдары мен басқа да материалдарды алуға кеткен шығындар;

  • объектіні тапсыру мерзіміндегі жылыту шығындары;

  • объектінің құрылысы біткен соң алаңнан құрылыс қоңыстарын тасу шығындары;

  • монтаждық және арнайы құрылыс жұмыстарын орындау үшін құрылыс-

  • монтаж ұйымдарының шығындары;

  • құрылыс барысында ағымдағы құрылыс ұйымдары мен олардың бөлімдерін қайта базалау шығындары (бұған кірмейтіндер: машинаның құнында есептелген құрылыс механизмдерін ауыстыру шығындары, сонымен қатар құрылыс-монтаждау ұйымдарын басқа құрылысқа ауыстыру шығындары);

  • Үстеме шығындарға кіретін, бірақ олардың құрамында есептелмеген шығындар:

  • бекітілген заңдылық ретіне сәйкес құрылыс объектісін және өндірістік қуаттылықты іске қосқандаыр үшін сыйақылық төлемдер;

  • үстеме шығындардың мөлшерінен жоғары, тапсырыс беруші жабатын шығындар:

  • жылдар бойы сіңірген еңбегі үшін сыйақы төлеумен байланысты шығындар;

  • үздіксіздік жұмыс өтіміне байланысты қосымша демалыс төлемдері, жұмыстың көп қимылдап, жүріп-тұруының сипатына байланысты шығындар;

  • жұмысшыларды жұмыс орнына әкелу және қайта әкетуге байланысты шығындар;

  • құрылыс-сонтаждық ұйымын қайта базалаумен байланысты шығындар;

1.3 Құрылыс мердігерлік келісім шарттарының бухгалтерлік есебінің нормативтік-құқықтық реттелуі

Жалпы құрылыс қызметімен байланысты, құрылыс мердігерінің келісім-шартында көрсетілуі мүмкін үстеме шығындар, есеп объектісі бойынша тікелей шығындарға пропорционалды түрде есептелінеді.

Есеп объектісі бойынша машиналар мен механизмдерді пайдалану шығындары бір ауысымның нақты құны бойынша бөлінеді немесе техниканың әрбір түрінің жұмыс көлемнің бірлігі және орындалған аусымның нақты санымен бөлінеді немесе техниканы қолданып, объектіде орындалған жұмыстың көлеміне бөлінеді.

Құрылыс мердігерінің келісім-шартының шарты бойынша тапсырысшы жабатын өзге шығындарға жатады: мердігер келісім-шарты бойынша жұмысты қамтамасыз етудің әртүрлі шығындары, жалпыәкімшілік шығындар енгізілмейді.

Тапсырысшы жабатын шығындарға кейбір әкімшілік шығындар енгізілуі мүмкін, бұлар құрылыс мердігерінің келісім-шарт жағадайы бойынша жабуға жататындығы ескерілетін шығындар болып табылады.

Мысалы, айналысатын участкеде еңбекақы есептеп, төлеімен бухгалтер-кассирдің еңбекақысы бойынша шығындары және т.б.

Құрылыста мердігерде есептелінетін шығындарына келесілер қосылмайды:



  • контрактіде төленуі анықталмаған, әкімшілік қызметке жалпы шығындар;

  • өткізуге байланысты шығындар;

  • контрактіде төленуі көрсетілмеген, ғылыми-зерттеу және тәжірибе конструкторлық жұмыс шығындары.

Сметалық кіріс құрамына (жоспарлы жинақ), ереже бойынша мердігерлердің келесі шығындары кіреді:

  • меншікті айналым құралын қалыптастыру;

  • объектінің құнына кіретін және құрылыс процесі барысында ғпнп қолданылатын мақсатты несиелердің пайызы бойынша шығындар;

  • кадрлардың біліктілігін жоғарлату;

  • әлеуметтік саланы қамтамасыз ету және т.б.

Сметалық пайда – жұмыстың өзіндік құнына кірмейтін, мердігердің шығындарын жабуға қажетті құрал сомасы. Ол құрылыс өнімі құнының міндетті және кепілді бөлімі болып табылады.

Базалық мөлшер ретінде сметалық пайда нормасының 8% негізгі шығындар мен үстеме шығындардың сомасынан кем болмауы керек 12,85-91 беттер.

Сонымен, құрылыс мердігерінің келісім-шартында келесі бөлімдер мазмұндалады:


  • келісім-шарт бойынша жақтардың міндеттері мен құқықтары көрсетілген бөлім;

  • келісім-шарт мерзімін, жұмысты орындау уақытын, сонымен қатар келісім-шартты бекітуді көрсететін бөлім;

  • орындалған жұмысқа мердігер кепілдік беретін бөлім;

  • дауды шешу және оны қарау ережесі туралы бөлім;

  • келісім-шарттың қорытындысын көрсететін бөлім.

Осылайша, құрылыстың мердігерлік келісім-шартын бекіту жалпы алғанда күрделі үрдіс болып табылады, мұнда көптеген нормативтік құжаттар мен шыңдық сақталуын қажет.

Біздің ұсыныстарымыз, бухгалтерге мердігер келісім-шартын рәсімдегенде көмек береді деп үміттенеміз.

Құрылыс ұйымдарының құрамында әртүрлі көмекші өндіріс және қызмет көрсетуші шаруашылық болуы мүмкін. Көмекші өндірістер құрылысқа арналған жартылай өнімдерді және құрылыс материалдарын дайындау, қайта өңдеумен айналысады (тас, құм, басқа щда қазба емес материалдар алу, ағаш өңдеу шеберханасы, бетон және темірден бөлшектер жасау зауыттары, кірпіш зауыттары және т.б.)

Басқа көмекші өндірістер құрылысты электрэнергиясымен, бумен және т.б. қажеттілікпен қамтамасыз етеді( электрстанциялары, бу күші бар құрылым, жөндеу шеберханалары, көлік ұйымдары және т.б.)

Басқалардан гөрі ірілеу көмекші өндірістер дербес баланста болады 13, 21-25 беттер.

Құрылыс пен монтаждау жұмыстарының өзіндік құнына құрылыс пен монтаждау жұмыстарының өндірісімен байланысты шығындар кіреді. Олар экономикалық элементтер және калькуляция баптары бойынша топтастырылады.

Шығындардың экономикалық элементтері өндіріс үрдісі барысында экономикалық мазмұны мен функционалдық ролі бойынша біртекті жұмсалған ресурстар жиынтығы болып табылады. Шығындардың элементтер ақпараттары бойынша негізгі резервтердің өзіндік құнның төмендеуін, жоспардың басқа баптары мен жоспарлық өзіндік құнның байланысын, жоспардан тыс және бірнеше жылдар бойы өндірісте шығындардың құрылымында өзгеруін зерттеуін, айналым құралдардың жеке көрсеткіштері талдауын жасауын анықтауға үлкен ықпал жасайды. Жоғары тұрған басқару органдарға шығындардың элементтер бойынша топтастыру салалар мен жеке салалар бойынша шығындардың құрылымын зерртеу және салалар бойынша ұлттық табысты есептеу үшін пайдаланылады.

Құрылыста элементтер бойынша шығындарды топтастыру номентклатурасы:



  1. Материалдық шығындар (қалдықтарды шегерілгенде).

  2. Еңбекақыны төлеу шығындары.

  3. Сақтандыру жарнасын төлеу.

  4. Құралдардың тозуы.

  5. Басқадай шығындар.

«Материалдық шығындар» элементіне: материалдарға, құрылыс конструкциясы мен бөлшектері, отын, элекрэнергия, бу, су (қосалқы және көмекші өндірістін өнімі мен қызмет көрсетуі және қызмет көрсету шаруашылықты қоса алғанда), құрылыс-монтаждау жұмыстарын өндірісте пайдаланылғанда, сонын ішінде құрылыс машиналар мен механизмдердің жөңдеу және эксплуатациялауға кеткен шығындар жатады.

«Еңбекақыны төлеу шығындар» элементіне жұмыскерлердің еңбекақысы, сонын ішінде істен шықпаған құрамы да, құрылыс-монтаждау жұмысымен айналысқан, құрылыс машиналар мен механизмдерді басқару мен қызмет көрсету жұмысшылары және ведомстволық күзет жұмысшылары мен әкімшілік-шаруашылық жұмыскерлер және т.б. жатады.

«Құралдардың тозуы» элементіне құрылыс ұйымының балансында болған негізгі қорлар құнының, қосалқы және көмекші өндірістін негізгі қорлар және қызмет көрсету шаруашылықты қоса алмағанда бекітілген нормалар бойынша есептелген тозу сомасы. Оларға құрылыс ұйымдардың материалдық емес активтердің тозуы да жатқызылады.

«Басқадай шығындар» элементіне жоғарыда көрсетілген шығындар элементтер топтарына кірмеген шығындар жатады:



  • Қолданылған машиналар, механизмдер, мекеме мен ғимараттар жалға алуы және механизацияны басқарған қызмет көрсетуді төлеу;

  • Жалпы пайдаланылған көлігі қызметін (материалдарды жеткізуден басқа) және құрылыс ұйымының көлігі, соның ішінде құрылыс шегінде тасумен айналысқаны үшін төлемдер;

  • Іскерлік іс-сапарлар;

  • Жоспарлық шығындарды төмендету үшін жетуді үнемдеуген шаруашылық-есептік бригадаларға сыйақылар төлеу;

  • Жоғары тұрған ұйымдар қамтамасыз етуге кеткен шығындар;

  • Өрт сөндіруші, әскери оңашалау және күзету ведостволардан тыс шығындар;

  • Басқа шығындар.

Құрылыста сметаны жасау, жоспарлау және құрылыс өнімін өзіндік құнын калькуляция негізінде келесідей шығындардың баптар бойынша топтастырылуы:

    1. Материалдар.

    2. Жұмысшылардың негізгі еңбекақысы.

    3. Құрылыс машиналары мен механизмдернің эксплуатациясына кеткен шығындар.

    4. Үстеме шығындар.

«Материалдық шығындар» бабы өндірістің ең ірі, үлесі шығындарын 50-90% құрайтын, шығындар элементі болып табылады. Материалдар мен шикізаттар құнына комиссиондық сыйақылар, брокерлік және басқа да делдал қызметтері кіреді. Өндіріс процесінде қолданылған материалдар мен шикізаттар өзіндік құнына қосымша құн салығының сомасынсыз кіреді.

Материалдық шығындар өнімнің өзіндік құнының құрамында үлкен үлес салмағына ие. Сондықтан олардың дұрыс есептелумен қатаң бақылауға алынуы өнімнің өзіндік құнының дұрыстығын қамтамассыз етеді.

Өнімнің өзіндік құн құрылымында материалдық шығындар келесі баптармен көрсетіледі:


  • шикізат пен негізгі материалдар;

  • меншікті жартылай фабрикаттар;

  • қайтарымды шығыстар;

  • қосымша материалдар;

  • техникалық мақсатта қолданылатын жанар-жағар май мен энергия;

  • құрылыс материалдары.

Шикізат пен материалдар шикізат пен материалдар шығындары болып келтіріледі де, өнімді жасау немесе оны жасауға қажетті компонент негізі болып табылады. Құрылыс кәсіпорындарында құрылыс материалдары құрылысқа, реконструкцияға және жөңдеу жұмыстарына (цемент, бетон, кірпіш және құм) және басқа да материалдар тағайындалады.

Қосымша материалдар – қалыпты техникалық процессті қамтамасыз ету үшін өнімді жасағанда процесте қолданылған қосымша материалдар. Нақты Қосымша материалдар шығындары өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құны және аяқталмаған өндірістік сметалық ставкаларға пропорционалды шығындар.

«Еңбекақы төлеу» бабында кәсіпорынның негізгі өндіріс персоналына еңбекақы төлеу шығыстары көрсетіледі.

Негізгі құрылыс жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу шығыстар есебін ұйымдастырудағы негізгі ерекшелік құрылысшылардың негізгі еңбекақысы тура шығыстарға жатқызылады, ал құрылыс ұйымдарының қосымша еңбекақысы үстеме шығыстарына жатқызылады.

Құрылыста негізгі еңбекақы сомасына құрылыс, монтаждау және басқа құрылыс жұмыстар түрін орындаған жұмысшылардың және қосалқы жұмысшылар, материалдарды қолмен тасу және жатқызу, бекіту жұмыстарымен айналысқандар жатады. Еңбекақы төлеу шығыстары құрамына төлемдерден басқалар да шығыстар жатқызылады, жұмыстан тыс істеген жұмыс үшін қосымша төлемдер, жұмыс істегенде қалыпты жағдайдың өзгеруіне байланысты (эксплуатациялық ғимараттар мен цехтарда немесе капеж және судың арту жағдайында құрылыс пен жөңдеу-құрылыс жұмыстары үшін) төленетін төлемдер.

«Құрылыс машиналары мен механизмдерін эксплуатациялау шығыстары» бабында құрылыс ұйымдары құрылыс техникасын пайдалануға әртүрлі ұйымдастыру нысандары қолданылады. Ол ұйымның меншігінде немесе басқа тұлғадан жалға (персоналдың қызмет көрсетуісіз) немесе мамандырылған механизация басқарма қосалқы мердігерлік жағдайында (персоналдың қызмет көрсетуімен) тарту. Сондықтан құрылыс техникасын эксплуатациялау шығындары жиындығына меншікті және жалға алынған шығыстар мен қызмет керсету құнынан құралады.

«Құрылыс машиналар мен механизмдерді эксплуатациялау шығыстар» бабы:


  • жұмысшылардың еңбекақысын төлеу жүйесі мен нысандары бойынша құрылыс ұйымдары қабылдаған шығыстары: құрылыс машиналар мен механизмдерді басқарумен айналысқан жұмысшылар (механиктер, машинисттер, мотористтер және басқа да машиналар мен механизмдерді басқарумен байланысты жұмысшылар);

  • материалдық ресурстар шығыстары, сонын ішінде эксплуатациялық мақсатпен қолданылған жанар-жағар май мен энергия;

  • құрылыс машиналары мен механизмдерді қалпына келтіру үшін амортизациялық аударымдар;

  • келісім-шарт негізінде жалға алынған машиналар мен механизмдерді қолдану үшін жал төлемі;

  • техникалық қызмет көрсету және құрылыс машиналар мен механизмдернің диагностикасына кеткен шығыстар;

  • құрылыс машиналары мен механизмдернің жөңдеу жұмыстарына кеткен шығыстар, резервтік қор болған жағдайда жөңдеу қорына немесе жөңдеу үшін резервке аударымдар;

  • құрылыс машиналары мен механизмдерді қайта негіздеу шығыстары немесе резервке аударымдар;

  • құрылыстан тыс құрылыс конструкцияларын және материалдарды тасу, не орнын ауыстыру, сонын ішінде оларды тиеу және мен түсірумен айналысқан жұмысшылардың еңбекақысы мен топырақты (грунт) әкелу мен шығаруға кеткен шығыстары;

  • құрылыс машиналар мен механизацияларды эксплуатациялауға кеткен басқа да шығыстар.

«Құрылыс машиналар мен механизацияларды эксплуатациялауға кеткен шығыстар» бабы бойынша шығыстар жоба бойынша тұтыну уақытына қарай, машино-ауысым шамамен және жобалық машино-ауысымдар құнының калькуляциясымен саналады.

Келісім-шарт бойынша емес жұмыста қолданылған жалданған құрылыс машиналар мен механизмдерді эксплуатациялау шығынтары құрылыс жұмыстар өзіндік құнына кірмейді3, 5-7 беттер.

Үстеме шығыстар – бұл өндірісті басқару мен қызмет көрсетумен байланысты шығындар. Олар кешенді сипатты атқарады да, олардың құрамында барлық экономикалық элементтер шығындары, құрылыс мердігер келісім-шартта бөлінуі мүмкін, жатады.

7 мен 12 бухгалтерлік есеп стандарттары мен әдістемесіне сәйкес құрылыста үстеме шығындарға мыналар жатады:



1. Құрылыс жұмыскерлеріне қызмет көрсету шығыстары:

  • өндірістің негізгі және қосалқы жұмыскерлеріне қосымша еңбекақы және әлеуметтік пен міндетті медициналық сақтандыру жарналар аударымдары;

  • өндірістің негізгі және қосалқы жұмыскерлеріне кезекті демалысты төлеге арналған арнайы қорға аударымдар;

  • аммортизация аударымдары және аммортизация аударым жалға алу бөлігінен, ағымдық жөндеу және санитарлық-тұрмыстық мобильді ғимараттарды және медициналық мекемелерді, кәсіпорынның қоғамдық тамақтану бөлмелерін басқа орынға ауыстыру шығыстары;

  • қызмет көрсету персоналының негізгі және қосымша еңбекақы мен әлеуметтік пен міндетті медициналық, сақтандыру жарналар аударымдары және жылу, суландыру, жарық түсіру, канализация және шығыстар;

  • қайтарылмайтын жұмыскерлерге көрсетілген қызмет құны;

  • еңбекті күзету және қауіпсіздік техникасына сақтау шығыстары;

2. Құрылыс алаңдарында ұйымдастыру және жүргізу жұмыстар шығыстар:

  • құрылыс машиналар мен механизмдерге аммортизациялық аударымдар;

  • уақытша үйлер мен ғимараттарды салуға арналған резерв аударымдары;

  • уақытша лауазымды емес ғимараттардың құрамы, жөндеу және кейіннен істеу шығыстары мен аммортизациясы;

  • өндірістік материалдық емес активтер мен негізгі құралдардың ағымдық және ұзақ мерзімді жал төлемдері;

  • негізгі және қосалқы өндірісіндегі құрылыс машиналар мен механизмдерді және басқа да айналыстан тыс активтердің құрамы, эксплуатациясы және ағымдық жөндеу шығыстары;

  • жөндеу қорына аударымдары;

  • өндіріс жұмыстарын жобалау шығыстары;

  • өндіріс зертханаларды сақтау шығыстары;

  • құрылыс алаңдарының сақталуы мен жабдықтану;

  • объектіні іске қосу және байқауға кеткен шығыстары;

  • өндіріс саласындағы консультациялық қызмет көрсеткен үшін шығыстары;

  • қызмет көрсету және орташа басқару өндіріс персоналының негізгі және қосымша еңбекақы мен әлеуметтік пен міндетті медициналық сақтандыру жарналар аударымдары;

  • өндірістік іс-сапарлар шығыстары;

  • өндірістік құрылыс-монтаждау жұмыстарында геодезиялық жұмыстарға кеткен шығыстары;

  • құрылыс алаңдарында өрт сөндіруші, әскери оңашалау және күзету шығыстары;

3. Үстеме шығыстарға жататын, бірақ та үстеме шығыстар нормасында көрсетілмеген шығыстар:

  • жұмыскерлерге біруақытылы көмек көрсету;

  • құрылыс ұйымынан тәуелсіз объектітің қателіктерді түзетуді жасауды төлеу;

  • жұмыскерлерді жұмыс орнына дейін және қайтару тасымалдауды қамтамасыз ету;

  • құрылыс-монтаждық бөлімшелерді қайта базалау шығыстары 14,20-25 беттер.

Өндірісте құрылыс-монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру осы баптар бойынша сметалық пен жобалық көрсеткіштердің сәйкес келуі нақты шығындардың есебі бойынша мақсатты болып келеді.

Барлық құрылыс-монтаждық жұмыстардың өзіндік құнына кіретін шығындар анықталған белгілер бойынша сыныпталады.

Объектінің өзіндік құнының калькуляциясына енетін нысанда шығыстар тура және жанама болып бөлінеді.

Тура шығыстарға бастапқы құжаттар бойынша тура нысанда объектілер мен жұмыстардың өзіндік құнының калькуляциясына жатады. Оларға құрылыс материалдары, конструкциялар мен бөлшектер, құрылыс өндірісіндегі жұмыскерлердің негізгі еңбекақысы, құрылыс машиналар менм механизмдерді эксплуатациялау және қамтамасыз ету шығыстары жатады.

Жанама шығыстарға өндірісте бірнеше немесе барлық өнім (жұмыс) түрлерімен байланысты шығыстар. Объектінің өзіндік құнының калькуляциясына олар арнайы қосымша есептеулердің анықталуымен енгізіледі. Мердігерлік ұйымдарда осындай шығыстарды үстеме шығыстарға жатқызады.

Есеп мерзіміне таратуына байланысты шығыстар ағымдағы шығыстар және алдағы кезең шығыстары болып бөлінеді. Ағымдыға шығыстарға сол кезеңде болған барлық өндірістік шығыстарды жатқызады. Ал алдағы кезең шығыстары алдын ала 343( 1620,2920) «Басқа алдағы кезең шығыстары» шотында көрсетіледі және анықталған кезең ішінде құрылыс өнімінің өзіндік құнына бөлшектеп есептелінеді. Осындай тарату жасаған жұмыстын өзіндік құнның дұрыс және уақытылы есептелуін және істен шығаруы үшін керек. 3,5-7 беттер



2 ҚҰРЫЛЫС МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ МОНТАЖДАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 «Құрылыс және монтаждау жұмыстарының орындалу шығындарының есебін ұйымдастыру

Жалпы кәсіпорын немесе оның бөлімшелері өндірісінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесінде басты орынды өнімнің өзіндік құны алады. Өзіндік құн құрамы оны құрайтын шығындармен анықталады.

Құрылыс саласында өндіріс шығындарын басқару – күрделі процесс. Өзінің мәні жағынан ол кәсіпорынны бүкіл қызметін басқаруды білдіреді, өйткені болып жатқан өндіріс процестерінің барлық жақтарын қамтиды.

Шығындар есебі мәнінің көпшілік қабылдаған анықтамасы, бұл – шығындар есебі кәсіпорында белгілі уақыт аралығында болған жабдықтау, өндіріс және өнім өткізу процестерін, оларды сандық өлшеу, заттай және құнды көрсеткіштермен тіркеу, топтастыру және талдау арқылы көрсетуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Мұндай көрсету кәсіпорынды басқару мен оның қызметін қаржы нәтижелерін анықтау арқылы бағалауға қажетті мәлімет алуды қамтамасыз етеді.

Бірақ, мұндай тәсіл басқару есебінің даму барысында және дамыған өндірістік есеп теориясында пайдалану бағытттары бойыншща шектелген. Біздің ойымызша, өндіріске жұмсалған шығындар есебінің маңызын анықтау, техникалық жағынан басқа, өндіріске жұмсалған шығындар есебін түрлендіруді немесе басқару есебінің өндірістік қызметін ұйымдастыруға әртүрлі тәсілдерді қамтуы тиіс. Осылайша, шығындар есебінің мазмұнын анықтау кәсіпорындарда оны ұйымдастыруды үлгілеудің шынайы алғышарттарын жасайды. Басқарудың кері процесіне сәйкес, есеп ақпараттық жүйе ретінде тек қана іс-әрекетті ғана емес, сондай-ақ болашақта кәсіпорын экономикасын белгілі бір бағыт үшін ақпараттар дайындайды.

Егер өндіріске жұмсалған шығындар есебі басқару үлгісіне сәйкестендіріліп бұрынғы, қазіргі және болашақтағы өндірістік қызметі нәтижелері мен шығындарын пайдалануды көрсету процесі ретінде қарастырылса, онда есептің мұндай жүйесі өзіндік құнды басқарудың негізгі міндеттеріне сәйкес келеді.

Нақты бір кәсіпорынның өндіріске жұмсалған шығындары есебінің негізгі міндеттері:

- кәсіпорын әкімшілігін басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпаратпен қамтамасыз ету;

- болашақтағы экономикалық стратегияны қалыптастыру мен ауыртпашылықтарды табу мақсатында нақты шығын деңгейін мөлшерлі және жоспарлы шығындармен салыстыра отырып бақылау;

- дайын өнімді бағалау және қаржылық нәтижелерді есептеу үшін шығарылатын өнімнің өзіндік құнын есептеу;

- құрылымдық бөлімшелерді өндірістік қызметіні экономикалық нәтижелерін анықтау және бағалау;

- ұзақ мерзімді сипатқа ие, өндірістік және технологиялық бағдарламалардың өзін-өзі ақтауы, өнім түрлдерінің пайдалылығы, негізгі қорлар мен өндірістік қосалқыларға салынған күрделі салымдардың тиімділігі туралы шешімдер қабылдау үшін өндірістік қызметті басқару есебінің ақпараттарын жүйелендіру [16, б 48].

Кез-келген өнімді (жұмыс, қызмет) өндіру белгілі бір шығындармен байланысты. Сондықтан да шығындарды жіктеу өндірістік есептің маңызды элементі болып табылады. Әдетте, топтау қағидаларына калькуляция баптарының номенклатурасы сәйкес келеді. Өзіндік шығындарды дұрыс есептеу үшін оның ғылыми негізделген жіктелімі аса қажет. Құрылыс саласында шығындарды өндірістік үрдістің барлық жағын қамти отырып, яғни оның ерекшеліктеріне қарай белгілі бір топқа жатқыза отырып, орындау қажет.

Өндірілген өнімді калькуляциялау және бағалау үшін шығындар былай топталады:

- негізгі - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты (шикізатты, технологиялық қажеттіліктерге кеткен материалдық шығындар, негізгі өндірістік жұмысшыларға жалақы төлеу, машиналар мен құрал-жабдықтарды ұстау мен пайдалануға кеткен шығындар т.б.) ;

- үстеме шығындар (өндірісті ұйымдастыру, оған қызмет ету және басқарумен тікелей байланыста пайда болады) ;

- тікелей - өнімнің нақты бір түрін өндірумен байланысты және оның өзіндік құнына тікелей кіреді ;

- жанама шығындар жекелеген өнім түрлерінің құнына тікелей емес, жанама түрде бөлінеді. Олар өнімнің өзіндік құнына әртүрлі әдістердің көмегімен (ставка, пайыз, коэффициенттер) жанама жолмен қосылады;

- кірістік шығындар – қолда бар және сатып алынған ресурстар, келешекте табыс әкелуі ықтимал;

- өткен шығындар, олар келешекте табыс әкелу қабілетін жойған ресурстар.

«Алатау production» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктері туралы». Қазақстан республикасының заңына және басқа да заңдарға сәйкес кәсіпкерлік қызметін реттейтін заңдарына сәйкес құрылған.

Өзінің даму мүддесі үшін және басқа да шаруашылық субъектілерімен қарым-қатынас жасау үшін серіктестік басқа заңды және жеке тұлғалармен келісім шарт жасай алады.

Серіктестік мекен-жайы : Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Алматы ауданы, Мусрепов көшесі, 11 үй.

Серіктестік негізгі қызметін Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министірлігінің құрылыс істері жөніндегі комитеті берген мемлекеттік лицензия, лицензия номері 05 - МҚЛ № 009223 05.07.02ж., бойынша өз қызметін Қазақстан Республикасы аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында жұмыстарын орындау негізінде жүзеге асырылады.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензияланатын жұмыс (қызмет) түрлерінің тізбесі:


  1. Жер жұмыстары.

  2. Ғимараттар мен құрылыстардың күрделілігі ІІ және ІІІ деңгейіндегі тіркеуіш және қоршау құрастырмаларын тұрғызу:

  3. Сыртқы инженерлік желілер мен құрастырмаларды және ішкі инженерлік желілерді орналастыру жөніндегі жұмыстар:

  4. Құрастырмалар мен жабдықтардықоғау жөніндегі жұмыстар:

  5. Майлау мен сырлау жұмыстарын қоспағанда, күрделілігі ІІ және ІІІ деңдейіндегі ғимараттар мен құрылыстардың құрылысын салу, қайта құру, күрделі жөндеу кезіндегі әрлеу жұмыстары.

  6. Күрделілігі ІІ және ІІІ деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстардың құрастырмаларын күшейтуді қоса алғанда, күрледі жөндеу және қайта құру.

«Алатау production» ЖШС кейінгі 3 жыл бойынша жыл сайынғы істеген жұмыс мен көрсеткен қызмет көлемі 12 864 200 тенге болды, 1 кестеде көрсетілген.
Кесте 1 - Бас мердігер ретінде «Алатау production» ЖШС кейінгі 3 жыл бойын істеген жұмысы


Объектінің аты мен орналасу мекені

Тапсырыс берушінің аты

Жұмыс түрі


Келісім-шарттың бағасы, тенге

Қаржы полиция академиясының жатақханасы

Астана


ҚР экономикалық және коррупциялық қылмыспен күрес бойынша агентігі

Ғимаратты күрделі жөндеу

2 500 000

ҚР ІІМ-нің Алматылық Заң колледжінің жатақханасы

Алматы


Алматылық Заң колледжі

Ғимаратты күрделі жөндеу

3 400 000

Өнер мектебі

Приозерск



Акимат


Шатырды

күрделі жөндеу



1 300 000

ҚР Ауылшаруашылығы министірлігі аАлматылық аумақтық филиалы РГКП «Республикалық мал емдейтін лаборатория»

РГКП «Республикалық мал емдейтін лаборатория»

Жылу желілерді, ыстық және жылу сумен жабдықтау жүйесін, жылумен жабдықтау және кәрізді күрделі жөндеу

5 664 200

Е с к е р т п е - «Алатау production» ЖШС мәліметтері негізінде

Тәртіп бойынша талдау қаржылық есептіліктің активтер бөлімін құрамы мен құрылымын зерттеуден басталады да, шаруашылық субъектінің барлық мүлкісі бойынша абсолютті және біршама өсу мен азаюы туралы мөлшерін анықтау мүмкіндік береді. Кәсіпорынның мүлкінің құрамы мен құрылымы туралы динамикасын кесте 2 қарастырамыз.

Кесте 2 - «Алатау production» ЖШС-нің мүлкінің құрылымы мен құрамы

Мүлкінің түрі



2016 жыл

2017 жыл

Ауытқу

Сома, тенге

Үлес салм., %

Сома, тенге

Үлес салм.,%


Сома, . тенге

Өсу қарқыны

азаюы, %


1. Негізгі құралдар

2. Материалды емес активтер

3. Аяқталмаған капиталды салымдар

4. Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар

5.Басқа да айналымнан тыс активтер


58327791

24741
-


-
39000

10,3

0,004
-


-
0,006

73399224

21045
-


-
39000

9,4

0,002
-


-
0,004

15071433

-3696
-


-
-

125,8

85
-


-
100

6.Айналымнан тыс активтер жиыны.

58391532

10,306

73459269

9,406

15067737

125,8

7. Өндіріс қорлары (ТМҚ)

8. Ақша қаражаттары және ұзақ мерзімді қаржылық салымдар

9. Басқадай активтер


358512736

1046555


150694325


63,01

0,18


26,5

494773072

5343187


211241421

63,004

0,68


26,91

136260336

4296632


60877096

138

510,6


140,2

10.Айналым активтерінің жиыны

510253616

89,694

711357680

90,594

0,9

139,41

11.Мүлкінің жалпы құны

568645147

100

784816949

100

216171802

138,01

Е с к е р т п е - «Алатау production» ЖШС қаржылық есептілік мәліметтері негізінде

Кестенің мәліметтерінен талданатын мерзімінде мүлкінің құны өседі, кәсіпорын үшін оң жағымен сипатталады, сондықтан кәсіпорын қызметі алға қарай жылжуын куәландырады. Бірақ та бұл қорытындыны шығармастан, кестені зерттеу керек:



  • Негізгі құралдардың құны 150 711 433 тенгеге өсті, себебі кәсіпорын талдау мерзімінде жаңа негізгі құралдарды сатып алды;

  • Материалды емес активтер 3696 тенгеге азайды, өйткені МЕА-ге амортизация есептелінді;

  • Өндіріс қорлары 136 260 336 тенге сомасына өсті, себебі бұл бапта есептік мерзім кезінде жаңа материалдар сатып алынды;

  • Дебиторлық борыш 60 877 096 тенгеге өсті де, кәсіпорынның тапсырыс берушілерінің төлем қабілетсіздігі сипатталады;

  • Ақша қаражаттары бабы 442 966 322 тенге сомасына өсті, сондықтан кәсіпорын үшін оң болып және қолма-қол ақша болуы кредиторлар алдында міндеттемелерін өтеуге мүмкіндігі болуын сипаттайды.

Кәсіпорын мүлкісінің құрылымы мен құрамын зерттегенде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді активтер ара қатынасы маңызды өзгереді. Айналымнан тыс активтер 2016 жылда 10,3, ал 2017 жылы 9,4 құрады. Осыған сәйкес ағымдық активтер 2016 жылы 89,694, ал 2017 жылы 90,594. Кәсіпорын мүлкінің құрамында ең үлкен үлес салмағы негізгі құралдарда болып табылады, бұл құрылыс ұйымдарында тән. Себебі өз қызметін жүзеге асыру үшін олар өз өндіріс қуаттарына ие болу керек. Екінші орында өндірістің қорлар, олар кәсіпорынның қызметіне тән. Содан кейін ақша қаражаттары және ақырғы болып дебиторлық борыш болып табылады. Нарықтық қатынастар жағдайына байланысты кәсіпорын қызметі және оның дамуы меншікті капитал арқылы өз-өзін қаржыландыру бойынша жүзеге асырылады. Тек қана меншікті қаржылық ресурстар жетпегенде қарыздық капитал тартылады. Бұл жағдайда ерекше мағынасын ішкі қарыз көздерінен қаржылық тәуелсізділік орын табады.

Талдау барысында активтердің құрылу көздері меншікті және қарыз капиталының нақты мөлшері бойынша анықталады. Келесі кәсіпорын қандай мүлкі көздерінен құралатынын анықтау қажет. Оны кесте 3 бойынша динамикасын қарастырамыз.Кестенің мәліметтері бойынша мүлкі көздерінің құны көбейді келесі көздер ықпалынан: кредиторлық борыш 207 045 907 тенгеге көбейді және кәсіпорын сипаты теріс жағымен сипатталады, себебі кәсіпорынның төлем қабілеттілігі төмен; Ұзақ мерзімді қарыздар 66 919 791 тенге сомасына өсті, себебі есептік мерзім ішінде кәсіпорын жаңа жабдықты сатып алу үшін банктерден қарыз алды; Бөлінбеген кіріс (залал) есепті жылы – 2 219 750 тенге құрады, сондықтан осы талдау мерзімі залалды болып табылады. Өзгермеген мүлкі көзі тек қана жарғылық капитал болып қалды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет