Дістемелік кешен



бет57/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#85013
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   134
Байланысты:
УМКД МП бакалавриат

Мәжбүрлеу билігі басшының жазалауы, мақсаттарға қол жеткізуге кедергі келтіруі мүмкін екендігіне және осыны ұғынатын, сондықтан бағынуға мәжбүр болатын орындаушылардың қажеттіліктеріне негізделген. Билікті осы түрін «негативті», немесе «үрей билігі» деп атайды. Сынға алынуына қарамастан, дәл осы түрді билік түрлерінің кез келген тізімінде бірінші орынға қояды, ол әзірге басшының әсер етуінің алмастырылмайтын және жалғыз ғана тұтқасы болып қалуда. Оның негізгі кемшіліктері – бақылаудың орасан зор жүйесі, орындаушылардың қолдарының байлануы және бөтенсуі. Бұл еңбектің төмен өнімділігіне және кадрлардың тұрақтамауына алып келеді. Алайда, мәжбүрлеу, жеке бас қауіпсіздігі сезіміне апелляция жасайтындықтан, үлкен күшке де ие. Басқару теориясында осыған орай «ұйымдық үрейлер» түсінігі бар, олардың арасындағы негізгілері мыналар:
Басқарушы іс-әрекет үшін «қызметтен айрылу үрейіне» трансформацияланатын, жұмыстан айрылуға үрейлену. Еңбек нарығы күшке толы жағдайларда ол жұмыстың жоғарғы қарқындылығына күшті итермелеуші мотив болып табылады. Ірі ұйымдарда ол ортаңғы және төменгу буын басшыларына қысым көрсетудің мықты құралы ретінде қолданылады. Тұрақсыз қызметтік қалып атмосферасы жасалады.
Жұмысты орындап шыға алмауға үрейлену. Ол кез келген, бірақ әсіресе басқарушы кәсіптік қызметке тән. Барлық жақтан жасалатын қысым секілді, істердің мөлшері үнемі өсіп отыр, басшы өзін өз кәсібінің құлы ретінде сезіне бастайды. Ол барлық мәселелерді бірден қамтып тастауға тырысады, бұл жағдайды одан бетер ушықтырып жібереді. Созылмалыға айналып шыға келетін жүйелі олқылықтар пайда болады. Істің молдығы жанға жарақат салатын факторға айналады.
Қате жіберіп алуға үрейлену. Басшының ұстанымына өз жұмысын мінсіз орындап шығу, топтың барлық мүшелерінен жақсырақ болу ниеті тән. Бұл беделге нұқсан келтіретіндіктен және мәртебесіне әсер ететіндіктен, басшыға өз қателерін мойындау қиынырақ соғады. Осындай қорқыныш эмоциялық күш түсудің артуына алып келеді.
Басқалардың басып озуынан үрейлену. Адамдарға қызмет баспалдағы бойынша жоғары қарай өрмелеп қалуға ұмтылу тән, бірақ бұған мүмкіндіктерге бәрі ие бола бермейді және адамдар сәтсіздіктерге әртүрлі қарайды. Егер «бәрінен жақсы болу» мақсаты (әсіресе басшыларда) жүзеге асырылмаса, тұрақты теріс реакциялар мен эмоциялық күйлер пайда болады.
Өзінің «Менін» жоғалтып алуға үрейлену. Қазіргі кездегі еңбек бөлінісінің нәтижесінде адам кей кездері өз жұмысының нәтижелерін, онда өзінің «Менінің» жүзеге асуын көре алмайды. Жұмыстың мән-мағынасыздығы сезімі, «бос жүріс феномені» пайда болады. Үрейдің осы бір түрі басқарушы іс-әрекет үшін азырақ тән. Ол тек тіптен басшының өзі өзінің жүйеде қызмет етуінің мән-мағынасын әзер ажырататын ірі бюрократияланған ұйымдарда ғана байқалады.
Сыйақы билігі. Басшы орындаушылар үшін маңызы бар стимулдарды бөлудің негізгі мүмкіндіктерін өз уысында ұстап отырады. Биліктің осы бір түрінің артықшылығы – оның күшінде, кемшілігі басшының, олардың күтулеріне, үміттенуіне қарағанда, орындаушыларға сыйақы беру үшін өте шектеулі мүмкіндіктерге ие болатындығынан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет