Дістемелік кешен



бет60/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#85013
түріБағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   134
Байланысты:
УМКД МП бакалавриат

Заңды (дәстүрлі) билік. Басшы оның мәртебесінде заң түрінде бекітілген, орындаушыларға әсер етудің құқықтық, өндірістік тұтқаларының жүйесіне ие. Басшы мен қол астындағылар арасындағы өзіндік «шартқа» сәйкес, билік қатынастары орнығады.
Ақпарат билігі. Басшы әдетте қол астындағыларға қарағанда көбірек ақпаратқа ие, сондықтан да тиімді жүріс-тұрыс жасау үшін объективті көбірек мүмкіндіктерге ие. Басқалардың көзінде бұл оның құзіреттілік шамасын арттырады және оның эксперттік әрі эталондық билігін нығайта түседі. Ақпаратқа кім ие болса, жағдайға сол ие болмақ.
Басшының іс-әрекетінде, әдетте, биліктің барлық қарастырылған түрлері үйлесіп отырады. Оның аса маңызды кәсіптік қасиеті – осы түрлерге кешенді арқа сүйеу және жағдайға байланысты оларды «мөлшерлеп отыру». Дәл осы қасиет интегралды басқарушылық білімді – басшының беделін қалыптастырудың негізі болып қызмет атқарады. Бедел басшының билік өкілеттіктері мен жеке бас қасиеттерінің жалпылама, интегратифтік көрінісі ғана болып шықпайды, басшыв мен орындаушылардың ұзақ уақыт өзара әрекеттесуінің өнімі болып табылады. Сондықтан басшының беделді қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған жүріс-тұрыс амал тәсілдері басқарушы іс-әрекеттің маңызды қыры және жөнге салушысы болып табылады. Белгілі бір шектерде жүріс-тұрыстың осындай тәсілдері ақталған болып табылады, ал олардың гипертрофиясы беделді нығайтудың өзіндік мақсат бола бастайтындығына алып келеді. Осындай жүріс-тұрыстың теріс, жанама әсері болып, бірнеше түр тармағы бар, жалған бедел феномені табылады:
Ара қашықтық беделі. Басшы, өзі мен қол астындағылар арасындағы қашықтық неғұрлым көп болса, оның қол астындағыларға әсері соғұрлым күштірек деп санайды.
Қайырымдылық беделі. Қол астындағыларға назар сала қараудың мәнісін жалған түсіну. Бұл бедел қол астындағыларға төмен талап қоюшылыққа негізделеді.
Сатып алу беделі. Қатынастар «сен маған – мен саған» принципі бойынша құрылады. Іскерлік қатынастар жеке қатынастарға айналады, жеке басының адалдығы түрін қабылдайды.
Ығыр қылу беделі. Басшы іш пыстырар ақыл айтулар мен ақыр-аяғы жоқ ұлағатты сөздер айту оның адамдарға әсерін күшейте түседі деп санайды.
Педантизм беделі. Басшының ұсақ қамқорлыққа, іске қатысы жоқ орындаушылардың жұмысының бөліктерін қатаң шектеуге бейімділігі.
Тәкаппарлық беделі. Ол басшының менмендігі мен паңдығына, өткенде сіңірген еңбектеріне құрылады.
Басып тастау беделі. Осындай беделге қол жеткізуге әдетте мәдени деңгейі төмен, осылардың негізгі қаруы перманентті үрей тудыру мақсатында билік қолдану қатері болып табылатын басшылар ұмтылады. А.С.Макаренко оны «ең қорқнышты және жабайы» деп есептеген.
2 сұрақ. Көшбасшылық теориялары және басшылық жасау стильдері
Жалпы алғанда басқару теориясының және жекелей алғанда психологиялық менеджментның заңдылықтарының негізінде билік категориясы жатыр.
Басқарушы іс-әрекетті билікпен реттегіштер оны жүзеге асырудың «басшылық стилі» түсінігімен белгіленетін негізгі варианттары анықтайды. Сонымен қатар билік жасау өкілеттіктері кімге және неліктен жүйтелетіндігі, қандай жеке бас қасиеттері адамға көшбасшы болуға көмектесетіндігі туралы сұрақтар спектрі де маңызды. Осының барлығы психологиялық менеджментның аса маңызды бағыттарының бірінде – көшбасшылық теорияларында зерттеледі. Көшбасшылық концепциясының төрт негізгі тобы бар: ерекшеліктер теориясы, жүріс-тұрыс тұрғысы, жағдайлық тұрғы және адаптивтік басқару теориясы. Олар бірінші тұрғыдан төртінші тұрғыға дейін эволюция жасаған осы мәселенің дамуының әртүрлі кезеңдерін сипаттайды.
Ерекшеліктер теориясы. Бұл кей кездері «ұлы адамдар теориясы» немесе «харизматикалық теория» деп белгіленетін, жеке бас қасиеттері тұрғысынан келу. Оның мәнісі жеке бас қасиеттерінің белгілі бір жинағына: интеллектке, ерікке, бастамашылдыққа, қажырлылыққа, сенімділікке, мейірімділікке, сенімділікке, шешендікке және т.с. ие болған адам ғана көшбасшы бола алатындығында. Қажетті бола отырып, бұл қасиеттер адамның көшбасшылық орынға жылжуы үшін жеткіліксіз болып табылады.
Осы мәселе бойынша зерттеулерді талдау көшбасшының спецификалық қасиеттерінің қандай да бір тұрақты тізімінің бар екендігіне күміән келтіруге мәжбүрлейді. Басқарушы іс-әрекеттің әртүрлі жағдайлары әртүрлі қабілеттіліктерді қолдануды қажет етеді, сондықтан да көшбасшылық тұлғалық және жағдайлық факторлардың өзара әрекеттесуінің өнімі болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет