3-дәріс. Ынтымақтастық пен өзара іс-әрекеттегі жұмыс Ынтымақтастық оқу дегеніміз не? Ынтымақтастық оқу –өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады.
Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып табылады. Барлық жағдайларда адамдар топтарға бірлескен кезде ынтымақтастық адамдардың топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен үлесі құрметтей отырып жұмыс істеу тәсілін ұсынады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін топ мүшелері арасында билік пен жауапкершілікті бөлу орын алады. Ынтымақтастық оқудың алғышарты топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы ымыраға, пәтуаға жетуге негізделген.
Бірлескен оқудың мәні Ынтымақтастық оқу – оқыту мен оқуға білім беру тәсілі, бұл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін бірлесіп жұмыс істейтін оқушылар тобы дегенді білдіреді. Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі, және осы әңгімелесу арқылы оқуды жүзеге асырады.
Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:
Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.
Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.
Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.
Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік гимнастика кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.
Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық аясын құруды бастайды. Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады (Smith and MacGregor, 1992).