Мұғалімдер үшін маңызы
Оқушылар оқу үдерісіне белсенді қатысу кезінде тиімділікпен оқиды. Зерттеушілер оқитын пәніне қарамастан, басқа оқу форматында ұсынылған сол ақпараттан гөрі, шағын топтарда жұмыс істейтін оқушылар, әдетте, оқытылатын нәрсе туралы көбірек біліп, соның нәтижесінде алған білімін ұзақ сақтайтындығын дәлелдеп отыр. Сонымен қатар ынтымақтастық топтарында жұмыс істейтін оқушылар өзінің сыныптарымен анағұрлым қанағаттанатын сияқты болып көрінеді.
4-дәріс. Диалогтік оқытудың маңызы.
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым - қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнативті дамуына әсер ететіндігі айтылған.
Выготский когнетиві дамудың оқушылар өздерінің«Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе жағдайда жақсаратынын атап көрсетеді. Диалог барысында оқушылар нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер(2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы жүзеге асады.
.
Сыныпта сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі - төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар қолданылады.Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Олар жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап бағаланады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады.
Тиімді педагогика аясында бұл сұрақтардың екі түрі де қолданылады, тек қойылатын сұрақтың түрі оның мақсатына қарай өзгеріп тұрады. Сұрақты оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құру қажет. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты түрлі техникаларын пайдалануға болады.
.
Нейл Мерсер, А. Дайалогос пен Литлтон еңбектеріндегі сапалы оқытудың бір көзі, әңгімелесу яғни, адами когнитивті және әлеуметтік даму негізінде оқушылардың қызығушылығын диалогтық стратегияларды қолдану арқылы жүзеге асыру қажетті десе, ал Рэгг және Браун ұсынған зертеулеріндегі оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет етуінің түрлерін тиімді қолдануды ұсынады
Диалогтық оқыту арқылы балалардың өзара дамуын қалыптастыру, Бразилиялық педагог Фриери айтқандай әр адам оқу процесіне сыни тұрғыда қатысып, адамдармен диалогтық әңгімелесуге қатысуға қабілетті екендігіне негізделген білім теориясын әзірледі. Фриери теориясының негізінде осы тәсілге жағымды энергияны енгізуге арналған «педагогиканың мүмкіндіктері» термині жатыр.
Педагог Фриери білім мынадай болуға тиіс деп санайды:
Фриери, мұғалімнің міндеті - оқушының білімін толтыру, көбейту тенденциясымен емес, білімді тауып, дамыту арқылы тереңдетуге бағытталған көзқараспен оқушылармен диалогқа түсу деп санайды (2007 ред., 43-б). Осы мақұлдау жаңашыл болып табылады. Ең алдымен, Л.С.Выготский оқытуда диалогқа басты рөлді беруді ұсынған; ол енгізген «жақын маңдағы даму аймағы» мен Сократтың ұсынған «эленхос» сияқты (Abbs бойынша цитата 2003, 15-бет) түсінігі, диалогтік әңгімеге қатысушылардың біліміндегі кемістіктерді көрсететінін дәлелдейтін теорияның мағынасын анықтайды. Фриери осы теорияны ары қарай дамытуда, оқушы мен мұғалімнің арасындағы диалог процесінің рөлі мен қатынасын қарастыруда, осындай диалогтың мақсаттарын анықтауда көп еңбек сіңірген
.
Барн (1976) пен Мерсер (2000) айтқандай оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болатын әңгіменің түрі десе, ол сабақта оқушылардың өзара әрекеттесу дағдыларын дамытуға да әсерін тигізетіні анықталды..
Аталған ғалымдардың еңбектерінде диалог құруға арналған стратегия ретінде «Талқылау жөніндегі серіктестерді» пайдалану «талқылау жөніндегі серіктес» бөлінетінін айтады. Шағын топта жұмысты жоспарлаған ұмтылысы болуы тиіс деген идея ұсынады. Жүйелілік ғылыми ойлауға, қиын тапсырмаларды жетік білуге, өз бетімен білім алуға, ізденуге іштей қажеттілік тудырады. Осының нәтижесінде жан-жақты білім алуға, қоршаған дүниенің заңдылықтарын тұтастықта қабылдауы қалыптасады. Жалпы оқушылардың қиын тапсырмаларды орындауда қиындықтар туындайтыны белгілі болды. Қиын тапсырмалардың мөлшерін алдын ала анықтау керектігі белгілі. Ендеше, оқушыға қалай оқытудың жолын үйретіп, кері байланыс арқылы оны қайта сұрау керек. Олар: оның оқи, жаза білуі, дауыстап айтуы, естіп, көзімен көруі, қабылдауы, қайтадан айтып беруі т.б. оқушылардың есінде ұзақ сақталады. Оқушылар сабақта жауап беруде дәлелдемелерді ауызша баяндап формулаларды жазады, талдау кезінде жіберген қателерін өзара әрекетпен түзетеді, іскерлік өзара әрекет дағдылары дамиды.
Білімді беру салу оңай, ал оқушыны ізденуге үйрету қиынырақ, ізденіс барысында түйінді мәселелерді бекітуде сыни ойлауды, өз қызметіне сынмен қарауды үйрету қажет. Адамдардың білім алуы жайлы болу үшін жауапты реакция мен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болуы керек қайталап айтуға ұмтылысы болуы тиіс деген идея ұсынады
Қорыта келе, оқушылардың білетін, білмейтіндігін анықтау үшін жақсы қарым-қатынас, тілдік дағдыларының болуын талап етеді.
Әңгімелесу пәрменді құрал болып табылады, оның көмегімен мұғалім оқушылардың оқу үдерісін қолдай және дамыта алады. Сыныпта диалогті пайдалану арқылы мұғалімдер оқушылардың білім сапасына ерекше оң әсер ете алады. Оқушылардың білімі мен ойлау қабілетін зерттеуге шынайы ұмтылу оқу үдерісіне барынша қызықтыру үшін ынталандыру болып табылады.
Диалогтік идея тәсіліне сәйкес, сауалнама мен топтық жұмыс оқушылардың оқуын жақсартуға қабілетті.
Сұрақ қою арқылы мұғалім:
- оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады.
- оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды.
- білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады.
- оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі.
- оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді.
- оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі.
- оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын
құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |