Дістемелік кешен


-дәріс. Жоспарлау. Тізбектелген сабақтар топтамасын орта мерзімдік жоспарлау



бет23/40
Дата24.04.2024
өлшемі0,64 Mb.
#201285
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40
Байланысты:
konstruktivti bilim beru adisteri pani boi nsha oak mi-20-31

8-дәріс. Жоспарлау. Тізбектелген сабақтар топтамасын орта мерзімдік жоспарлау.

Физика пәні бойынша 8 сыныпта бағдарламаның модульдерін сабақтар топтамасына ықпалдастыруды мен былай қарастырдым. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде оқыту (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен орта мектептің оқу бағдарламасында белгіленген 8 сынып физика пәнінен меңгеруге тиіс төрт тарау «Жылу құбылыстары, электр құбылыстары, электромагниттік құбылыстар және жарық құбылыстары» бойынша құрдым. Форумға ұсынып отырған «Жылу құбылыстары» тарауы бойынша тізбектелген сабақтардың орта мерзімді жоспары. Бұл жоспарды құру кезінде оқушылар меңгеруге тиіс ұғымдарды өздігінен танып-білу, жұпта, топта талқылау барысында берілген ұғымның мағынасын терең түсініп, алған білімдерін іс жүзінде пайдаланып, есеп шығару, тәжірибе жасау іскерліктерін қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыта отырып шығармашылыққа жетелеуді мақсат еттім.


Бұл ретте сабақтарды Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні- оқушыларды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады.
Тапсырмалар құрастыру барысында оқудағы және оқытудағы жаңа тәсілдер модулін іс-тәжірибемде жұптық және топтық диалог жүзінде тақырыпқа шығу және мазмұнын ашу үшін, сонымен қоса басқару және көшбасшылық қабілеттерін іске асыруда, сын тұрғысынан ойлауға үйрету және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану модулдерін сабақтастыра отырып енгіздім. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқыту модулін де тақырыпқа проблемалық сұрақ немесе топтастыру арқылы қызықты етіп шығуда кіріктірдім. Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс модулін бағалау кезеңде шығармашылық тапсырмалар арқылы ұйымдастырдым.
Осындай үлгідегі сабақтардың арқасында, оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ қызығушылықтарын түсініп, оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді және орынды пайдаланып, оқушы бойында ішкі уәж туады, өз қабілеттеріне сенім артып, ал ол өз кезегінде жаңа материалды саналы түрде меңгеруіне әсер етеді. Тәжірибемде мен оқушылардың білімді меңгеруге белсене араласып, жаңаша көзқараспен қызыға қатысатындығына, баланың дербес ойлау қабілетінің дамуына ықпал ететіндігіне көз жеткіздім.
Тізбектелген сабақтар топтамасына кіріктірілген модульдер оқушылардың сабақ мазмұнын тиянақты меңгеруімен қатар зерттеу тақырыбымда белгіленген мақсатым зерттеушілік қабілеттері және шығармашылық қасиеттерінің дамуына ықпал етті. Алдағы уақытта сабақтарымның құрылымы және жүргізу бағыты осындай болатынына сенімдімін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет