Дістемелік кешен


Лабораторялық жұмыс бойынша сұрақтар



бет75/112
Дата22.12.2021
өлшемі0,85 Mb.
#127596
түріПрограмма
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   112
Байланысты:
ооп лекция

Лабораторялық жұмыс бойынша сұрақтар

  1. Операторларды қайта жүктеу дегеніміз не?

  2. Қандай операторларды қайта жүктеуге болады?

  3. Индекстеу операторы қалай қайта жүктеледі?



ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС № 12-13

ОҚИҒАЛАРДЫ ӨҢДЕУ
Мақсаты. Оқиғалармен басқарылатын объектілі-бағытталған программа құруға практикалық дағдыландыру.
Жұмыстың негізгі мазмұны.

Қолданушының пернетақтадан енгізген командаларын орындайтын интерактивті программа жазу.


Қысқаша теориялық мәліметтер.

Объектілі-бағытталған программа оқиғалармен басқарылатын программа ретінде.

ОБП қолданғанда барлық объектілер бір-бірінен ерекшеленген болып келеді және объектіден объектіге ақпарат бергенде айтарлықтай қиындықтай туындайды. ОБП-да объектілер арасында ақпаратты беру үшін оқиғаларды өңдеу механизмі қолданылады.

Оқиғаларды объектілер арасында алмасатын ақпараттар пакеті ретінде елестетуге болады және олар объектілі бағытталған ортада қолданушының қандай да бір әрекетіне жауап ретінде құрылады. Пернеге басу немесе тышқан манипуляторын шерту бұл оқиғаны қалай өңдеуге болатынын білетін объект табылғанша объектілер тізбегімен жалғасып, оқиға туғызады. Объектіден объектіге оқиға берілу үшін программаның барлық объектілері бір топқа біріктірілуі қажет. Осыдан қолданбалы программа программада қолданылатын барлық объектілер біріктірілген объект-тобы болуы керек.

Осылайша, ОБП - бұл оқиғалармен басқарылатын программа. Оқиға программада өздігінен ешқандай әрекет етпейді, бірақ оқиғаға жауап ретінде программаның күйін өзгеріске келтіретін бар объектілер өзгеруі немесе жойылуы, жаңа объектілер құрылуы мүмкін. Басқаша айтқанда мәліметтерді өңдегенде барлық әрекеттер объектілермен жүзеге асырылады, ал оқиғалар тек олардың жұмысын басқарады.

Объектілерді құру процесінен өңдеудің тәуелсіз принципі бір программа көлемінде параллель екі процестің пайда болуына әкеледі: объектіні құру процесі және мәліметтерді өңдеу процесі. Бұл дегеніміз мысалы, программаның интерактивті элементтерін құру кезінде қолданушының онымен байланысты әрекеттерін ескермей-ақ, объектіні құру әрекетін жүзеге асыруға болады.

Және керісінше, программаның қолданушы әрекетін өңдеуге жауапты бөлігін дайындап, бұл бөлікті қажет интерактивті элемент құрумен байланыстырмауымызға болады.
Оқиға

С++ тұрғысынан оқиға – бұл объект, оның жеке өрістері берілетін ақпараттың қандай да бір қасиеттерін сипаттайды, мысалы:



struct TEvent

{int what

union{

MouseEventType mouse;

KeyDownEvent keyDown;

MessageEvent message;

};

TEvent объектісі екі бөліктен тұрады. Біріншісі (what) берілген оқиғаның көзін анықтайтын оқиғаның типін береді. Екіншісі оқиғамен берілетін ақпаратты береді. Оқиғаның әртүрлі типтері үшін ақпараттың мазмұны әртүрлі. What өрісі келесі мәндерді қабылдауы мүмкін:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет