Дістемелік кешені



бет2/15
Дата18.12.2021
өлшемі222,5 Kb.
#102672
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
8a64ac5b-b3a6-11e4-bd4b-f6d299da70eeТүркітану.материалдар арн. (2)
1 зертхана жум
Түркі (тюркский) этнонимі түркі халықтарының бәріне ортақ атау.

Түрік – этнонимі Осман түріктерінің халықтарының аты.

Түркі тілдерінің классификациясы – түркі тілдерін топтастыру, жіктеу.

Көне түркі тілдері – Орхон-Енисей жазба ескерткіштері, көне жазба ескерткіштері.

1-дәріс
Тақырыбы: Түркология пәні. Түркі тілдері туралы мәлімет
1 Түркология пәнінің зерттеу обьектісі

2 Түркі ру-тайпалары алғашқы мәлімет (Қытай жылнамаларында)

3 Түркі ру-тайпалары туралы алғашқы мәлімет (Орыс жылнамаларында)

Түркі халықтары – бір-бірімен бөлініп, жеке-дара өмір сүрген халықтар емес, қайта өзара тайпа-тайпа болып, жіті араласып, тығыз қарым-қатынаста бірге жасап келе жатқан, кейде өзара жауласып, кейде одақтасып отырған этникалық топтар. Сондықтан болар, көп .жағдайда олардың тарихы, әлеуметтік жағдайы, мәдениеті, салт-дәстүрі, діні, тілі ортақ болып келген. Түркітану бір жағынан, сол көне түркі тайпалары мен халықтарының көптеген ғасырға созылған тарихын зерттеу барысында қалыптасқан пән болып саналса, екінші жағынан, әлі жас, көптеген проблемалары шешіле қоймаған, әлі де дами түсуге тиісті ғылым саласы.

Көне тарихта қолданылған «түрк» сөзі қазіргі кезде жаңа мазмұнға ие болған. Егер түрк атауы тек ертедегі «түрк будуны» тіркесінде ғана қолданылса, бүгінде «түркі» этнонимі түркі тілдес халықтарының, ру-тайпалардың бәріне бірдей өкілеттік жасайтын жалпы терминге айналды. Қазан төңкерісіне дейін «түркі» терминіне түрлі мағына беріліп, оны бірде татар, енді бірде түркі-татар терминімен теңестіріліп келді. Қазір түрк//түрік термині Түркияның негізгі халқының атауына айналды. Түрк сөзі тарихи уақиғаны білдіру үшін «Түрк қағанаты» деген тіркесте қолданылып жүр. Қалай болса да, түрк//түрік//түркі атауларының түп төркіні бір сөз.

Республикамызда «Түркологияға кіріспе» деген пән 1985 жылдан бастап жоғары оқу орындарында бағдарлама негізінде оқытыла бастады.

«Түркі филологиясына кіріспе» оқу құралының негізгі мақсаты – студенттерге түркі тілдерінің зерттелу тарихынан, олардың топтастырылып, жіктеліну принциптері жайынан мәлімет беру, әрбір түркі тілінің өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру, олардың бір-бірімен алыс-жақындығын ажырата білуге үйрету, т.б. Авторлар түркі халықтарының этникалық құрамы мен құрылымы туралы мәлімет бере отырып, олардың тарихи дамуын тіл тарихымен байланыстыра анықтауды, тілдік сыбайластықтың тарихи сырын анықтай білуді, салыстыра анықтауды үйретуді мақсат етті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет