Дістемелік кешені



бет6/15
Дата18.12.2021
өлшемі222,5 Kb.
#102672
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
8a64ac5b-b3a6-11e4-bd4b-f6d299da70eeТүркітану.материалдар арн. (2)

Бақылау сұрақтары:

1 Кеңес дәуірінде түркі тілдерінің зерттелуі, жетістіктері қандай?

2 Кеңес түркологтары еңбектерінің мәні неде?

3 Түркітану ғылымына қазақ ғалымдарының қосқан үлесі туралы не білесің?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ә.Қайдар, М.Оразов.Түркітануға кіріспе.

2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.

5-дәріс

Такырыбы: Түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи тәсілмен зерттеу

1 Түркі тілдерін (орта ғасыр) салыстыра зерттеудегі ғалымдарының еңбектері.

2 М.Қашқари сөздігінің мәні.

3 Араб ғалымдары зерттеулері.

4 Салыстырмалы-тарихи зерттеулерге қойылатын негізгі талаптар.

XIX ғасыр тіл білімі тарихында ерекше орын алады. Өйткені бүл кезде тіл фактілерінің ерекшеліктері мен өзіндік қасиеттерін ғылыми негізінде дүрыс түсінуге, оларды белгілі бір жүйеге келтіріп қарауға мүмкіндік туғызылатын салыстырмалы-тарихи тәсіл пайда болды. Бүл тәсілдің қалыптасуына байланысты туыстас тілдердің озара қарым-қатынас, төркіндестігін, сондай-ақ, әрбір нақты тілдің дамуын кезеңдерге болу тәрізді мәселелер қарала бастады. Бүл тәсілді қолдану арқылы әрқашан өмір сүруден көне, олі тілдердің қүпия сырларына үңілуге мүмкіндік туды. Салыстырмалы -тарихи тәсіл жеке бір елде ғана пайда болған жоқ. Тілдерді өзара салыстыра отырып зерттеу идеясы бірсыпыра елдерде, ірі лингвистер енбектерінде де бір кездерде, дәлірек айтсақ, ХІХғ. I жартысында пайда болды. Алғашқыда, көбінесе тілдердегі кейбір сөздердің фонетикалық және семантикалық үқсастығы өзара салыстырылды. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің алғашқы өкілдері Ф.Бопп, Р.Раск, А.Қастеков өз еңбектерінде тілдің дыбыстық жағын тарихи негізде қүнтты түрде талдау қажеттігін көбірек көңіл бөлді. Оның себебі-тілдердің дыбыстық үқсастығы кездейсоқ болуы да мүмкін. Сондықтан да дыбыстық кешендердің бір тілде немесе бір топ туыс тілдерде өмір сүрген үзақ мерзімін түтас алып зерттегенде ғана олардың даму процесін аңғартуға болады.

1) Тіл материалдарын салыстырғанда оның қазіргі жайын өткендегі тарихымен байланыстыра қараған жен. Осыған байланысты салыстырмалы-тарихи зерттеудін негізгі мақсатты-ең көне формасын анықтау.

2) Салыстырмалы-тарихи зерттеуде әр тілдің ішкі заңдылығы есепке алынуы керек. Жеке- жеке тіл болып саналатын түркі тілдері езара ортақ заңдылықтарымен байланысты жатады.

3) Салыстырмалы-тарихи зерттеу хронологиялык зандылықты қатаң сақтау қажет.

4) Салыстырмалы-тарихи зерттеулерде тілдердің генеологиялық жақындығы есепке алынуы керек. Тіл материалдарын салыстырғанда алдымен туыстық тілдердің материалы қамтылуы тиіс. Әр текті тілдер салыстырмалы-тарихи зерттеудің обьектісі болмайды(Түркі тілдерін генеологиялық жақтан классификация жасаған(Н.А.Баскаков бойынша)). Оларды: батыс және шығыс хун тілдеріне бөлеміз де, қазақ тілін қыпшақ тобына енгіземіз. Оларды тағы 3 топқа беліп(қыпшақ-қүмақ, қыпшақ.бүлғар, қыпшақ-ноғай)

қазақ тілін қыпшақ-ноғай тіліне жатқызамыз.( 4-нші өз ішіндегі говорлармен ) Сонда 2-ші генеологиялық жағынан қыпшақ-ноғай тобына енетін ноғай, қарақалпақ тілдер материалдармен салыстырған жөн)

5) Салыстырмалы-тарихи әдістің фактілері-дыбыстар мен оның заңдылықтары, морфологиялық түлғалар, сөйлем жүйесі, және сөздердің лексикалық, грамматикалқ мағыналары.

6) Салыстырмалы-тарихи зерттеуде тек туыстас тілдердің материалы ғана зерттеледі.

Кеңес түркологтарынан салыстырмалы-тарихи зерттеуге өз үлесін қосқан: А.Н.Кононов, В.А.Богородицкий, Н.Н.Дмитриев, Э.Қ.Севортян, Н.А.Баскаков, А.М.Щербак т.б.

Түркологияда салыстырмалы-тарихи зерттеушілер тілдің барлық саласы бойынша жүргізілді. Соның ішінде біршама толық зерттегені-Фонетика. Грамматикалық категориялардың қалыптасу, даму жолдары салыстырмалы-тарихи зерттеудің обьектісіне жатады.

Лексиканы салыстырмалы зерттеу М.Қашқари «Сөздігінен» басталған. В.В.Радлов «Древнотюркский словарь»(1968) жарық көрді. Бүл еңбекте Орхон-Енисей ескерткішітерінін бәрі қамтылған, ғылыми ескерткіштерінің тілі бойынша Ә.Нәджіп, Ғ.И.Фазылов, Ә.Құрышжанов, А.М.Щербактар тарапынан басылған сөздіктер, сондай-ак, Э.М.Севортянның этимологиялық сөздіктерін ерекше атап өтуге болады.

Араб тілінде, араб графикасымен жазылған түркологиялық еңбектер ХІ-ХУ ғасырлар арасын қамтиды. Осы мезгіл ішінде түркі тілдерінің салыстырмалы сөздіктерін жасау, шағын көлемді практикалық грамматикалық очерктерін жазу саласында едәуір жүмыстар істеліпті.

Араб тілді ғалымдар жазған түркологиялық зерттеулердің ең алғашқысы және ең келемді де күндысы түркі әулиетінен шыққан , Бағдат ғалымы Махмүд Қашқари жасаған «Диуани лүғат ит түрік» деп аталатын сөздік. Махмүд сөздігі әдеттегі сөздіктер сияқты тек лексикалық материалдармен ғана айналыспай, ол-өте кең мазмүнды зерттеу. Мүнда түркі тілінің сез колданысы, оның семантикалық, дыбыстық, грамматикалық сипаттары, бірі-біріне үқсастық, өзгешеліктері кең қойылып, терең баяндалған. Махмүд Орта Азияны мекендеген түркі халықтарын солтүстік, оңтүстік деп екі түстікке бөледі де, әр түстік қүрамына енетін халықтар тізімін береді. Сондай-ақ, түркі тілдерін оғуз, қыпшақ, түрки деп аталатын үш топқа бөліп, әр топқа жататын тілдердің бір-бірінен дыбыстық, гармматикалық, лексикалық өзгешеліктерін көрсетеді. Түркі тілдері материалдарын бір-біріне салыстыра баяндайды. Түркі тілдерінен 10 мыңға жуық сөз қамтылған. Тілдерді әр түрлі группаға жіктеуде олардың фонетикалық ерекшеліктеріне сүйенеді. Махмүд сөздігі Х-ХІ ғасырдағы түркі халықтарының сөйлеу тілі фактілерінен тарихи мәлімет беретін, қазіргі түркі халықтарынық бәріне ортақ еңбек. Сонымен қатар бүл еңбек-тек түркология ғана емес, бүкіл әлем лингвистикасында салыстырмалы, салғастырмалы әдіс бойынша жазылған түңғыш туынды. Көрнекті ғалымдардың бәрі де Махмүд сөздігін түркі тілдері тарихының энциклопедиясы тәрізді дейді. Араб ғалымдары Махмүдтың Диуанынан кейін бірнеше салыстырмалы сөздіктер жасаған. Сондай сөздіктің бірі- Абулқасым Махмүд ибн Омар(туған жері атымен Әл-Замахшари деп те атайды) жасаған «Муккаддимат әл-адаб» (әдебиетке кіріспе) деп аталатын арабша-парсыша-түрікше моңғолша сөздік. Араб тілінің маманы Абу Хаййан 1312жылы Каирде «Китаб ал-идрак-ли-лисан ал-атрак»(түркі тілдерінің түсіндірме кітабі) атты еңбек жазған. Мүнда түркі тілдерінің лексикасы мен морфологиясы, синтаксисі мен ықшамды түрде қаралған фонетикасы сөз болған. Бүл салаларды сөз еткенде автор оларды түрікмен тілі мен қыпшақ тілі материалдарын салыстыра қарау аркылы айқындайды. Бүл еңбекте түркі тілдерінің, соның ішінде қазақ тіліне тікелей қатысы бар қыпшак тілінің фонетикасы , грамматикасы, лексикасы женінде бай материалдар бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет