Бақылау сұрақтары:
1 Түркология пәнінің зерттейтін обьектісі
2 «Түркі» этнонимі туралы не білесіңдер?
3 Түркі тілдері туралы мәліметтер қашан шықты?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ә.Қайдар, М.Оразов.Түркітануға кіріспе.
2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.
2- дәріс
Түркі тілдерінің зерттелу жайы. ХҮІІІ ғ. І-ІІ жартысындағы
басты зерттеулер
1. ХҮШ ғ. І-ІІ жартысындағы тіл тарихын зерттеу
2. ХҮІІІ ғ. І-ІІ жартысындағы басты зерттеулер, салыстырмалы сөздіктер
3. Алғашқы практикалық грамматикалардың жасалуы
Қазан төңкерісінен кейін түркі тілін зерттеу Мәскеу мен Ленинградта (Санкт-Петербург) кеңінен етек алды. Республикаларда институттар, академиялар ашылып, үлкен қалаларға шоғарланды. Мәскеу мен Ленинградта шоғырланған тілшілер жалпы және теориялық түркітанымға қатысты мәселелерді зерттеді. В.А.Богородицкий(1879-1941)- көрнекті орыс тіл білімінің, Қазан мектебінің өкілі, түркі тілдерінің фонетикасын салыстыра зерттеген және олардың генеологиялық жақтан классификациясын жасаған ғалым. Е.Д.Поливанов(1891-1938)-жалпы тіл біліміне байланысты көптеген қүнды пікір айтқан ғалым. Ол алтай тіл бірлігін талдап, түркі, монғол, корей және жапон тілдерін зерттеген, озбек тілі диалектологиясының негізін жасаған.Н.К.Дмитриев( 1898-1954)- түркі тілдерінің тарихына байланысты түрік және башқүрт тілдерін жан-жақты зерттеген және жалпы түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи зерттеулерге басшылық жасаған, қүнды пікірлер айтқан корнекті орыс түркітанушысы. Н.К.Баскаков( 1905-1993) бүкіл түркі тілдері бойынша қүнды еңбектер жазған, қарақалпақ, ноғай, үйғыр, алтай, тува, т.б. тілдерді жан-жақты зерттеп, теориялық еңбек жазған, бірнеше тілдердің диалектілік ерекшелігін тексеріп, сөздігін жасаған көрнекті ғалым.
Достарыңызбен бөлісу: |