Дістемелік кешені



бет5/15
Дата18.12.2021
өлшемі222,5 Kb.
#102672
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
8a64ac5b-b3a6-11e4-bd4b-f6d299da70eeТүркітану.материалдар арн. (2)
1 зертхана жум
Бақылау сұрақтары:

  1. ХІХ ғасырдың І жартысындағы түркітанушы орыс ғалымдары кімдер?

  2. ХІХ ғ. ІІ жартысындағы түркітанушылар зерттеулері?

  3. Петербор, Москва, Қазан, Харьков университеттерінде шығыс тілдерінің оқытылуы туралы не білесің?

  4. В.Н.Татишев, В.В.Бартольд, В.В.Радлов, А.Казем-Бек, И.Н.Березин, Н.И.Ильминский т.б. еңбектері туралы не білесіңдер?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ә.Қайдар, М.Оразов.Түркітануға кіріспе.

2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.

4-дәріс
Тақырыбы: Кеңес дәуірінде түркі тілдерінің зерттелуі


  1. Кеңес дәуірінде түркі тілдерінің зерттелуі.

  2. Түркі тілдеріне тән мәселелерді зерттеудегі кеңес түркологтары еңбектерінің мәні.

  3. Ұлттық тіл білімінің қалыптасуы

XX ғасыр XIX ғасырдағы зерттеудің жалғасы ретінде бұрынғы еңбектерді тереңдетті, жаңа зерттеушілерді дүниеге әкелді. Олар А.Байтұрсынұлы, И.Гаспренский, Фитрат, А.Ахундов сияқты халық өкілдері, А.К.Дмитриев, В.А. Гордлевский, А.К.Боровков, Е.Д. Поливанов, В.А.Богородицкий, И.А.Батманов сияқты орыс тілшілері, шетелдік түркітанушылар Дж.Дени, А.Зайничковский, Н.Полис, т.б. XX ғасырда түркі халықтарының көпшілігіп Ресей өкіметі жаулап алып, қол астына бодан ретінде қалдырып отырған. 1917 жылгы Қазақ төңкерісінен соң да түркі халықтарына еркіндік бермей, Кеңестік езгінің астында үстады. Сондықтан қол астындағы халықтардың тілін, әдебиетін, мәдениетін аз болса да зерттеп, тізгінін қол астында үстап түрғандығы да анық. Бірнеше рет қуғын-сүргін жасады, көрнекті адамдарын сталиндік түрмелерге жаппаса да, өте әлсіз болса да, егемендік жорығы жақындай берген сайын үлттық мәдеңиет, ғылым дами бастады. Соның бірі ұлттық тіл білімі еді. Әрине, озық, мәдениетті орыс ғалымдары ұлттық ғылымға жәрдем берді, түркітанымның қалыптасуына ықпал жасады. Бірақ ғылымның бар саласын дамытуға жағдай жасамады. Кеңестік билік аппарат, коммунистік саясат өз мақсатына байланысты жоспармен жұмыс істеді, сол үшін еңбекші халықтарды да, интелигент-оқымысты азаматтарды да аямады. Оған дәлелді тарихөтан мол көрсетуге болады. Соңғы кезде аты белгілі болған атакты орыс ғалымдары Вавилов, Сахаров, Поливановтарды, қазақтың А.Байтүрсынүлы, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров сияқты басқа халық азаматтарын да атауға болады. Кеңес өкіметі кезінде түркітану пәнінде қызмет еткен көрнекті ғалымдарды қүрметтеп қазір де атап жүр. Мысалы, қазак тілшілері Н.К.Дмитриев пен Е.С.Малов, қырғыз тілшілері К.Юдахин мен И.А.Батмановты, өзбек тілшілері Е.Д.Поливанов пен А.К.Боровковты, түркімен тілшілері А.Н.Самойловичті қүрметтеп атайды.

Қазан төңкерісінен кейін түркі тілін зерттеу Мәскеу мен Ленинградта (Санкт-Петербург) кеңінен етек алды. Республикаларда институттар, академиялар ашылып, үлкен қалаларға шоғарланды. Мәскеу мен Ленинградта шоғырланған тілшілер жалпы және теориялық түркітанымға қатысты мәселелерді зерттеді. В.А.Богородицкий(1879-1941)- көрнекті орыс тіл білімінің, Қазан мектебінің өкілі, түркі тілдерінің фонетикасын салыстыра зерттеген және олардың генеологиялық жақтан классификациясын жасаған ғалым. Е.Д.Поливанов(1891-1938)-жалпы тіл біліміне байланысты көптеген қүнды пікір айтқан ғалым. Ол алтай тіл бірлігін талдап, түркі, монғол, корей және жапон тілдерін зерттеген, озбек тілі диалектологиясының негізін жасаған.Н.К.Дмитриев( 1898-1954)- түркі тілдерінің тарихына байланысты түрік және башқүрт тілдерін жан-жақты зерттеген және жалпы түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи зерттеулерге басшылық жасаған, қүнды пікірлер айтқан корнекті орыс түркітанушысы. Н.К.Баскаков( 1905-1993) бүкіл түркі тілдері бойынша қүнды еңбектер жазған, қарақалпақ, ноғай, үйғыр, алтай, тува, т.б. тілдерді жан-жақты зерттеп, теориялық еңбек жазған, бірнеше тілдердің диалектілік ерекшелігін тексеріп, сөздігін жасаған көрнекті ғалым. А.НКононов(1906-1974)- көне түркі жазба ескерткіштерінің грамматикалық жүйесі мен мәтінін жариялаушы, түркітаным тарихын зерттеуші, қазіргі түрік, езбек тілдерін зерттеген және тілді зерттеу әдістері туралы теориялық еңбек жасаған ғалым. Орыс ғалымдарымен қатар жеке-жеке үлт тілдерін зерттеуде өндіре еңбек еткен және еңбек етіп жатқан жергілікті үлт ғалымдары да за емес. Олардың біразын біз тек өздері зерттеп жүрген түркі тілдері бойынша ғана атап өтеміз. Қазақ тілі бойынша: А.Байтұрсынұлы, С.Аманжолов, К.Аханов, І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, ,Т.Қордабаев, Ө.Айтбаев т.б., қырғыз тілі бойынша: Б.Юнусалиев, Б.Орузбаева, Т.Ахатов, Ә.Жапаров т.б., ноғай тілі бойынша: Н.Баскаков, М.Милых, түрік тілі бойынша: ДА.Магазаник, А.Н.Кононов, Р.А.Аганин т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет