Жалпыпедагогикалық әдістерге кіретін:
ауызша әдістер;
кӛрнекі әсер әдістері.
Физикалық тәрбие әдістемесінде ең жақсысы деп бір де бір әдісте тоқталуға болмайды. Тек қана аталған әдістердің әдістемелік мүдделерге сай тиімді үйлесуі физикалық тәрбиені табысты жүзеге асыру мәселесі кешенін қамтамасыз ете алады.
4.6. Қатаң регламенттенген жаттығу әдістері
Физикалық тәрбие процесінде жаттығудың қатаң регламенттенуі басты әдістемелік бағыт болып табылады. Қатаң регламенттенген жаттығулардың маңызы – әрбір жаттығу қатаң берілген түрде және нақты ескерілген жүктемемен. Қатаң регламенттенген жаттығу әдістері зор педагогикалық мүмкіндікке ие. Олар: 1) қатаң ұйғарылған бағдарламалар бойынша айналысушыларға қозғалыс әрекетін жүргізуге (жаттығуларды таңдап алу,олардың жиынтығы, қиысулары, орындау реттілігі және т.б.); 2) жүктемені кӛлемі және қарқыны
бойынша қатаң регламенттеу, айналысушылардың психофизикалық жағдайына және шешілетін мәселелерге байланысты оның динамикасын басқару; 3) жүктеме бӛліктері арасындағы демалыс интервалдарын дәлме-дәл мӛлшерлеу; 4) физикалық сапаларды таңдаулы түрде тәрбиелеу;
физикалық жаттығуларды кез келген жас контингентімен
қолдану; 6) физикалық жаттығулар техникасын нәтижелі меңгеру және т.б.
Физикалық тәрбие практикасында қатаң регламенттенген жаттығу әдісі екі топшаға бӛлінеді: 1) қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері; 2) физикалық сапаларды тәрбиелеу әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: |