принциптері 5.1. Жалпы әдістемелік қағидалар мен тұлғаның бағдарлы дамуы Жалпы әдістемелік қағидалар – дене тәрбиесінің жалпы әдістемелік үрдісін / процесс / анықтауына бағытталған жағдай. Адамның ағзасы мен психикасына дене жаттығуларының жүйелік ықпалы жүзеге асады, егер, дене жаттығуларының әдістемелік қолданылуы осы ықпалдың заңдылықтарымен үйлессе. Олар негізгі және жалпы жағдайларды алмастыра отырып, аталған ғылымның салыстыруынан жасалған. Жалпы әдістемелік қағидаларды қарыстыра келе, дене – тәрбиесінің негізгі заңдылықтарын ашамыз және содан шығатын әдістемелік жағдайларды анықтаймыз.