Спорттық жетістік – белгілікті нәтижеде кӛрінетін спортшының қабілеті мен спорттық шеберлігінің кӛрсеткіші.
Спорттық және жарыстық әрекет түрлі жарыстарды ұйымдастыру мен ӛткізу арқылы спорттық қозғалысқа әсер етеді.
Спорттық қозғалыс- бұл әлеуметтік ағыс, жоғарғы жетістіктегі спорт пен кӛпшілік спорт саласындағы спорттық тәжірибе.
«Спорт» ұғымымен «дене шынықтыру» деген ұғым немесе олардың тіркесі «дене шынықтыру және спорт» қатар қолданылады. Спорт дене шынықтырудың үлкен ажырамас бӛлігі. Дене шынықтырудың әлеуметтік рӛлі спортқа да тарайды. Бірақ спорттың барлық дерлік түрлері дене шынықтыруға жатпайды. Бұл «дене шынықтыру» терминінің астарында қоғам және тұлға мәдениеті, адамның қозғалыс
91
белсенділігін қалыпты қолдану, ӛмірлік тәжірибеге дайындық ұғымының болуымен байланысты.
Спорттың шашки, шахмат, бридж, модельді-құрастырмалы пәндер сияқы түрлерінің дене жаттығуларымен байланысы жоқ. Спорт дене шынықтырудың құрамды бӛліктерінің бірі болғанымен, белгілі бір дербестік алған кезде оның шеңберінен шығып кетеді.
Біздің еліміздегі және әлемдегі спорттық жетістік ереже ретінде кӛпшілік спорт тәжірибесін қамтиды. Миллиондаған балалар, жасӛспірімдер, бозбалалар мен бойжеткендер, үлкен адамдар спортпен айналысу барысында денсаулықтарын нығайтуда, адамдармен қарыс-қатынас жасаудан қуанышқа бӛленеді, ӛздерінің физикалық кондицияларын, жалпы жұмыс қабілетін жоғарылатады және ӛздерінің мүмкіндіктеріне сәйкес спорттық нәтижеге жетеді.