Дене тәрбиесі жұмысының жылдық сағат кестесінің жоспары
|
|
|
Жоспарланған сағат саны
|
|
|
Сыныптар
|
Қозғалмалыойындар
|
Гимнастика
|
Жеңілаталетика
|
Шаңғыдайындығы
|
Спорттықойындар
|
Ұлттықойындар
|
|
Кӛркемгим-ка,Қазақшакүрес
|
Жоспарлыбарлықсағатсаны
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1-4
|
20
|
11
|
11
|
22
|
|
4
|
|
|
68/2с.
|
5-9
|
|
14
|
14
|
22
|
16
|
2
|
|
|
68/2с.
|
10-11
|
|
9
|
9
|
22
|
14
|
|
|
14
|
68/2с.
|
1-4
|
30
|
16
|
17
|
33
|
|
6
|
|
|
102/3с.
|
5-9
|
|
21
|
21
|
33
|
24
|
3
|
|
|
102/3с.
|
10-11
|
|
14
|
13
|
33
|
21
|
|
|
21
|
102/3с.
|
ДС 10-11-12-13-14-15.
10-11-12-13-14-15 тақырып. Спорт теориясы мен әдістемесі.
Спортка қатысты негізгі ұғымдар.Спорт түрлерінің классификациясы. Спорттың әлеуметтік функциясы.
Спорттық қозғалыс дамуының негізгі бағыттары. Әлеуметтік итнтеграция және тұлғаның әлеуметтену функциясы. Спорттың әлеуметтік функциясы.
Спорт кӛп қырлы қоғамдық құбылыс ретінде адамдарды еңбек және т.б.қызметке дайындау саласы болып табылады. Сондай-ақ , ол әдептілік және әсемділік тәрбиесінің құралы.
Ол қоғамдық дамудың жемісі ретінде қоғам мәдениетінің органикалық бӛлімін құрайды. Спорттың ерекшілігі болып жарыс әрекеті жағдайында іске асатын, адамның физикалық жетілуі саналады. Жарыстық қызмет жоғары спорттық жетістікке жету бағытындағы арнайы жарыс жағдайында іске асады.
Спорт - қарапайым сӛзбен айтқанда, жарыстық қызмет, оның ерекше үлгісі жарыстың жүйесі. Дегенмен, спортты жарыс қызметімен ғана шектеуге болмайды, себебі оның мағынасы тереңде жатыр.
Жоғары спорттық жетістікке спортшының жақсы қалыптасқан дайындық жүйесісіз қол жеткізуі мүмкін емес. Ол түрлі деңгейде орындалады, спорттық ұжымнан бастап түрлі халықаралық деңгейдегі жарыстармен аяқталады. Сондықтан спорт, кең түсінікте, жарыстық қызметті, оған арнайы дайындықты, сондай-ақ осы қызмет саласындағы жетістіктер мен нормаларды, ерекше қарым-қатынасты білдіреді.
Бүкіл әлемде спорттың дамуы спорттың кӛптеген жеке түрлерінің таралуына әкеледі. Спорттың қазіргі кезде екі жүзден астам түрі бар. Олардың әрқайсысы ӛзінің сипаттарымен, спорттық күресті жүргізу тәсілдерімен, жарыс ережелерімен ерекшеленеді. Спорттың кӛп тараған түрлері қысқы және жазғы олимпиадалық ойындар бағдарламасына енген.
Дүниежүзіне кӛп таралған спорт түрлерін ерекшеліктеріне қарай алты топқа топтастыруға болады. /Л.П. Матвеев, 1997/.
1-топ - спортшының белсенді қимыл-әрекеті тән спорт түрлері. Спорттың бұл түрінен жетістікке жету спортшының ӛзіндік қозғалыс мүмкіндігіне байланысты. Аталған топқа спорттың кӛптеген түрлері жатады;
2-топ – белсенді қозғалыстың /автомобиль, мотоцикл, ұшақ, яхта т.б./ арнайы техникалық құралдарын басқару әрекеті негіз болатын спорт түрлері. Бұндағы спорттық жетістік техникалық құралды дұрыс және тиімді басқару шеберлігіне және оның жасалу сапасына байланысты;
3-топ – қимыл белсенділігі қатаң түрде арнайы қарудан кӛздеп тигізу шартын қоятын спорт түрлері /атыс, дартс/;
4-топ: спортшының модельді – құрастырмалы қызметінің
нәтижелері салыстырылатын түрлері /авиамодельдер, автомобильдер т.б./;
5-топ – негізгі мазмұны жарысты қарсыласын абстракті-логикалық сипатта жеңуі, анықталатын спорт түрлері. /шахмат, шашки, бридж т.б./;
6-топ - әрі түрлі спорт түрлеріне жататын /түлкі аулау, биатлон, теңіз кӛпсайысы, қызметтік кӛпсайыс, спорттық бағдарлау т.б./ спорттық пәндерден құралған кӛпсайыс.
Жоғары спорттық нәтижеге тек спортшыны дайындау жүйесі жақсы қалыптасқан жағдайда ғана қол жеткізуге болады. Оған әдістемелік негіздер жиынтығы, ұйымдастыру формалары және жаттығу-жарыс процессінің шарттары жатады.
Спортшыны дайындау жүйесі тӛрт ірі блоктан тұрады:
іріктеу және спорттық бағдар жүйесі;
спорттық жаттығу;
жарыс жүйесі;
жаттығу-жарыс процессінің жаттығудан тыс және жарыстан тыс факторлары.
Спортшының негізгі дайындық-жаттығу қызметі спорттық
жаттығу жағдайында орындалады.
Ол спортшының спорттық жетілуіне бағытталған және жаттығу жүйесіне құрылған, мамандандырылған педагогикалық процесті кӛрсететін спортшыны дайындаудың негізгі түрі болып табылады.
Спортшыны дайындау жүйесіндегі негізгі компонент спортшыны дайындаудың құралы, әдістемесі, мақсаты ретіндегі жарыс болып саналады.
Спорт тәжірибесінде «спорттық іс-әрекет» немесе «жарыстық іс-әрекет» деген ұғымдар кеңінен таралған. Кӛбінесе екеуі синоним ретінде қолданылады, бірақ екеуінің мазмұны мен мағынасы әрбасқа. Спорттық іс-әрекет спортқа тән кӛп қырлы қоғамдық құбылыс ретінде сипатталып, адам іс-әрекетінің түрлі саласын қамтиды. Жоғары нәтижеге спорт саласына түрлі мамандықтарды қамтыйтын кӛпшіліктің қатысуынсыз қол жеткізу мүмкін емес. Әлеуметтанушылар, дәрігерлер, педагогтар, физиологтар,инженерлер, басқару аппаратының мамандары, ӛнер саласы, материалдық-техникалық қамту саласындағы қызметкерлер және т.б. елдегі спорттың қызмет етуін қамтамасыз етеді. Жарыстық іс-әрекет ресіми жарыстарға қатысты ӛзінің абсолютті мағынасында нақты жарыстық іс-әрекет ретінде анықталады. Жарыс – адамның мүмкіндіктерін танудағы және этикалық қарым-қатынасты қалыптастырудағы маңызды фактор. Жарыстық іс-әрекетінің нәтижесі спорттық жетістік болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |