6 - тақырып. Қозғалыс әрекетін оқытудың теориялық және
дене тәрбиесіндегі жас ерекшелік негізді
6.1. Дене тәрбиесінің қозғалыс және дағдыны үйрету
Дене тәрбиесі барысында білім беру арқылы – денені шынықтыру қамтамасыз етіледі, яғни «адам ӛзінің қозғалысын басқарудың рационалды әдістерін жүйелі түрде меңгеруді, осылайша ӛмір сүру барысына қажетті қозғалыс қабілетіне және соған байланысты білімге үйретеді» (Л.П. Матвеев, 1983 ). Оқушылардың ӛзінің қозғалысын басқару мақсатында қозғалыс әрекетін дұрыс орындау, заңдылықтарын терен білу алғашқы мақсат болып табылады. Кезкелген қозғалыс әрекетінің техникасын меңгеруде, алғашында тұсіндіру, кӛрсету және оны орындау келешекте дағдыға айналады. Білу мен дағды бір-бірінен меңгеру деңгейі бойынша ажыратылады. Жаңа қозғалыс әрекетін орындау: әрекеттің техникасының негізгі білімінің минимумы; қозғалыс тәжірибесінің қолдабары, дене тәрбиесі дайындығының жеткілікті деңгейі. Қозғалыс білімі дене тәрбиесінде әр салалы болады, кейбір жағдайда ой қабілетінің терең тұсіну арқылы, жаңа спорттық кезендерге кӛтерілуге кӛмектеседі. Ол үлкен бағалы құндылықтарды бойына сіндіреді, оның негізгі шығармашылық ойлау керектігін тудырады, әрбір жағдай-кезендерді анализ жасауға кӛмектесіп, қозғалыс ептілігің жалғасуын жоғары автоматтық орындауға әкеледі.
Қозғалыс дағдысы қозғалыс техникасын меңгерудегі ең тиімді және автоматтық жағдайға жеткен /яғни ой қабілетінің қадағалауынсыз жағдайы/ жоғары деңгейдегі қозғалыс әрекетінің орындауы. Ой қабілет деңгейінің қажеттілігі мен техника жағдайлары кейбір жағдайларда бір-бірімен пара-пар келебермейді /бірақта бірінші жағдайда ой-ақыл қабілеті арқылы техника жағдайларын меңгереді/. Оқыту процесінде ептіліктен дағды дәрежесіне жету үшін мыналар қажет: 1) қозғалыс қабілеттілігі /тума қабілеттілік/ және айналысушылардың қозғалыс тәжірибесі /қозғалыс тәжірибесі қаншама бай болса, соңша тез жаңа қозғалысты жетік/; 2) айналысушылардың жастық шамасы /жас балалар, ересек жастағы жаттығушыларға
қарағанда тез қозғалыс әрекеттерін үйренеді/.
координационалдық қыйын қозғалыс әрекеттері /қозғалыс техникасы қаншалықты ауыр болса, солғұрлым үйрену процесі ұзақ/; 4) оқытушының /жаттықтырушының/ біліктілігінің жоғары дәрежесі; 5) мотивациялық дәреже, айналысушылардын естілігі мен белсенділік кӛрсетуі т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |