Есте сақтайтын сөздер Қой қырқу
Қырықтық
Еңбек өнімділігі
Жабағы жүн
Еңбек шығыны
Жаттығу жұмыстары
1-жаттығу: Берілген сөйлемдерден сын есімдерді табыңыз, сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз. Ертедегі көшпелі қазақтар ас сақтайтын ыдыстардың біразын мал терісінен жасаған. Олар: саба, торсық, сүйретпе, көнек, қауға, аяққап. Осылардың ең үлкені- саба. Саба халықтың молшылығының , байлығының белгісі болған. Жылқысы көп байлар сабаны бәстесіп, бәсекелесіп жасаған. Осылардың ішіндегі ең үлкенін « тай жүзген» деп атаған. Оның көлемі 5-6 жылқының терісінен жасалатын көрінеді.
2-жаттығу: Берілген сөздерді, сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құрастырыңыз. Ең үлкен көл, тым биік тау, ақылдырақ, биігірек.
3-жаттығу: «Өте жақын», «Өте алыс» мағынасында қолданылған қашықтық өлшемдерді естеріңізде сақтап, жаттап алыңыз. «Өте жақын» мағынасында қолданылатын сөздер:
Аттам жер.
Бөрік тастам жер.
Таяқ тастам жер.
«Өте алыс» мағынасында қолданылатын сөздер:
Айшылық жер.
Қырық күншілік жер.
Ит өлген жер.