Есте сақтайтын сөздер
Еңбек
Халық
Атқа шабу
Азаматтық
Ер-тоқым
Жаттығу жұмыстары
1-жаттығу. Төмендегі мысалдардан кейінді ықпалды тауып, астын сызыңыздар.
Дауысының көркінен именбейді. Абай қыз көңілінің жүйріктігін тағы көрді. Бұлардың бесеуі жылқышы, алтауы қойшы, екеуі атқосшы ылғи малшы мен жалшы екен. –Торы болса неге ақ ала, -Ақала емес, балам, үстінде тұрған қырау ғой. Қазанғап екеуіміз қос басында қалып қойдық. Бұны жұмысшылардан шыққан төре деп атайды.
2-жаттығу. Көп нүктенің орнына қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстарды қойыңыздар:
Ма...ына, ә...гіме, ...аржы, нары..., ...а...арман, көле...ке, желто...сан, таби...ат, ...алым.
3-жаттығу. Төмендегі өлеңді жаттап алыңыздар, дауысты дыбыстардың жазылу емлесіне назар аударыңыз.
Орта жолда бүріп тастап, от-құзғын
Құлап жатып құшағында құз-мұздың
Қасиетімді – қазақ тілін қанат қып
Төрт бұрышты дүниеге жеткіздім.
Көкірегінен атылса да оқ – күздің
Жаз етіп мен күздің өзін өткіздім
Шаттығымды – қазақ тілін қанат қып
Төрт бұрышты дүниеге жеткіздім.
Т.Айбергенов.
Ана тілім – тірлігімнің тірегі,
Тілмен ғана кірер адам реңі....
Ана тілім - әрекетім, азығым,
Бар ғаламды тануымның қазығы
Ой-санамның өсуінің куәсі,
Ғасырлардың кейінгіге өз үні.
Достарыңызбен бөлісу: |