Дістемелік кешені



бет10/58
Дата05.02.2022
өлшемі1,19 Mb.
#14976
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58
Мәтін тапсырмалары
Мәтінді оқып, аударыңыз.
Мәтіндегі асты сызылған сөздердің синонимдік қатарын табыңыздар.
Мәтіннің қысқаша мазмұнын айтыңыз.


ЕҢБЕК - ӨМІРДІҢ ТҰТҚАСЫ
Еңбек - өмірдің тұтқасы, тіршілік көзі. Еңбексіз өмір жоқ. Қоғамдағы байлықтың бәрі адам еңбегімен жасалады. Осыны терең түсініп, ой топшылаған халық «Еңбек адамның екінші анасы», «Еңбек түбі береке», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады» т.т. мақал-мәтелдер арқылы жастарды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеудің мәнісін, сондай-ақ, еріншек, жалқаулық кісінің соры, жаман әдет, жат мінез екендігін жас буынға тәптіштеп түсіндіре білген. Осы жайтты терең түйіп, еңбектің бейнетімен зейнетін басынан өткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді от басынан бастаған. Мұнда, тек айту арқылы еңбекке үйреткен деген теріс ұғым тумауы керек.
Халқымыз балаларды ерте бастан еңбекке, мысалы, алуан түрлі еңбек бұйымдарын жасауға тарту, балалардың жас ерекшелігін ескере отыра, ой-өрісін, шеберлігі мен дағдысына талапты күшейту барлығы халықтың салт-дәстүрлері арқылы жүзеге асты.
Ерен еңбегімен күнелткен халқымыздың отбасындағы бала тәрбиесі негізінен еңбек процесінде жүргізіледі.
Сол себепті де, қазақ баласының мал бағу кәсібі туралы ұғымы да ерте қалыптасты. Олар отбасында үлкендер ықпалымен төрт түлікті айдау, шақыру, жас және мінез ерекшелігіне сай еркелету, баптау әдістеріне жаттықты. Сондай-ақ малдың түрлі атаулары, төрт түлік пірлері Зеңгі баба, Қамбар ата, Шопан ата, Сексек ата туралы ұғымдармен аңыздарды, осы кәсіпке қатысты қасиетті сөздерді теріп, тілін ұстартты.
Қазақ халқы өзінің өмір тәжірибесінде баланы жастайынан еңбекке араластырудың мүмкіндіктерін ойластырған. Қыз балалар мен ұл балалардың өсіп жетілуінде жас және дара ерекшелігін ескере отырып еңбек түрлерін айқындаған. Қыз баланы құрақ құрап, кесте тігу, жүн түту, жіп иіру, кілем, шекпен, алаша тоқу, кілемге өрнек салу, өзінен кіші іні-сіңілдеріне қамқор жасау. Ұл балаларды мал бағуға, аң аулауға, мылтық атып, мергендік құруға, қол-өнер шеберлігіне, ер-тоқым, домбыра, үйдің кереге, уығын жасау, сандық, табақ-аяқ т.б. тұрмысқа керекті заттарды жасау ер баланың міндеті ретінде, ер бала оны міндет түрде орындауы қажет деп түсінген.
Қазақ халқы нағыз еңбекқор халық. Олар жастарын мал бағудың қыр-сырын білуге баулыды, аң аулауды кәсіп етуге үйретті, мал өнімдерінен неше түрлі заттарды жасады. Қазақтың балалары кішкентайынан атқа шабуды меңгерді, қозы-лақ қайырды, мал бақты. Бұл істерге бес-алты жасынан бастап араласты. Баланың атқа мінуі әжетке жарауы деп бағаланды. Оны еңбекке араласудың, азаматтықтың басы деп ұқты. Мұндай әрекеттер балаға үлкен ой туғызып, оның тез есеюіне ықпал етті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет