ПОӘК 042-14-5-05.01.20.40
/03.2012
|
_________2012 жылғы
№ 2 басылым
|
52 беттің -шісі
|
5В 020500 - «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған
«Шәкәрімтану»
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
СЕМЕЙ
2012
Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Семинар сабақтары
4 Курс жұмысы және диплом жобасы (жұмысы)
5 Студенттің өздік жұмысы
1 ГЛОССАРИЙ
1.1 Ән өлеңі - әнге арнап жазылған, әнмен айтылатын өлең, әдебиеттануда поэзияның жанрлық саласы ретінде қарастырылады.
1.2 Ерікті өлең – қалыптасқан өлең өлшемін берік сақтамай, тармақтардың ырғағын еркін өрнектейтін өлең түрі.
1.3 Жыршы ақындар поэзиясы – ауыз әдебиеті дәстүріндегі поэзия, қазақ әдебиетінде бірнеше ғасырға ұласып келетін поэзиялық өнердің үлкен арнасы.
1.4 Кітаби ақын – Шығыс әдебиетінің араб, парсы, түркі тілдес халықтарында бар поэзияның озық үлгілерін өзінше жырлап, қазақ арасына таратып отырған, шығыс тілінде шыққан кітаптар сюжетін қайта өңдеп, қисса дастандар шығарған өзгешелеу бір топ ақындар.
1.5 Сал-сері – сегіз қырлы, бір сырлы, яғни әнші, күйші, ойыншы, күлдіргіш, композитор, би, спортқа бейімі бар ерекше үздік жаратылған өнерпаз.
1.6 Терме – қазақ халық поэзиясында қалыптасқан лирикалық өлең түрі.
1.7 Толғау – қазақ, сондай-ақ қарақалпақ, ноғай секілді басқа да халықтардың ауызша поэзиясында кең тараған қоғамдық-саяси лириканың бір түрі.
1.8 Аллитерация (лат. дыбыстас) – шығармаларда бірыңғай дыбыстардың үндестігі, дәлірек айтқанда дауыссыз дыбыстардың қайталануы.
1.9 Алтыбуынды өлең - әр тармағы үш буынды екі бунақтан құралатын (3 буын – 3 буын) өлең өлшемі.
1.10 Алтытармақ – қазақ поэзиясында лирикалық өлеңдерде жиі қолданылатын шумақ өрнегі.
1.11 Анафора (гр. биікке шығару) – айшықтаудың (фигураның) үлгісі ретінде көрсетілген шумақтың немесе өлең жолдарының басында үндесе, үйлесе қиысатын бірыңғай бастамалар.
1.12 Антитеза (шендестіру) – екі затты не құбылысты шендестіру арқылы басқа бір құбылыстың, ұғымның, нәрсенің суреті, сыр-сипаты, кескін-кейпі аңғарылады.
1.13 Антоним (қайшы сөздер) (гр. қарсы, атау) – біріне-бірі қайшы қарама-қарсы мағыналы сөздер.
1.14 Ассонанс (лат. үйлесім) - өлең сөзде дауысты дыбыстардың үндесе қайталануы.
1.15 Әдеби қаһарман - әдебиеттің идеялық-эстетикалық роліне сай бейнеленетін тұлға.
1.16 Әдеби процесс- бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи заңды қозғалысы.
1.17 Әдеби характер (гр. мінез, ерекшелік) – кейіпкердің мінез бітімі, адамның бойына психологиясына, қимыл әрекеттеріне тән сан түрлі қасиеттердің бірігіп, біте қайнаған тұтастығын танытатын мінез-құлық өзгешелігі.
1.18 Әлеуметтік лирика – лирикалық жанрдың тақырыптың мазмұнына қарай бөліп қаралатын, қоғамдық өмірге қатысты маңызды мәселелерді қозғайтын ақынның заманға, халықтың бүгінгі тағдырына көзқарасын білдіретін үлкен саласы.
1.19 Градация (лат. біртіндеп көтеру) – дамыту-алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды асыра асқақтата түсу.
1.20 Жанр - әдеби шығармалардың жеке түрлері, көркем әдебиеттің салалары.
1.21 Идея - әдебиет шығармасында өмірдегі жәй жағдайлар, адам тағдыры баяндалғанда, суреттелгенде жазушының сөз болып отырған мәселелерге қатынасы, көзқарасы да аңғарылады.
1.22 Кейіптеу – жансыз нәрселерді адам кейіпіне келтіріп немесе қалайда жан бітіргендей етіп суреттейтін көркемдік тәсіл.
1.23 Композиция - әдеби шығарманың құрылысы, оның үлкен кішілі бөлім бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырылып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық бірлігі.
1.24 Қара өлең ұйқасы – төрттармақтың бірінші, екінші және төртіншісі бірыңғай ұйқасады.
1.25 Лирикалық кейіпкер – поэзиялық шығармалардан көрінетін адамның тұлға бейнесі.
1.26 Лирика – көркем әдебиеттің негізгі саласының, жанрының бірі, ерекшелігі-адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді.
1.27 Лирикалық қаһарман – ақын бейнесінің оның шығармаларынан жинақталған тұтас тұлға ретінде көрінуі.
1.28 Метафора (гр. ауыстырып қою) – екі нәрсені, құбылысты салыстыру және жанастырып жақындату негізінде астарлы тың мағына беретін бейнелі сөз.
1.29 Параллелизм (гр. қатарлас) – екі нәрсені қатарластыра, жанастыра алып бейнелеу тәсілі.
1.30 Пейзаж (франц. ел, жер) - әдеби шығармадағы табиғаттың әсем көрінісі, көркем бейнесі.
1.31 Портрет (франц. бейнеленген) - әдеби кейіпкердің сырт көрінісін, кескін-кейпін, бой-тұлғасын суреттеу.
1.32 Прототип (гр. түп, төркін бейне) – кейіпкердің бейнесін жасауға тірек, негіз болатын өмірде болған адам.
1.33 Символ - әдебиетте ойды астарлап, басқан нәрсені суреттеу арқылы жасалатын нақтылы сипаты бар балама бейне.
1.34 Стиль – жазушының өмір шындығын танып-білу, сезіну қабілетін, бейнелеу шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға бітімін танытатын даралық өзгешелігі, жазу мәнері, қолтаңбасы.
1 35 Сюжет (франц. зат) - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі.
1.36 Тақырып - әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе, шығарма мазмұнының негізгі арқауы, айтылатын жай жағдайлардың бағыт-бағдары.
1.37 Экзпозиция (лат. түсіндіру) – көркем шығармада оқиға дамып өрістейтін орынды, ортаны, ол оқиғаға қатысатын кейіпкерлерді сипаттап, алғаш оқушыға таныстыру.
1.38 Эпитет – заттың не құбылыстың айырықша белгісін, қасиетін білдіретін бейнелі сөз.
1.39 Эпифора - өлең тармақтарының соңында бір сөздің не сөз тіркесінің бірнеше қайталанып келуі.
Достарыңызбен бөлісу: |