Дістемелік кешені



бет69/146
Дата23.04.2020
өлшемі368,31 Kb.
#64285
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   146
Байланысты:
КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ ДО-конвертирован

№ 13 дəріс (1 сағат)


Тақырып: Бəсекелестік құқық негіздері

  1. Бəсекелестік құқықтың негізгі ережелері

  2. ҚР заңдары бойынша монополияға қарсы орган жəне олардың құзіреттері

  3. Монополия жəне бəсекелестік түрлері

  4. Бəсекелестік заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік


Экономикалық бəсеке дегеніміз нарықтық қатынасқа қатысушылардың тауар өндіру оны сату, сатып алудың ыңғайлы жақсы жағдайлары үшін экономикалық сайысы.

Монополия дегеніміз жеке адамдардың, топтың немесе мемлекетті бір экономикалық əрекетке ерекше құқығы.

Өзгеріп отыратын жағдайда жəне іске қосылатын ресурстар бағасы өзгерген жағдайда компаниялар қолданатын реттегіш шаралар өндіріс тиімді болуы жəне сондай өнім шығаратын басқа фирмалармен бəсекелеге алу мүмкіндігі болу үшін қажет.

Өндірістік шығындарды төмен деңгейде ұстай алмаған компаниялар өз өніміне қымбатырақ баға қоюы мүмкін, бірақ басқа фирмалар сапасы сондай өнімді аз шығынмен өндірсе, демек он арзанырақ бағамен сата алатын болса, онысынан ештеңе шықпайды.

Тұтынушылар фирмалар арасындағы бəсекеден пайда айырады, өйткені олар ең тəуір өнімді арзанырақ бағамен алады. Егер олар сатып алатын тауарлар мен қызмет түрлері бəсеке деңгейі жоғары базарна ұсынылатын болса, олардың бюджеті ұлғайып, өз кірістеріне көбірек өнім сатып алуына мүмкіндік туғызады.

Алайда тіпті бəсеке базардың өзінде фирмалардың бəрі біп-бірдей материалдар мен өндірістік əдістерді қолдана бермейді.

Əрине кез келген адам өзі сатып алатын заттың төмен баға болуына ықпал ететін қатаң бəсеке жағдайында өндіріліп, ал өзі кіріс алатын жерде бəсекенің шамалы ғана болғанын немесе тіпті оның болмағанын қалайды - өйткені жалақысы жоғары болады.



2. Нарықтық экономикаға тəн тағы бір өзекті сəт мынадай: дүкендерде сатылып жататын жейде мен басқа да өнімдердің бағасын жоспарлаушы органдар белгілемейді. Əрбір сатушы өзгеріп отыратын нарықтық жағдайға байланысты бағаны қымбаттатуға немесе арзандатуға ерікті. Мысалы: бір кезде жейденің бір түрін алушылар көп болып, жаңадан қор жинап алғанша, ол сатылып кетер деп сатушы сезіктенсе, жейденің ол түрінің бағасы əдетте қымбаттатылады. Бері салғанда, заттың тағы бір тобы келіп түскенше солай істеледі. Бағаны қымбаттату бірден екі мақсатқа жетуге мүмкіндік береді: біріншіден, егер жейденің бұл түрі жейденің басқа түрлерінен немесе өзге тауарлардан қымбаттау болса, кейбір тұтынушылар оларды азырақ басқа тауарларды көбірек алғанды мақұл көреді; екіншіден қымбатырақ бағадан келген табыс үкіметтің қалтасына емес, жейде тігіп сататындардың қалтасына тікелей түсетіндіктен, көтеріңкілеу баға осы жейделерді тігіп, сататын фирмалардың табысын молайтады да, олардың он көбірек шығарып, көбірек сатуына мүмкіндік береді. Басқа өнім түрлерін шығаратын фирмалар жейде тігушілердің пайдасы молырақ екенін байқайды да, мұның өзі кейбір фирмаларды басқа бір нəрсе шығаруды қойып, сұранымы көп жейделер шығаруға ұмтылдырады.

Осынау факторлардың бəрі – жейделерді азырақ сатып алатын тұтынушылар, оларды көбірек шығаратын өндірушілер, осындай же йде тігуді ұйғарған басқа фирмалар тапшылықтың тез арада жойылуына жəрдемдеседі. Аңғарып қарасаңыз, осынау барлық шешімдер орталық жоспарлаушы органдардың араласуынсыз қабылданады. Тұтынушы мен өндіруші орталыққа жалтақтамайтындықтан процесс іс жүзінде жылдамырақ, тіпті өз-өзімен жүріп жатады деуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет