Дістемелік кешені



бет72/146
Дата23.04.2020
өлшемі368,31 Kb.
#64285
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   146
Байланысты:
КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ ДО-конвертирован
КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ ДО-конвертирован

№ 15 дəріс (1 сағат)


Тақырыбы: Кəсіпкерлік қызметті тоқтату

  1. Кəсіпкерлік қызметті тоқтату объективті мен субъективті себептері.

  2. Банкроттылыққа ұшырау ықтималдығы

Жеке кəсіпкердің қызметін тоқтату төмендегідей шарттарда жағдайларда жүзеге асырылады:

Егер кəсіпкер кəсіпкерлік қызметін əрі қарай жалғастыруға материалдық жəне қаржылық жағынан тапшылық жағдайына ұшыраған болса, ондай жағдайда кəсіпкер уақытынша қызмет процесін уақытша тоқтатуға міндетті.

Кəсіпкер төмендегідей жағдайда қызметтерді тоқтатады:

а) дəрменсіздік;

б) тіркеу кезінде қалпына келтірілмейтіндей сипаттағы заң бұзушылыққа жол берілмеушілік, мұның нəтижесінде кəсіпкердің тіркелуі жарамсыз болып табылады;

в) кəсіпкер лицензия алмаған қызметтерді жүзеге асырған болса тоқтатылады;

г) бір жылдың ішінде бірнеше рет заңдарды өрескел бұза берсе, мұның нəтижесінде сот шешімі бойынша мəжбүрлі түрде кəсіпкерлік тоқтатылады.

Бұдан басқа кəсіпкер өздерінің қызметін ерікті түрде тəртіппен тоқтатуы мүмкін.

Кəсіпкерлік қызметті ерікті түрде тоқтатқан кезде осы тоқтатуға байланысты келтірген шығындарының орнын толтыру кəсіпкер иесіне жүктеледі.

Жеке кəсіпкердің дəрменсіздік жағдайы төмендегідей жағдайларда расталынады. Дəрменсіздік жағдай сот шешімімен белгіленеді.

Борышкерлерге байланысты жеке кəсіпкер жалақы төлеуге жəне шығындалған материалдың, қаржылардың орнын жаппаса кəсіпкер дəрменсіз болып табылады.

Ал несие беруші үшін борышкердің дəрменсіздігі туралы арыз 3 ай ішінде орындалмаса, ол қабілеті жоқ деп саналады.

Жеке кəсіпкерді дəрменсіз деп тану сот жағынан шешім қабылданса, ондай жағдайда салық органдары жəне мемлекеттік органдар борыш болған төлемдерін төлету міндетін толығымен өз ықтиярына алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет