Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ХХ ғасырдың басында, ғылым мен техниканың дамуы өндіріс орындарының жедел өсуіне ықпал етті. Осыған орай алғаш рет қоршаған ортаға химиялық элементтердің түсуі мен таралуы, және олардың тірі ағзаларға зиянды әсерін жүйелі түрде зерттеу өзекті мәселелер қатарынан орын алды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Еліміздегі ауыр металдармен ластанған аймақтарды қалпына келтіруде фиторемедиация технологиясын іске асыру жолдарын жасау.
Жұмыстың мақсатына жету үшін алға қойылған міндеттер:
-Зертханалық жағдайда ауыр металдардың Қант құмайы өсімдігі Боротала сортының дәнінің өнуіне әсерін зерттеу;
-Зертханалық жағдайда ауыр металдардың Қант құмайы өсімдігі Боротала сортының дәнінің өсуіне әсерін зерттеу;
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
Қант құмайының боротала сортына ауыр металдардың улы әсері зертханалық жағдайда алғаш рет зерттелді.
Ауыр металдардың улы әсерінің көріністері дәннің өнуі, өсімдіктің өсуі, құрғақ биомасса жинақтауы секілді биопараметрлік көрсеткіштермен көрсетілді.
Алғаш рет ауыр металдардың улы әсері өсімдіктің фотосинтездік пигменттердің түзілуімен тығыз қатынаста болатындығы болжанды. Ауыр металдардың өнуге, өсуге, ХА –ға, Хв –ға және каратиноидтарға улы әсерінің қатары жасалды.
Жұмыстың практикалық маңызы. Ауыр металдармен техногенді ластанған аймақтарды әрі арзан, әрі тиімді жолмен қалпына келтірудің ғылыми негіздемесін жасау. Фиторемедиация технологиясын жүзеге асырудың алғы шарттарын қалыптастыру.
Ғылыми жұмыстың орындалу тәртібі:
Кіріспе
І. Негізгі бөлім.
ІІ. Зерттеу бөлімі.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Әдебиеттер тізімі.
Лаб6
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |