Тақырып: Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу мен жинақтау
Жоспары: 1. Мұғалімдердің озық тәжірибесі, оның түрлері
2. Педагогикалық зерттеудің кезеңдері
3. Озық педагогикалық тәжірибені тарату
Қазіргі заманғы мектепте педагогикалық қызметте асыруға болатын орасан зор педагогикалық тәжірибе жинақталған, бірақ олардың бәрі бірдей қолданыла бермейді, өйткені көптеген мұғалімдер мен басшылықта ол тәжірибені зерттеужәне қолдану қажеттілігі қалыптаспаған, сол сияқты ол тәжірибелерді таңдау мен талдаудың дағдысы мен іскерлігі жетісе бермейді. Мұғалімдер нақты іс-әрекетінде өзінің, сол сияқты әріптесінің де педагогикалық тәжірибесіне талдау жасаудың қажеттілігіне мән бермейді.
Озық педагогикалық тәжірибе тарихилығымен ерекшеленеді, өйткені әрбір жаңа кезеңде мектептің материалдық, әдістемелік, кадрлық және басқа да мүмкіндіктерінің кеңеюімен педагогикалық қызметтің жаңа талаптары пайда болады. Сонымен бірге озық тәжірибе педагогика ғылымы мен тәжірибенің қазынасын үнемі толықтырушы, жаңартушы қызмет те атақарады. Озық педагогикалық тәжірибені жасау және таратуда мұғалімнің позициясы үлкен рөл атқарады, сондықтан нақты тәжірибенің жетекші ережелеріне талдау жасап, оны қолдануға кіріскеде субъективті факторлардың ықпалын ескеру арқылы оның нәтижесімен педагогикалық ұжымға кірігуіне болжам жасау қажет.Педагогикалық тәжіәрибеде объективті және даралық құндылықтар бір-бірімен астасып жатады, бірақ педагогикалық қызметтегі даралық ерекшеліктердің бәрі бірдей көпшіліктің игілігі бола алмайды.Тек жеке тұлғаның жаңа тәжірибе жасауға ықпал жасайтын бірегей және қайталанбас ерекшелітері ғана назарға алынады.Озық педагогикалық тәжірибе бұқаралық негізде қалыптаса отырып, объективті педагогикалық заңдылықтарды игерудің деңгейін де танытады (Ю.К.Бабанский). Озық педагогикалық тәжірибенің бір түрі болып есептелетін жаңашылдық пен зерттеушілік педагогикалық тәжірибе сезімдік тәжірибелерден теориялық талдау және жинақтауға алыап баратын басқыш сияқты. Жаңашылдық пен педагогикалық зерттеудің бірегей үлгісін көрсеткен Ресейдің И.П.Волков, Т.И.Гончаров, И.П.Иванов, Е.Н.Ильин, В.А.Кериновский, С.П.Лысенкова, Р.Г.Хазанкин, М.П.Шетинин, П.М.Эрдинов, Е.А.Ямбург және т.б. ғалымдар мен педагогтардың тәжірибелері мұғалім қауымына көп көмегін тигізеді.
Мұғалім қызметінің инновациялық бағыттылығының екінші құрамды бөлігі – психологиялық-педагогикалық эерттеулердің нәтижесін және педагогикалық қызметтің тәжірибесін ендіру. Педагогика мен психолгия бойынша ғылыми зерттеудің нәтижелері уақытылы хабардар ету мүмкіндігі болмағандықтан мектеп қызметкелеріне белгісіз болып қалып отыр. Педагогикалық зерттеудің нәтижелерін тәжірибеге енгізу үшін қызметкерлер алынған нәтижелермен арнайы танысады, оны іске асыруды, сол арқылы осы негізде ғылыми зерттеу нәтижесін тәжірибеде қолдануға деген қажеттілігі анықталғандығы жайында В.Е.Грурман, В.В.Краевский, П.И.Керташева, М.Н.Скаткин және басқа ғалымдардың арнайы еңбектерінде атап айтылған. Мамандар тарапынан жедел әдістемелік көмек көрсету арқылы бұл ғылыми ұсыныстарды іске асыру әдістері мен тәсілдерін игеруге болады.
Осыған байланысты жаңа педагогикалық идея мен технологияның насихатшысы және таратушысы кім болады деген сұрақ туындайды. Жеке мұғалімнің, мектептің тәжірибесін, ғылыми зерттеу мен таратуды мектеп меңгерушісінің жетекшілігімен жан-жақты дайындалған мұғалімдер тобы жүргізуі тиіс.
Бұндай топты құрудың қажеттілігі бірқатар жағдайларға байланысты.Біріншіден, педагогикалық жаңалықтың немесе түбірлі педагогикалық идеяның, технологияның авторы, оның құндылығы мен перспективалығын аңғара бермейді.
Екішіден, қосымша уақыт және т.б. қажет етеді деп ол өзінің идеясын іске асруға көбіне құлшына кіріпейді.
Үшіншіден, жаңалық автордың баяндауында жүйелі ғылыми және әдістемелік негіздеме таба алуы мүмкін.
Төртіншіден, автор инновациясы және оны іске асыру жолдары туралы баяндалғанда өзінің немесе әріптестерінің жеке тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты мұғалім-әріптестері тарапынан «кері тебу» реакциясына тап болуы мүмкін.
Бесіншіден, аталған топтың функциясы идеяны іске асырумен шектелмейді, сонымен бірге оны талдау түзетумен де айналысады.
Алтыншыдан, бұндай топ педагогикалық мониторинг қызметін атқарады отандық және шетелдік баспасөз материалдары және жоғарғы оқу орнының тәжірибесі бойынша жаңа идеялар, технологиялар жүйелі түрде талдап, іріктеп отырады.
Педагогикалық жаңалықты тәжірибеге енгізу қызметін басқару бұл жұмысқа автордың қатысуын жоққа шығармайды, қайта оның дербес шығармашылық мүмкінідктеріне ынталандырып, қабілетін дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Осылайша мектеп жағдайында педагогикалық инновацияны жасаушылар мен насихаттаушылардың күші біріктіріледі. Нақты тәжірибе инновациялық үдерістердің сипаты алынған нәтиженің мазмұнымен , енгізілуге тиісті жаңалықтың маңыздылығымен , сол сияқты практиктердің инновациялық қызметіне дайыныдғының деңгейімен ерекшеленеді.
Инновациялық бағыттылық белгілі бір жаңа енгізілімнің тиімділігіне баға беретіндей нақты критерийлерді пайдалануды қажет етеді. Педагогика бойынша зерттеу тәжірибелеріне сүйене отырып, педагогикалық жаңалықтың мынадай критерийлер жиынтығын анықтауға болады: бұқаралық тәжірибеде шығармашылықпен қолдану мүмкіндігі.
Инновацияның негізгі критерийі ғылыми педагогикалық тәжірибеге де баға беруде басшылыққа алынатын жаңашылдық деп білеміз. Сондықтан инновациялық үдеріске тартқанда олардың еріктілігін, тұлғалық ерекшелігін, дербестік психологиялық мінездемелері ескерілуі тиіс. Жаңашылдықтың бірнеше деңгейін бөліп көрсетуге болады. Олар: абсолютті, локальды – абсолютті, шартты, субъективті, танымдылық деңгейі және қолдану аймағы.
Критерийлер жүйесіндегі оптималдық нәтижеге қол жеткізуге мұғалім мен оқушының жұмсаған күшінің шығыны мен қолданған тәсіліның тиімділігін айқындайды. Әр түрлі мұғалімдер әр түрлі еңбек жағдайымен бөлек оқушылар ортасында бірдей жоғары нәтижеге қол жеткізеді. Оқу процесіне педагогикалық инновацияны енгізіп, барынша аз дене, ой еңбегін және аз уақыт жұмсап жоғары нәтижеге қол жеткізу оның оптималдығын білдіреді.
Нәтижелік инновацияның критерийі ретінде мұғалім қызметіндегі оң нәтижелердің барынша тұрақтылығын білдіреді, өлшемдегі технологиялық, нәтижені бақылау мен белгілеудегі, түсіну мен баяндаудағы тұтастық бұл критерийді, жаңа әдістің маңыздылығын, оқыту мен тәрбиелеудің тәсілдерін бағалаудың басты құралына айналдырады.
Инновациялық бұқаралық тәжірибеде шығармашылықпен қолдану мүмкіндігі педагогикалық инновацияны бағалаудың критерийі ретінде қарастырылады. Шындығында, құнды педагогика лық идея немесе технология шартты ерекшеліктерімен тар шеңберге тығылып, қолдану мүмкіндігі шектеулі болса, онда біз педагогикалық жаңашылдық туралы айта алмас едік.
Бұқаралық педагогикалық тәжірибеде қолданудың бастапқы кезеңі жекеленген мұғалімдер мен тәрбиешілердің қызмтеіне негізделгенімен олар сыннан өтіп, объективті баға алған соң ғана жалпыға бірдей қолдануға енгізуге ұсынылуы мүмкін.
Жоғарыда аталған критерийлерді білу және педагогикалық инновацияны бағалауда қолдана алу педагогикалық шығармашылыққа негіз қалайды.
Арнайы әдебиеттерді және мектеп қызметінің тәжірибесін талдағанда оқу орнының жұмысында педагогикалық жаңалықты тәжірибеде қолдануға белсенділіктің төмен екендігін аңғарамыз. Ал осындай педагогикалық инновациялардың іске асрылмай қалуының ең кем дегенде екі себебін атауға болады. Бірінші себеп, инновацияның қажетті сараптама мен сыннан өте бермейтіндігі. Екінші себеп, педагогикалық жаңалықты көбіне ешқандай алдын ала ұйымдық, техникалық, ең бастысы тұлғалық, психологиялық қатынастар тұрғысында дайындықсыз енгізіледі.
Педагогикалық инновацияның мазмұны мен критерийлерін тап басып тану, оларды қолданудың әдіс – тәсілін меңгеру жеке мұғаліммен бірге оқу орнының жетекшісіне де оны енгізуді объективті бағалау мен болжамдауға мүмкіндік береді. Мектептерде жоғарының нұсқауымен енгізілген инновациялық жаңалықтар қысқы мерзімде ұмытылыпкетеді немесе бұйрықпен тоқтатылады.
Осы сияқты жағдайлардың негізгі себептерінің бірі – мектептік инновациялық ортаның ұйымдық, әдістемелік,психологиялық сипаттағы оқу үдерісінде инновацияны енгізуді қамтамасыз ететін кешенді шаралардың болмауы. Бұндай инновациялық ортаның болмауы мұғалімдердің әдістемелік тұрғыдан дайындықсыздығын, оларда жаңа енгізілімнің мәні туралы мағлұматтың аздығынан байқалады. Ал қолайлы инновациялық орта педагогикалық ұжымда мұғалімдердің жаңа енгізілімге «қарсылық» коэффицентін төмендетеді, кәсіптік қасаңдықты жоюға көмектеседі. Инновациялық орта мұғалімдердің педагогикалық инновацияға қатынасынан нақты көрініс табады.
Педагогика ғылымының оның қолданбалы саласындағы мәні озық педагогикалық тәжірибені, оны тарату және тиімді енгізу жағдайларын зерттеу болып табылады.
Озық педагогикалық тәжірибе дегеніміз, қоғамдық педагогикалық қызметтің бастауы ретінде, нақты жағдайларды, оқушылар ұжымының және жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескерумен бірге, мұғалімнің жұмыс тәжірибесінде педагогика заңдары мен принциптерін белсенді түрде меңгеруі және іске асыру деген сөз. Озық педагогикалық тәжірибе оқушыларды тәрбиелеу және оқытудың жаңа идеяларын түрлі тұрғыдан қарау және технологиялардың бастауы.
Озық тәжірибені зерделеу және қорыту педагогика ғылымын дамытудың негізгі қайнар көздерінің бірі болып табылады, өйткені, бұл әдіс өзекті ғылыми мәселелерді табуға мүмкіндік береді, педагогикалық үдерістің заңдылықтарын оқып йренуге негіз жасайды. Озат педагогикалық тәжірибенің екі түрі бар:
а) педагогтың ғылыми ұстанымдары біліктілікпен, ұтымды кешенді пайдалануы болып табылатын педагогикалық шеберлігі;
ә) педагогикалық жаңашылдық, яғни жаңа білім беру қызметін көрсетулері, оқытудың жаңа мазмұны, нысандары мен әдістері, тәсілдері мен құралдары, т.с.с өзінің шығармашылық табыстарымен байытылған тәжірибе.
10. Озық тәжірибенің критерийлері:
Жаңашылдық – белгілі бір қалыптасқан әдістемені жоққа шығару емес, оны жетілдіру, толықтыру;
жоғары нәтижелілік;
ғылымның қазіргі жетістіктеріне сәйкестік;
тұрақтылық;
тәжірибені басқа да педагогтар мен оқу орындарының пайдалану мүмкіндігі;
тәжірибенің оңтайлығы;
көкейкестілігі, оның ғылым үшін және педагогикалық тәжірибе үшын құндылығы;
оптималдық;
бұқаралық тәжірибеде шығармашылықты қолдану мүмкіндігі.
Білім беру мекемелеріндегі педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе – оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі, оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық үдеріс.
Көпшілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі – бұл педагогика ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі.
Озық педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада озық педагогикалық тәжірибе – мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Мұғалімнің тәжірибесіндегі жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озық тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.
Педагогикалық озық тәжірибенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәдірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп тарату керек. Ал бұл оңай емес, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс – тәсілдерді тиімді етіп ұштастырып, бірте-бірте жаңашыл болады, бірақ жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап, тарату керек.
Озық педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар. Бірінші белгісі– қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озық мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық үдерісті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.
Озық тәжірибенің екінші беогісі – педагогикалық қызметттің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық «өнім» - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.
Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп, жаулап алынатын сұрақтар :
оқушылардың бағдарламадағы оқыту материалын меңгеруі;
өз беттерімен білім ала білуі:
білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде қолдануы;
оқушылардың жалпы дамуы.
Білім сапасы оқушылардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс-әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс-әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді.
Оқушылардың тәртібі олардың пікірлерінен, мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан байқалады.
Озық тәжірибенің үшінші белгісі – оқу, тәрбие тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қосымша қосымша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірибе озық тәжірибе деп есептелмейді.
Жаңалық – озаи педагогикалық тәжірибенің төртінші белгісі. Педагогикалық озық тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн.
Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің біріне жатады. Педагогикалық тәжірибе - оқыту мен тәрбиенің практикасын жан-жақты зерттеу объектісі, фактілер мен ғылыми мәліметтерді жинақтаудың негізгі көріністерінің бірі. Сондықтан педагогикалық озық тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамыту мен жетілдіру де үлкен орын алады. Осыған орай, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерінде терең зерттеп, өз ісінде пайдаланудың жолдарын қарастырады.
Осындай татымды табыстарды шығармашылықпен қолданудың нәтижесінде, мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір нақты жолдары іске асырыла бастады. Олар: мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтау; Педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; Бір педагогикалық тақырыптар бойынша бірнеше мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеу және жинақтау; Жаңашыл мұғалімдердің озық тәжірибесін тарату және оны оқу тәрбие процесіне енгізу; педагогикалық ғылыми – зерттеу институттарының басшылығымен оқу және тәрбие саласында орын алып отырып тауып, оны шешуге ат салысу.
Оқу мен тәрбие тиімді тәсілдері мен әдістерін іздестіруде мұғалімнің өз тәжірибесін өзң зерттеп, жинақтау ісі –әрі қиын, әрі күрделі мәселелердің бірі. Бұл мәселені ойдағыдай зерттеп, практикада дәлелдеу тікелей мұғалімнің өзіне байланысты. Мұғаліс оқыту мен тәрбие әдістеріне байланысты басты мәселелрді таңдап алады да, олардың тиімділігін сабақтың немесе тәрбие жұмысының барысында бақылайды, терең зерттейді. Зерттеу материалдарына талдау жасап, қорытындысын үнемі дәптеріне жазып отырады. Мұғалім әр сабақтың немесе тәрбие жұмысының өзіне тән ерекшелігін, әр түрлі әдістерді қолданудың тиімді жолдарын, оқыту мен тәрбие процесінде оқушылардың ынтасы мен таным қабілетін дамыту ды шығармашылықпен іздестіреді. Осының нәтижесінде мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен елеулі кемшіліктерді көре бастайды. Сөйтіп, оларды жоюдың тиімді жолдарын қарастырады. Қажетті әдебиеттерге аннотация және библиография жасайды.
Мұғалім өз мектебіндегі немесе көршілес мектептердегі тәжірибелі мұғалімдердің тәрбие жұмыстарымен танысады, сабақтарына қатысады. Олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің қолданып жүрген әдістерімен салыстырады, тиімді қорытынды жасайды.
Зерттеу жұмысына байланысты құжаттарды мұғалім бірте- бірте жинастыра береді. Оларға: сабақ жоспары, бағдарлама тақырыптары бойынша жасалатын тақырыптық персспективалық жоспар, оқушылардың жазба бақылау және кестелік жұмыстыры, дәптерлері, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жұмысының жосапры, түрлі тақырыптарға жазылған оқушылардың баяндамалары жатады. Осы құжаттардың негізінде мұғалім өз жұмысына талдау жасайды, жүйеге келтіріп жинақтайды. Әрине мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтап жазып шығуы оп-оңай жұмыс емес, оған уақыт қажет.
Зерттеу жұмысы аяқталғаннан кейін оны мектеп мұғалімдерінің ғылыми-практикалық конференциясында талқылайды, құнды деп тапса аудандақ «Педагогикалық оқуларға» ұсынады. Сөйтіп, мұғалімнің бұл шығармашлық еңбегі бірте-бірте облыстық, республикалық талқылардан өтіп, көпшіліктің игі ісіне айналады.
Педагогикалық жұмыста зор табыстарға жетіп, өзін-өзі іс жүзінде көрсете білген шебер мұғалімдердің жұмыс жүйесін зерттеп, жинақтау – озық тәжірибені кеңінен таратудың басты формасына жатады. Бұл жұмысты педагогикалық кеңестің шешімі бойынша әдістемелік пен бірлестігі басқарады. Жоспар бойынша зерттеу жұмысы ең алдымен танысу және бақылау критерийлерінен өтеді:
Іс-тәжірибесі зерттелетін мұғалімнің өзімен, сабақ беретін сыныптардағы сынып жетекшілерімен оқушылардың үлгерімі және тәртібі, олардың қоғамдық жұмысы мен қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуы және белсенділігі туралы әңгіме жасалады. Зерттеуші кейбір мәселелерді анықтайды.
Оқу-тәрбие жұмысына байланысты соңғы 2-3 жылдардың ішінде құжаттар зерттеледі. Олар: сабақ жоспары, тақырыптық, күнтүзбелік жоспар, сынып жетекшілерінің тәрбие және көркем шығармашылық жұмыстары, мұғалімнің әдістемелік және педагогикалық тақырыптарға жасаған баяндамалары, журнал беттерінде жарияланған мақалалары және басқа еңбектері.
Адын-ала тәжірибесі зерттелетін мұғалімнің сабақтарына кіріп, тәрбие жұмыстарына қатысып, бақылау жүргізіледі.
Зерттеу жүргізілетін сыныптардағы басқа мұғалімдердің сабақтарына немесе тәрбие жұмыстарына қатысып, олардың іс-нәтижелері тәжірибесі зерттелетін мұғалімнің ісімен салыстырылады.
Басқа сыныптарды немесе басқа мектептерде осы пән бойынша үсақ тақырыптарға өткізілетін тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына кіріп, олардың жұмыс нәтижесі, тәжірибесі зерттелетін мұғалімнің ісімен салыстырылады.
Танысу және бақылау жұмыстарын жүргізіп болғаннан кейін тікелей зерттеу басталады. Зерттеу жұмысы өте құнды болса, ғылыми зерттеу институтының жазба пікірі бойынша «педагогикалық оқуларға», егер көлемді болса балаларда жариялауға ұсынылады.
Соңғы кездерде көптеген педагогикалық аса көңіл аударып жүрген мәселелерінің бірі – оқу мен тәрбие юөлігі, пән аралық байланыс, сабақтың тиімділігін арттырут.б. осы сықылды жалпы педагогикалық тақырыптар бойынша бір-бірімен тектес пән мұғалімдерінің іс-тәжірибелерін зерттеп жинақтауға болады.
Бірнеше мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеудің нәтижесінде мектептегі бір-бірімен тікелей байланысты ғылыми-әдістемелік жұмыстардың жоспарлы түрде мақсатқа бағытталып жүргізілетіндігі сөзсіз.
Соңғы жылдары біздің елімізде жаңашыл мұғалімдердің шығармашылық тәжірибесі, педагогика шеберлерінің және белгілі ғалымдардың еңбектері жарық көре бастады. Көптеген құнды педагогикалық еңбектер жазылады. Олардың авторлары прлфессорлар ш.А.Амонашвили және П.И.Иванов, мұғалімдер В.Ф.Шаталов, И.П.Волков, Е.Н.Ильин, М.П.Щетинин т.б. Осы авторларыдың әрқайсысы оқу тәрбие процесінің тиімділігі мен сапасын арттыруда өздерінің ерекше әдістерін жасады. Ш.А.Амонашивили кіші мектеп жасындағы балалардың жан-жақты дамуына мүмкіндік жасайтын мектеп практикасында алты жастағы балалармен жұмысты ұйымдастыру принципі жағдайын ғылыми дәлелдеді. И.П.Иванов қазіргі жағдайда А.С.Макаренконың идеясын дамыта келіп, ұжымшылдарды қалыптастыру мен тәрюиелеудің, қоғамдық балалр ұйымдарына әлеуметтің өмірді жетілдірудің жолдарын ашты. В.Ф.Шаталов педагогикалық міндеттерді табысты шешу үшін әрбір оқушыны күнделікті ақыл-ой еңбегіне бар күшін салуға қатыстыру, әрбір оқушының абыройын, өз бетімен және шығармашылық іс-әрекеті негізінде оқушылардың даму қабілетін және бейімділігін анықтауға байланысты сыныптан тыс жұмыстың белгілі жүйесін жасады. Бұл кіші мектеп жасындағы балалармен шығармашылық сабақ өткізіп, олардың нышаны және қабілетін анықтауға мүмкіндік туғызады.
Білім беру саласында қажырлы еңбек етіп, үлес қосқан республиуамыздағы жаңашыл мұғалімдерді де атап кеткен жөн. Олар: Құрмаш Нұрғалиұлы Нұрғалиев, Нұртазина рафика Курбатов, Қанапина Бітібаева т.б. Бұл мұғалімдердің идеялары және педагогикалық тәжірибелері қысқа түрде Б.Р.Аймамбетованың еңбегінде жазылған.
Жаңашыл мұғалімдеодің тәжірибесі орта, жоғары мектептердің мұғалімдері мен оқушыларының игілігіне айналады. Сондықтан олардың тәжірибесін зерттеуде зор көңіл аударушылық байқалып келеді. Өйткені, әрбір жаңа педагогикалық құбылыс талқылауды, зерттеуді және талдауды қажет етеді. Озық тәжірибені зерттеу және оны тұтас педагогикалық процеске енгізу қажырлы еңбекті, терең сауаттылықты, өз пәніне еркін иелік етуді , теория мен практиканың дамуында үнемі жаңалықты біліп отыруды талап етеді.
Осындай дербес және ұжымдық ізденуге мектеп және мұғалімдердің білім жетілдіру институты қызметкерлерінің тікелей қатысуы, олардың шығармашылық белсенділігін арттыруға үнемі ғылыми-педагогикалық әдебиеттермен педагогикалық-психологиялық ғылымның жетістіктерімен танысып отыруға мүмкіншілік жасайды.
Мұғалім озық педагогикалық идеяларды және жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесін игеру үшін оларды өзінің педагогикалық жүйесінің құрамдас бөлігі етеді, жетілдіріп дамытады. Оларға өзінің шығармашылық ойының элементін енгізеді. Озық идеяларды және педагогикалық тәжірибені енгізу мен таратудың түсінікті формалары – ауызша және баспасөз арқылы насихатталады.