Дістемелік материалдар


Тақырып: Курстық жұмысы және оның әдістемесі



бет29/49
Дата07.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#97718
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   49
Байланысты:
885fee11-c0ee-11e5-bf37-f6d299da70eeУММ ГЗУ 2

Тақырып: Курстық жұмысы және оның әдістемесі


Жоспар:
1. Курстық жұмыстың мақсат міндеттері
2. Курстық жұмыстың құрылымы және орындалу әдістемесі
3. Курстық жұмыстың безендірү жолдары

Қазіргі танда болашақ педагогты жан-жақты кәсіби шеберлікпен дайындау меселесібүгінгі күн тәртібіндегі көкей тесті мәселелердің бipi.Педагогтың кәсіби шеберлігінің бipсаласы оның шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуында, кунделікті педагогикалық жағдайларды талдап шеше білу және өскелен ұрпақтың оқу мен тәрбие құралдарын, жолдарын анықтап білуінде.


Бұл іскерлікті жүзеге асыру ушін студенттер институт, университет қабырғаларында жүргенде курстық жумыстар, соңғы курстарда дипломдық жұмыстар орындайды.
Курстық жұмыстың мақсаты - студенттердің логикалық ойлау шығармашылыққабілеттерінің оқу-тәрбие процесіндегі дағдысын, ғылыми-зерттеушілік шеберлігінің деңгейін, теорияны практикамен ұштастыра білу мүмкіншілігін практикада қолданып қалыптастыру.
Курстық жумыстың міндеттері:
- студенттің немесе мұғалімнің педагогикалықғылыми жаңалықтарды меңгеруін;
- олардыңғылымилық, жүйелілік, теорияның практика тәжірибесімен байланыстылығы, тарихилық, диалектикалық жүйемен жүргізу керек;
- қарама-қайшылық, сан мен сапаның бірлігі сияқты категорияларды меңгеруін;
- студентердің зерттеудің ғылыми әдістемесі мен тәсілдерін, оқытудың жаңа технологиясын, дамыта оқыту идеясын басшылыққа алуын қамтамасыз ету.
Ғылыми жұмыстар, оның ішінде курстық және дипломдық жұмыстарды орындау туралы көптеген әдебиеттерде берілген үлгілерге,талаптарға және оның ерекшеліктерін зерттей келе, М.Новиков, Н.Г.Кушков, И.В.Мохов, В.И.Смирнов, Н.Е.Соколова, Н.А.Сорокин, В.И.Журавлев, И.Д.Андреев, В.Краевский, В.В.Налимов, Г.И.Голикова, З.А.Исаева, А.Ерназаров, М.Жайлауова, А.Жалгасбаевалар студенттердің орындайтын курстық және дипломдық жұмыстарына талдау жасай отырып, зерттеу сипатының негізіне қарай төрт топқа жіктеген:
- теориялық-логикалық сипаттағы курстық және дипломдық жұмыс;
- озық тәжірибелерді оқып-үйрену негізіне орындалатын курстық, және дипломдық жұмыс;
-эксперименттік сипаттағы курстық жұмыс;
- тарихи логикалық сипаттағы курстық жұмыс.
Енді осы жоғарыда аталған курстық жумыстың түрлеріне жеке-жеке тоқталып өтейік:
Теориялық-логикалық сипаттағы курстық жұмыстар.Берілген әдістерді терең оқу арқылы бip ғылыми мәселенің ашылу жағдайын қарастырады. Студенттер мұндай жұмыстарды орындай отырып, библиографиялық ізденіс жасай білуі керек. Әдеттегіберілген материалдарға таңдау жасайды. Зерттелетін мәселе бойынша ұсыныстар жасап, жаңа идея ұсына алады немесе бұрынғы идеяга түзеу енгізеді,қорытынды жасайды.
Тарихи логикалық сипаттағы орындалатын курстық жұмыстар..Белгілі бip кезеңдегі өскелең ұрпақтың тәрбие жұмысын қалыптастыру заңдылықтарын, нәтижелерін, мақсатын зерттеу. Мұндай типтегі курстық, және дипломдық жумыстарды негізінен тарих, философия факультеттерінің студенттері белгілі бip тарихи құбылыстың мән-жайын, тарихи окиғаның шығу себептері, педагогика тарихы, баспасөз тарихы туралы мәселелерді зертгеу барысында орындайды. Бұл жағдайда тарихи ғылымдарда пайдаланатын зерттеу әдістері қолданылады. Олар: тарихи материалдарды тарихи теориялық тұрғыдан талдау,жүйелік талдау,құрылымдық талдау, статистикалық талдаудан турады .
Курстық жұмыс құрылымы: Өңірбет, жоспары, кipicпe, негiзгі бөлім, тақырыпқа байланысты әдебиеттерге шолу, қорытынды, әдебиеттер тізімі.
Қолдынылған әдебиеттер тізімі:
1 Қаңтарбай С.Е., Жүсіпова Ж.А. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір» 2011. – 272 б.
2 Брызгалова С.И. Введение в научно-педагогическое исследование. - Изд. Калининградского государственного университета, 2010.
3 Образцов П.И. Методы и методология психолого-педагогического исследования. - СПб.: Питер, 2011.
4 Волков Б.С., Волкова Н.В., Губанов А.В. Методология и методы психологического исследования: Учебное пособие для вузов. – М.: Академический Проект; Фонд «Мир», 2012.
5 Борытко Н.М., Моложавенко А.В., Соловцова И.А. Методология и методы психолого-педагогических исследований. – М., «Академия», 2010.
6 Организация психолого-педагогических научных исследований: учеб. пособие /Г.М. Кертаева, О.Б. Боталова. – Алматы, 2010.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет