Дістемелік материалдар


Тақырып: Дипломдық жұмысты орындау әдістемесі



бет30/49
Дата07.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#97718
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   49
Байланысты:
885fee11-c0ee-11e5-bf37-f6d299da70eeУММ ГЗУ 2

Тақырып: Дипломдық жұмысты орындау әдістемесі.


Жоспар:
1. Диплом жұмысының мақсат міндеттері
2. Диплом ұумысының орындалу әдістемесі
3. Диплом жұмысын безендіру жолдары

Зерттеу жұмыстары, оның ішінде курсгық және дипломдық жұмыстарды орындауды ұйымдастыру, эксперимент жүргізу, студенттсрді дайындау, эксперимент жоспарын құра білу, балалармен зертгеу жүргізудің әдіс-тәсілдерін меңгеру,эксперимент қорытындысын өңдеу сияқты зерттеу жұмыстарының өзіндік критерийлік мәселелерін көптеген ғалымдар өз еңбектерінде зерттеді (И.Д.Андресв, Ю.К.Бабанский,И.Журавлев, II.А. Сорокин, Н Е.Соколова, В.И.Смирнов, А.Д.Оришин, В.И.Загвязинский, В.В.Краевский, М.Н.СкаткиИ, Я.С.Турбовской, В.В.Ншшмов, Н.И.Болдырев, 3.А.Исаева,Н .Лактионова, Н.Д. Хмель, В.А.Сласгенин, Г.М.Храмова,С.Т.Каргин, Л.И.Маркина, В.К.Омарова, Д.М.Джусубалиева, жэне т.б.)


Аталған ғалымдардың еңбектеріне суйене отырып эксперименттік жумыстар, оның жургізілу шарты, мақсат-міндеттерін анықтау мәселелеріне тоқтала келе,. курстық және дипломдық жұмыстарды орындау процесінің бірнеше мәселелерді шешумен байланысты екенін анықтадық.
Дипломдық жұмыстарды орындау бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Әр кезеңнен атгап өтуге болмайды. Әр кезеңнің мазмұны жұмыстынң жоспарын белгілейді.
Дипломдық жұмысты орындау реті бірізділікті қажет етеді: Зертгеу тақырыбын таңдау, оның өзектілігін негіздеу, зерттеудің мақсаты мен міндеттернін анықтау, зерттеу нысанасын белгілеу, нысана туралы білімдерді игеру, мәселені көтеру, зерттеу пәнін анықтау,болжам жасау, зерттеу жоспарын құру, зерттеу әдістерін анықтау, белгіленген жоспарды жузеге асыру, болжамды тексеру, зерттелінер нысананы тyciну шнін мэселенің маңыздылығын анықтау, табылған шешімнің практикада қолданылуының мүмкіндіктерін анықтау.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау. Зерттеу жумысынының негізгі тақырыбына қарай оның мақсаты анықталады. Мақсат тақырыптың мазмұнын ашып көрсететіндей болу керек, ал міндеттер сол максатқа жету жолындағы бірнеше кезеңдерден өту жолын көрсетеді. Міндеттер әдетте 3-4 немесе 5- 6 пункттен турады
Зерттеу объектісі - педагогикалық құбылыс шеңберіндегі зерттелетін мәселе. Бұл жерде негізгі сұрақ "кім?" және "не?" зерттелінетіні туралы болуы керек. Зерттеу нысанасының қызметі зерттелінетін құбылыс шеңберінде болады.
Құбылыстың немесе әрекеттің неге бағытталатынын анықтау yшін эксперимент мәнін анықтау керек. Эксперимент аспектісі негізінде жаңа теория, жаңа білім алынады. Зерттеу пәні зерттелінер құбылысты немесе әрекетті білдіреді. Зерттеу пәні, оны анықтау мәселелері эксперимент жүргізу, мәселенә анықтаумен тікелей байланысты, Жоғарыда аталып келтірген ғалымдардың зерттеулеріне сүйене келе зерттеу пәнін анықтауда зерттеушіге, яғни студентке немесе мұғалімге жауапты іс жүктеледі.
Мәселені көтеру. Курстық және дипломдық жұмыстарды орындау барысьнда бір немесе бірнеше мәселе болуы мүмкін.
Heгізгi мәселені көтepiп, жан-жақты ашып беру зерттеу жумысының құндылығы болып табылады.
Болжам жасау. Зерттеу пәнін алдын-ала белгілеп, "мынадай жұмыстарды жүргізгенде, осындай нәтижеге қол жеткізуге болады", - деп, алдын-ала болжам жасап айту.
Педагогикалық әдебиеттерде гипотезаға әр турлі анықтамалар берілген: Гипотеза - (грек, hypoieзiк - негіздеу, болжау) деген мағына береді. Ғылым дамуының формасы, құбылыстың ce6e6iн заңдылыққа сәйкес сипаттау. Болжам (версия) - болған icтін ақиқатын анықтау ушін жазылған 6ip немесе 6ip-6ipiнен айырмашылығы бар бірнеше мағлұмат. Яғни болжам жасау дегенімізден шығатын қорытынды 6ip айқындалмаған icті немесе құбылысты, жалпы мэселені шешу ушін фактілерге сүйене отырып, алдын-ала жорамал жасау.
Зерттеу жоспарын кұру барысында мақсат-міндеттер негізінде тақырыпқа байланысты педагогикалық эксперимент ұйымдастырылып, экспериментті жүзеге асыру жоспары құрылады.
Зерттеу әдістерін анықтау. Зерттеу әдістемесі тақырыпқа байланысты бірнеше әдістерден тұрады. Жұмыс барысында зерттеу әдістерін дұрыс таңдап және оны ғылыми тұрғыда ұйымдастыру керек. Зерттеу әдістерінің нәтижелерін өңдеуден етктзу, талдау жасау, жұмысгы қорытындылау кажет.
Белгіленген жоспарды жүзеге асыру. Зерттеу тақырыбының, міндеттерінің негізінде зерттеу нысанасына алдын ала жоспарланған ғылыми болжамда көрсетілген пункттерді практика нәтижесіндеде көру.
Болжамды тексеру. Жоспар бойынша эксперимент жұмысының нәтижесінен кейін бакылау эксперименті негізінде алдын-ала жасалынатын ғылыми болжамның дәлдігі, айқьндығы анықталады. Болжамның дұрыстығын зерттеу жұмысында мақсатқа жету деп түсіндіріледі.
Табылған шешімнің практикада қолданылуының мүмкiндiктерiн анықтау. Зерттеу нәтижесі бойынша белгілі 6ip шешімге келу және сол шешімніңм дұрыстығына, ақиқаттылығына, дәлелдігіне көз жеткізе отырып, нәтиженің практикалык маңыздылығын анықтау. Оны басқа да зертгеушілер өз іс тәжірибесінде қолдануына жағдай жасау, әдістеме ұсыну.
Дипломдық жұмыстарға қойылатын талаптар:
Студенттердің орындайтын курстық және дипломдық жұмыстары - ғылыми жұмыстар болып табылады. Сондықтан ғылыми жұмыстардың peтi, оларды орындауға қойылатын арнайы талаптары анықталған. Ғылыми жумыстың ғылыми негізде болуы үшін тақырып таңдағанда да, әдебиеттермен жұмыс жүргізгенде де, оның жоспарьш құру кезінде де, жалпы жұмысты жазу барысында оның көлемінің белгілі бip ретте болуы, барлық зерттеу жұмыстарының ғылыми дәрежеде безендірілуі эксперимент қорытындысы мен нәтижелерінің анализдік-синтездік талдауларының зертгеу құндылығын арттыратындай дәрежеде болуы, ғылыми-зертгеу жұмыстарына қойылатын шарт болып табылады (К.Д.Ушинский, В.А.Сухомлинский, Ю.К.Бабанский, Б.Т.Лихачев, З.А.Исаева, Ф.А.Кузин, С.Л.Машников, С.И.Архангельский, В.М.Михеев, А.И.Пискунов және т.б.)
Сонымен, курстық және дипломдық жұмыстарға қойылатын негізгі талаптар: Курстық жумыстың негізгі колемі 25 бет, ал дипломдық жұмыс 50 беттен кем болмауға тиіс. Бет саны компьютер басылымымен есептелінеді. Негізгі мәтінге жоспары, әдебиеттер тізімі, қосымшалар кірмейді. Дипломдық жұмыстарда пайдаланылған әдебиеттер саны 25-тен кем болмауға тиіс. Әдебиеттерге ғылыми еңбектер жинағы, монография, конференция материалдары, газеттер мен журналдағы басылымдар. кандидаттық және докторлық диссертациялар жэне олардың авторефераттары жатады. Курстық және дипломдық жұмыс графикке байланысты кезең бойынша орындалады. Студент жумыстын орындалу барысы туралы әр кезең бойынша жетекшіге есеп беріп, одан кеңес алып отырады. Дайын жұмыс реценцияға толық безендіріліп, компьютерге басылған, түптелген кафедраның графигіне сай беріледі. Қорғауға дейінгі 7 (жеті) күннен кешіктірмеу керек. Жұмыстың жобасы дайын болғанда алдын-ала корғаудан өтеді. Қорғау комиссия мүшелерінің қатысуымен өтеді. Курстық немесе дипломдық жұмысты қорғау кезінде ғылыми жетекшісінің берген пікірі мен тәжірибе жүргізген балабақшадағы тәрбиешінің пікірі ескеріле отырып, комиссия мушелерінің шешімімен бағаланады.


Қолдынылған әдебиеттер тізімі:
1 Қаңтарбай С.Е., Жүсіпова Ж.А. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір» 2011. – 272 б.
2 Брызгалова С.И. Введение в научно-педагогическое исследование. - Изд. Калининградского государственного университета, 2010.
3 Образцов П.И. Методы и методология психолого-педагогического исследования. - СПб.: Питер, 2011.
4 Волков Б.С., Волкова Н.В., Губанов А.В. Методология и методы психологического исследования: Учебное пособие для вузов. – М.: Академический Проект; Фонд «Мир», 2012.
5 Борытко Н.М., Моложавенко А.В., Соловцова И.А. Методология и методы психолого-педагогических исследований. – М., «Академия», 2010.
6 Организация психолого-педагогических научных исследований: учеб. пособие /Г.М. Кертаева, О.Б. Боталова. – Алматы, 2010.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет