Ауызша насихат – бұл мектептердің педагогикалық кеңестерінде, аудандақ әдістемелік кабинеттерде, мұғалімдердің білімін жетілдіру институттарында өткізілетін арнайы маслихаттарды, семинарларды озық тәжірибе туралы лекциялар мен баяндамалар жасалынып, оларды озық мұғалімдердің жұмыстарының мәні мен негізгі идеяларының мазмұны анықталады. Қатысушылар өзара пікір алмасып, оқу-тәрбие процесін жетілдірудің кейбір өзара бағыттарын белгілейді.
Баспасөз насихаты –бұл педагогикалық теория мен практиканың саласында әр түрлі формаларда жүргізіледі. Оларға психологиялық-педагогикалық еңбектер, ғылыми-әдістемелік ұсынбалар, жинақтар т.б жатады. Педагогикалық озық тәжірибені таратуда, оны тұтас педагогикалық процеске енгізуде, әсіресе, « педагогикалық оқулардың» маңызы өте зор. «Педагогикалық оқуларды» өткізу нәтижесінде ұжымдық түрде талқыланған және мақұлданған жақсы тәжірибе оқу мен тәрбие процесіне енгізу үшін жинақаталады және таратылады.
Практикаға жаңа бір нәрсені енгізу үшін оқу-тәрбие жұмысының озық әдістерін біліп қоймай, оларды практикада тыңығылықты игеру қажет.
Педагогикалық озық тәжірибені практикаға негіздеудің кейбір жолдары:
1. Оқыту және тәрбие саласындағы жаңа педагогикалық әдістер, жақсы тәрбиелер жетістіктерін насихаттаудан бастау. Оларды мұғалімдердің кең талқысына салып, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар түрінде нақты шешім қабылдау.
2. Педагогикалық озық тәжірибені терең зерттеу және оны оқу-тәрбие процесіне енгізу үшін, оны педагогикалық еңбектің шеберлеріне тапсыру керек. Олар әдістемелік пән бірлестігі жетекшілерімен бірігіп зерттеу жоспарын жасайды, ол педагогикалық кеңесте беітіледі.
3. мектеп дирекциясы әдістемелік кеңеспен бірлесіп зерттеу жұмысына басшылық етеді, талдау жасайды. Әдістемелік ұсынбаларды жинақтайды , оны педагогикалық кеңесте мұғалімдерге хабарлап отырады.
4. Әрбір мұғалімнің зерттеу жұмысы жүргізіліп жатқан сыныптардың оқу-тәрбие жұмысына белменділікпен қатысуына болады.
5. Озық тәжірибе педагогикалық практикада өз орнын берік алғаннан кейін, оқу-тәрбие үдерісіне жаңа тәсілдер мен әдістерді енгізу қорытындысын жасау, оны мектеп мұғалімдерінің, сонан соң кең түрде педагогикалық жұртшылықтың талқылауынан өткізу қажет.
Көптеген өмірлік маңызы бар күрделі мәселелерлі терең зерттеп, жинақтау жеке адамның немесе кейбір мектеп ұжымдарының қолынан келе бермейді. Сондықтан зерттеу жұмысының тақырыбын және тақырып бойынша экспериментті жүргізудің ғылыми-әдістемелік нұсқауларын жасап, мектептерге жіберіп және оларға үнемі басшылық етіп отыратын педагогикалық ғылыми-зерттеу мекемелері болуы тиіс.
Ғылыми-зерттеу институттары мектептерде оқу бағдарламаның, оқулықтардың тиімділігі, оқыту мен тәрьиенің формалары мен әдістері және гипотезаларды, тың теориялық о жылдардыан кейін ескіреді. Ал мұндайларды эксперимент жүргізу жолымен анықтайды, тиісті қорытынды жасап, педагогикалық жұртшылықтың игі ісіне айналдырады.
Сонымен, іздену арқылы басты мәселелерді жете біліп, зерттеу, жинақтау, оны насихаттау, іске асыру оқу және тәрбие жұмысының онан әрі жақсарта берудің сарқылмас көзң. Бұл жұмысқа мұғалім жұртшылығы белсенділікпен қатысып, зор үлес қосуға тиіс.
Мұғалім еңбегі басқа қызметкерлермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді. Өйткені жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек пен әлеуметтік іс-әрекетіне дайындау – мұғалімдерді көп ізгілендіріп, ойландыратын жұмыстардың ең басты түрі. Олай болса, әрбір мұғалім орта немесе жоғары дәрежелі педагогтық білім алумен қанағаттанып қоймай, ол тәрбие мен оқытудың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп, өз жұмысында пайдаланып отыруы тиіс. Сонда ғана мұғалім жаңашыл, оқушыларға тәрбие және білім берудің теориясы мен тәжірибесін дамытудың қозғаушы күші және асқан шебері бола алады.
Мұғалім еңбегінің ғылымңа негізделе отырып, белгілі жүйелікпен жүзеге асырылатыны айқын. Мысалы оңайдан қиынға, жеңілден ауырға , нақтылы түсініктен абстрактылы ұғымға біртінде ауысу ережелерін және оқушылардың жасы мен дербес ерекшеліктерін еске алмайынша оқу және тәрбие жұмысында белгілі нәтижеге жету қиын. Сондықтан мұғалімнің алдындағы басты міндет оқушыларды біліммен қаруландыра отырып: ойлауға, сөз шеберлігіне, еңбек ете білуге үйрету және тәрбиелеу.
Ұстаз бүгінге ғана емес, ертеңге, болашаққа қызмет етеді. Ол заман дамуынан артта қалмастан, өзін-өзі жан-жақты дамыту үшін саяси-идеялық дірежесін , ғылыми-теориялық білімін жіне педагогтық мамандығын күнбе-күн жетілдіріп отыруға талаптанады.
Мұғалім өз мамандығына байланысты ғылыми-теориялық мәселелерді, жоғары оқу орындарына қойылатын талаптарғасәйкес сеңгеруі тиіс. Егер ол өзінің теориялық білімін өмір талабына сай жетілдіріп отырмаса, онда жастарды жан-жақты дамытып, тәрбиелеуге шамысы келмейді. Социологтардың зерттеу мәліметі бойынша институт бітірген инжинерлердің білімі 6-8 жылдардан кейін ескереді. Ал мұндай жағдайды болдырмау үшін мұғалім үнемі ізденіп жұмыс істейді. Сондықтан оның шығармашылық іс-әректтерірі, мысалы,арнаулы әдебиеттер мен пәндік журналдарда жарияланатын тың мәселелрмен таныс болуы, ғылыми семинарлар мен конференцияларға белсене қатысып үлес қосуы ой-өрісін кеңейтеді.
Педагогикалық ғылым жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибені заман талабына сай меңгеру оқушыларға білім мен тәрбие берудің негізгі көзі.
Педагогикалық үдерісте озық тәжірибе кеңінен қолданудың маңызы зор. Өйткені терең білім мен тәрбие беру, педагогикалық озық тәжірибені зерттеу, жинақтау және таратудың нәтижесі, мұғалімдердің шығармашылық ісінің жемісі.
Психология ғылымдарының докторы, проыессор Ш.А.Амонашвили 20 жылдан астам алты жастағы балалрды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөнінде зерттеу жұмысын жүргізіп, бастауыш сыныптар мұғалімдері үшін
«Как живете, дети?», «Здравтвуйте, дети!» атты құралдарын жазды.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор И.П.Иванов ресейдің біраз мектептерінде коммундар әдісін қолданудың тиімді жолдарын іздестіруде.
Жаңашыл мұғалім В.Ф.Шаталов оқыту үдерісіне біраз жаңашыл шығармашылықпен жұмыс істеп жүрген ұстаздар да көптеп саналады. Олардың қатарында Алматылық жаңашыл мұғалім А.Ысқақовты, Ақтөбелік М.Г.Құрманғалиеваны, Өскемендік Қ.Бітібаеваны т.б көптеп атауға болады.
Осынай шығармашылықпен еңбек етіп, оқыту мен тәрбие мәселелеріне елеулі үлес қосып жүрген жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесі мектептер үшін зор сүйеніш.
Кейбір педагог-ғалымдардың зерттеу мәліметтері бойынша шығармашылық тұрғыдан педагогикалық міндеттердің үш түрін атауға болады.
Стратегиялық (стратегия – қандай болса да мақсатқа жетудің басшалақ өнері) міндеттер қзақ уақытты талап етеді. Мысалы, мұндай міндеттерге жеке адамның дамуы, тәрбиесі, қалыптасуы, оқушыларды өмірге еңбекке және олардың өзара қарым-қатынасы және т.б. жатады.
Тактикалық (тактика – қандай болса да мақсатқа жетудің жолдары немесе әдістері) міндеттер жүйесі арқылы стратегиялық міндеттер анықталады. Мысалы, тәрбиелеу және оқушыларды еңбекке баулу мәселелері жөнінде мұғалім мынадай тактикалық міндеттерді іске асыруы керек. Олар: оқушылардың өмірге, түрлі іс-әрекеттеріне көзқарасын, белсенділігін, ынтасын өзіндік басқаруының рөлін көтеру және т.б.
Оперативтік міндеттер – бұл іс-әрекеттерін тікелей орындау, яғни тактикалық міндеттерден оперативтік міндеттерге көшіп, мәселелерді балалардың қатысуымен дереу шешу.
Әрине, бұл міндеттерді оқу-тәрбие үдерісінде шешу мұғалімдердің іскерлігіне, тәжірибелелеген енгізу және озат тәжірибені арттыруе, терең және берік біліміне тәуелді.